2.3. Жасалу технологиясына байланысты қалыптасқан атаулар. Біз тараушада қарастырылатын мәселе – технологиялық атаулардың өзі емес, атаулардың жасалу технологиясына байланысты уәжділігі.
Жасалу технологиясына байланысты қалыптасқан кілем, киіз, төсек-орын жабдықтарына, тігіс түрлеріне, ыдыс-аяққа, т.б. байланысты атаулар аз емес, Мысалы: таз кілем (тықыр кілем), түкті кілем, терме кілем, бөртпе кілем, тақыр кілем (түксіз кілем), оюлы текемет, алма құрақ (тырнақ қатар құрақтың қатарларын қолмен орналастырып, үстінен бастырып тіккен түрі), бүрме көнек (бие көнектің бір түрі), гүл құрақ (құрақтың көздігі мен жиегіне түрлі түсті барқыт орнатқан түрі; бірақ ол гүлге ұқсамайды, түрлі түстілігіне қарай «гүл құрақ» аталған), дүзтеру ши (қошқармүйіз өрнегімен жүн орап тоқылған ши), т.б.
Қысқасы, жасалу технологиясына байланысты атаулар заттың қандай материалдан қандай тәсілмен жасалғанын, оның сапалық белгісін білдіре отырып, эстетикалық, әлеуметтік ерекшеліктерді көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |