2. «Әйел қолөнеріне байланысты атаулардың ономасиологиялық негіздері» деп аталатын екінші тарауда тіл біліміндегі заттар мен құбылыстарға ат қою мәселелері, әйел қолөнері материалдары негізінде анықталған уәжділік түрлері баяндалады.
Ономасиология мәселелері қолөнердегі жекелеген салаларын қазақ тіл білімінде лингвистикалық тұрғыдан қарастырған зертеушілер – Р.Н.Шойбеков, М.Ш.Өмірбекова, Ә.Б.Алмауытова, т.б. еңбектерінде тиісінше сөз болады. 'Ономасиология''' грек тілінен «опута, опота- атау» + «logia» «ілім»), номинация теориясы, номинативті, атаулы функциясын жүзеге асыру тұрғысынан тілдің барлық бірліктерін зерттейтін ғылым;
Семантиканың бір тарауы ретінде тілдің лексикалық кұралдары арқылы заттарды белгілеудің принциптері мен заңдылықтарын зерттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |