Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шахтинск қаласы №5 гимназиясы жоба «Қазақ тіліндегі әйел қОЛӨнеріне байланысты халықТЫҚ лексиканың этнолингвистикалық сипаты»


Жасалу материалына байланысты қалыптасқан атаулар



бет16/25
Дата06.02.2022
өлшемі140 Kb.
#81607
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25
Байланысты:
Жоба для выступления 2

2.2. Жасалу материалына байланысты қалыптасқан атаулар. Материалына байланысты қалыптасқан атаулар заттардың өсімдіктерден, теріден, жүннен, аң-құстардың дене мүшелерінен, матадан жасалуына сәйкес пайда болған аталымдар болып келеді.
Жез жіп – кесте тігуде пайдаланатын, құрамында жезі бар, түрлі түсті жіңішке жіп. Жез ши – ерте кезде ауқатты адамдардың жез оратып, әшекейлі етіп тоқытқан шиі.
Уәжі тері және оның өңделген түрлері мен бөлшектері болған атаулар тілімізде мол сақталған. Мал мен аң терілерінен тігілуі негізінде көптеген киім атаулары пайда болған. Мысалы: сеңсең ішік, бөрі ішік, бұлғын ішік, пұшпақ тұмақ (пұшпақ – аңның, малдың сирақ терісі), барыс ішік (барыстың терісінен тігілген ішік), бота ішік (ботаның терісінен тігілген).
Бірсыпыра заттар киізден жасалуына қарай аталады: киіз көпшік – киіз жастықша, киіз кілем – киізден жасалған кілем, киіз қап – киізден жасалған қап, киіз байпақ – байтаба, қолдан жасалған пима, киіз етік, киіз кебіс, киіз ұйық, киіз есік, т.б.
Материалдар – әлеуметтік жағдайы білдірудің заттық көрсеткіші. Мысалы, тонның қамқа тон деп аталатын түрін бұрын хан мен сұлтан, би, бай, ханша сияқты белгілі, текті адамдар киген. Деректер бойынша Абылай ханның ұрпақтары XIX ғ. басында аққу терісінен қамқа тон тіккізген. Уәли хан өлгенде оның қамқа тонын Айғаным ханша ханның сыйлас замандасы Байдалы биге кигізген екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет