ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВРСИТЕТІ
|
3 дәрежелі СМЖ құжат
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-16. 1.30/01-2012
|
«Сәулет және Құрылыс конструкциясы» пәнінің оқу- әдістемелік материалдары
|
№1 баспа
10.01.2013ж |
оқу- әдістемелік материалдары
5В072900 “Құрылыс”,
мамандығының
студенттеріне арналған
“САУЛЕТ және ҚҰРЫЛЫС КОНСТРУКЦИЯСЫ ”
ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Семей 2013
Мазмұны
|
|
|
1
|
Дәрістер
|
|
2
|
Зертханалық жұмыстар
|
|
3
|
Студенттің өздік жұмысы
|
|
Дәрістер.
Дәріс №1. Дәрістің атауы. Кіріспе. Ғимараттар мен имараттар туралы жалпы мәліметтер
{Дәрісте қозғайтын сұрақтар}
Ғимараттар және олардың элементтері, конструктивті желілер мен топтастыру жолдары
2. Ғимараттардың конструктивті желілері
3. Ғимараттарға қойылатын талаптар. Ғимараттардың таптастырылуы.
Ғимараттар және олардың элементтері, конструктивті желілер мен топтастыру жолдары
Барлық салынған құрылыстар, имарат деген жалпы атқа ие.
Имараттардың түрлері мен міндетіне қарай көптеген құрулардың ішінен жалпы мінездемеге ие, ғимараттар деп аталатын құрылыстың кең тобын ерекшелеуге болады.
Ғимараттар деп жерде орналасқан құрылыстарды атайды, оларда адам тіршілігінің түріне байланысты қажетті бөлмелер орналасады. Мысал ретінде тұрғын үйлерді, мектептерді, театрларды, гараждарды, фабрика-зауыт корпустарын және тағы басқаларды келтіруге болады.
Сонымен бірге ғимарат деп кейбір имараттарды атауға болмайды (мысалы: көпірлер, бөгеттер немесе радиодіңгектер), оларда негізгі міндеттерді анықтайтын не бөлмелер, не бөлек бөлімдер болмайды. Мұндай имараттарды инженерлік деп атайды.
Ғимараттың ішкі кеңістігі бөлмелерге бөлінеді. Егер бөлмелердің едендері бір (немесе шамамен бір) деңгейде орналасса, олар қабат құрастырады .
Ғимараттарды қабаттылығына қарай: бір қабаттылар және көп қабаттыларға бөледі.
Қабат еденінің тротуарға немесе отмосткаға (ғимаратты айнала тас төселген немесе асфальтталған жолаққа) қатынасы бойынша орналасуына байланысты, жер бетіндегі қабат деп атайды. Оның едені отмостка немесе тротуар деңгейінде орналасады; цокольдік (немесе жартылай үй асты), оның едені отмостка немесе тротуар деңгейінен төмен, бірақ бөлменің жарты қабатынан артпай төмендетіледі; үй астылық, оның едені отмостка немесе тротуар деңгейіне қарағанда бөлменің жарты биіктігінен артығырақ төмен орналасады; ал егер бөлме шатыр кеңістігінде орналасқан болса, ол мансардалық деп аталады.
Ғимараттар міндеттеріне байланысты әртүрлі болып бөлінеді. Бірақ олардың бәрін: азаматтық, өндірістік және ауылшаруашылық деген үлкен үш топқа бөлуге болады.
Азаматтық ғимараттарға, адамдардың тұрмыстық және қоғамдық-мәдениет қажеттіліктеріне қызмет көрсету үшін арналған ғимараттарды жатқызады, мыса-лы: тұрғын үйлер, мектептер, ауруханалар, театрлар, вокзалдар, дүкендер, мекеме-лер және тағы басқалар.
Өнеркәсіп ғимараттарына, көлік пен өнеркәсіп өндірісіне қызмет көрсететін ғимараттарды жатқызады, мысалы: фабрикалардың, зауыттардың, шеберханалардың, электр станцияларының, паровоз деполарының және тағы басқалардың корпустары кіреді.
Ауылшаруашылық ғимараттарға, ауыл шаруашылық мұқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған ғимараттарды жатқызады, мысалы: сиыр қоралар, шошқа қоралар, теплицалар (өсімдіктер өсіретін жылы жайлар), ауылшаруашылық өнім-дерінің қоймалары және басқалар.
Ескеретін жағдай: бұндай бөлу белгілі мөлшерде шартты, себебі негіздері бірдей ғимараттардың кейбір түрлерін әртүрлі топтарға жатқызуға болады.
Әр түрлі міндет атқаратын ғимараттардың сыртқы және ішкі пішіндерінің арасында бар өзгешіліктерде, үлкен айырмашылықтарға қарамастан, олардың бар-лығы өзара байланысқан, бірнеше негізгі сәулеттік-конструктивті, толығынан ай-қын функция атқаратын элементтерден тұрады.
Ғимараттардың негізгі элементтерін келесі топтарға бөлуге болады :
а) ғимараттарда пайда болатын, негізгі жүктеуді қабылдайтын, күштеу көтеруші;
б) қоршаушы, бөлмелерді бөлуші, сонымен қатар атмосфералық әсерлерден оларды қорғаушы және ғимараттарда айқын температураны қамтамасыз етуші;
в) күштеу көтеруші және қоршау функцияларын атқарушы элементтер.
Ғимараттардың негізгі элементтеріне (немесе бөлімдеріне): іргетастар, қабырғалар, жабындар, бөлек тіректер, жабулар, қалқалар, сатылар, терезелер, есіктер, шамдар жатады (1.1 сурет).
Жабындар тіке бағаналарға немесе, көбіне, олардың үстіне орналастырылған прогондар немесе ригельдер деп аталатын арқалықтардың (белағаштардың) үстіне сүйенеді.
Бағаналар мен белағаштар ғимараттың ішкі қаңқасын құрастырады .
Жабу ғимаратты үстіңгі жағынан атмосфералық тұнбалардан, күн сәулесінен және желден қорғаушы конструкция болып табылады. Жабудың жоғарғы су өткізбейтін қабығы шатыр деп аталады. Жабу шатыр жабынымен бірге ғимарат жабуын құрастырады. Көбіне азаматтық және өндіріс ғимараттары шатырсыз салынады. Бұл жағдайда шатыр жабынымен жабудың функциясын шатырсыз жабу деп аталатын бір конструкция атқарады.
Қалқалар деп салыстырмалы, бір қабат шектерінде ішкі кеңістікті бөлуге қызмет етуге арналған жіңішке қабырғаларды атайды. Қалқалар әрбір қабатта жабындарға сүйенеді және өзіне меншікті салмақтан басқа, ешқандай жүктеуді алып жүрмейді .
Сатылар(баспалдақтар) қабаттар арасын байланыстыру үшін қызмет етеді. Өртке қарсы ережелерге байланысты, саты торлары деп аталатын, арнайы, қабырғалармен қоршалған бөлмелерде орналастырылады.
Бөлмелерді табиғи жарықпен жарықтандыру және оларды желдендіру үшін терезелер, ал көршілес бөлмелер мен бөлме арасын және сыртқы кеңістікпен қатынас үшін есіктер қызмет етеді. Бөлмелерге ірі жабдықтарды кіргізу немесе көлік құралдарын енгізу үшін кейбір жағдайларда есіктерден басқа қақпалар орналастырады.
Күн тартарлар (фонарьлар) деп арнайы контрукцияларды атайды. Олар бөлмелерді жарықтандыру және желдету үшін (егер бұл мәселе терезелер көмегі арқылы шешілмесе) жабында орналастырылады. Негізінен күн тартарлар бір қабатты өнеркәсіп және салыстырмалы сирек азаматтық ғимараттарда құрылады.
Жоғарыда келтірілгендерден басқа, конструктивті элементтер бар, (мысалы: балкондар, кіріс алаңдар, терезелер алды орлар, үй астылар және тағы басқалар). Оларды ешбір көрсетілген топтарға жатқызуға болмайды.
Талап қойылатын еңбектің гигиеналық және тұрмыстық шарттарын қамтамасыз ету үшін, ғимарат арнайы санитарлық-техникалық және инженерлік қондырғылармен (жылыту, желдету, газбен қамтамасыз ету, тамақ дайындауға арнал-ған плиталар немесе пештер, суық және ыстық сумен қамтамасыз ету, канализа-ция, қоқыстарды шығару, жасанды жарықтандыру, радиоландыру және тағы бас-қалармен) жабдықталады.
Бұл қондырғылардың элементтері осы курста, ғимараттардың конструк-цияларымен тығыз байланысқан кейбір бөлшектері болмаса, қарастырылмайды.
&&&
$$$002-001-002$3.2.1.2 Сұрақ атауы 2 Ғимараттардың конструктивті желілері
Ғимаратта іргетастар, қабырғалар, бөлек тіректер, ригельдер, жабындар не-гізгі күш көтеруші контрукциялар болып табылады және жиынтықта ғимараттар-дың негізгі қаңқасын құрастырады. Негізгі қаңқа ғимаратқа ықпал ететін жүктеу-лерді қабылдауы және барлық мүмкін ыңғайсыз комбинацияларда әсерлі күштерге оның кеңістікті қаттылығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етуі тиісті.
Негізгі қаңқа түріне байланысты көбінесе қолданылатын ғимараттардың конструктивті желілері келесідей бөлінеді:
- сыртқы және ішкі жүктеу көтеруші қабырғалы ғимараттар;
- қаңқалы ғимараттар, бұларда барлық жүктеуді тіректер жүйесі (бағаналар) қабылдайды.
Соңғылар көлденең байланыстармен бірге (арқалықтар, белағаштар) жиын-тықта ғимарат қаңқасын құрастырады .
Бұл негізгі желілерден басқа аралық және құрастырылған желілер бар.
Конструктивті желілерді бірнеше үлгілерде қарастырып көрейік.
Күштеу көретуші сыртқы және ішкі қабырғалы көп қабатты ғимараттың конструктивті желісі 1.1 суретте көрсетілген.
Бұндай ғимараттардың күштеу көтеру қаңқасы, көлденең және тік диафраг-ма құрайтын, жабындар және ішкі (әсіресе көлденең) қабырғалар арқасында кеңіс-тік қаттылықты қамтамасыз ететін, қорап тәрізді болады. Бұндай күштеу көтеру қаңқаның тұрақтылығы қабырғалар тұрақтылығына, жабындар қаттылығына және осы элементтердің тиісті байланыстарына тәуелді болады.
Бұндай ғимараттардың әдетте кездесетін енінде (9-18 м) олардың жабулары-на ішкі аралық тіректерді міндетті түрде қою қажет, себебі олардың күш көтеруші элементтерінің тіреулері арасындағы қашықтық темірбетон жабындары үшін 5-7 м, ал ағаш жабындар үшін 4,5-6 м шамадан аспауы тиісті (болмаған жағдайда эко-номикалық тұрғыдан жабындар қымбат болады).
Жабулар үшін арналған аралық тіректер ретінде:
1) ішкі көлденең қабырғалар;
2) ішкі бой қабырғалары;
3) бөлек тұратын тіректер (бағаналар) қызмет ете алады.
Жабулар сүйенуінің бірінші түрі (1.2 сурет, «а») ішкі қабырғалардың жалпы бойлығын үлкейтуді талап етеді. Бірақ оны қолдану бір қатар жағдайларда ақтал-ған болып табылады, өйткені бұл жағдайда сыртқы бой қабырғалар жабындардан жүктеу қабылдамайды, сондықтан конструкцияны едәуір жеңілдетуге болады. Келешекте жоғары әсерлі қабырғалық материалдардың өндірісі дамыған сайын бұл нұсқа кең тарау алу тиісті.
1.2 сурет. Күштеу көтеруші сыртқы және ішкі қабырғалы ғимараттардың желілері:
а - көлденең күштеу көтеруші қабырғалы; б - бой күштеу көтеруші қабырғалы; 1- іргетас;
2- көлденең күштеу көтеруші қабырға; 3- өзін өзі көтеруші бой қабырға; 4- бой күштеу көтеруші қабырға; 5- көлденең қабырға; 6- жабын панелі; 7- үй асты қабат едені
Екінші нұсқада ішкі көлденең қабырғаларды, тек бой қабырғаларының тұрақтылықтарын қамтамасыз ету үшін, ал жабындарды сүйеу үшін, бір немесе екі ішкі қабырғалар орналастырылады (1.2 сурет «б»).
1.3 суретте, ішкі қабырғалардың орнына жабындарды тірейтін, бөлек тұрған белағаштар сүйенетін бағанар қойылған ғимарат бейнеленген. Бұндай ғимараттар-да ішкі қабырғалар тек сыртқы қабырғалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажетті жерге, саты торларын қоршау үшін немесе түтін және желдету түтік-терін орнату үшін ұйымдастырылады. Бұл нұсқа кең тараған, өйткені ішкі қабыр-ғаларды бағаналарға ауыстыру материалдардың үнемділігін және бөлмелердің пайдалы ауданын арттыруға қол жеткізеді.
Қабаттың ішкі кеңістігі бір үлкен бөлме болуы керек болса, ішкі қабыр-ғалардан бастартуға тура келеді. Бұл жағдайда жабындарды сүйеу үшін тіреулер торы деп аталатын, бағаналардың орталықтары арқылы өткізген білігі жоспарда тікбұрышты тор құратын, паралельді қатарлармен орналасқан бағаналар жүйесі жасалады (1.4 сурет). Тіректердің бойлай қатарлары арасындағы ара қашықтықты аралық деп, ал қатардағы бағаналар біліктерінің қашықтығын бағаналар қадамы деп атайды.
1.3 сурет. Бір қатар бағаналар орнатылған ішкі қаңқалы ғимарат: 1- бағаналар; 2- аралықтар; 3- бағаналар элементтерінің жапсары; 4- жабын панелі; 5- сыртқы күштеу көте-руші қабырғалар; 6- саты торының қабырғасы;7- үй асты едені
Ғимараттың күштеу көтеруші қаңқасы бұл жағдайда іргетастардан, сыртқы күштеу көтеруші қабырғалардан, ішкі қаңқадан және жабын элементтерінен тұра-ды. Ішкі қабырғалар жоқ болу салдарынан, бұндай ғимараттарда сыртқы қабырға-лардың тұрақтылығын негізінде қаңқа элементтері мен жабындар қамтамасыз ете-ді.
Сондықтан оларды қабырғалармен өте сенімді бекіту керек. Конструктивті желінің бұндай шешімі (күштеу көтеруші қабырғалы және ішкі қаңқалы ғимарат-тарда) маңызды динамикалық жүктеуі жоқ көп қабатты азаматтық және өнеркәсіп-тік ғимараттарда қолданылады.
1.5 суретте көпқабатты қаңқалы ғимараттың конструктивті желісі көрсетіл-ген. Ғимараттың едәуір биіктігіне немесе үлкен, әсіресе динамикалық, күштеу кө-теруге лайықты, ал кейде қолдануға жалғыз мүмкін, қаңқалық желі болып табыла-ды.
|
1.1 сурет. Күштеу көтеруші сыртқы және ішкі қабырғалы азаматтық ғимарат:
1 — іргетастар; 2 —сыртқы қабырғалар;
3 — ішкі қабырғалар; 4 —жабындар;
5 — жабулар; 6 — қалқалар; 7 —саты
|
Іргетас деп ғимараттың жер асты контрукциясы аталады, оның негізгі міндеті ғимараттан түсетін жүктеуді қабылдап негізге беру. Негізбен тікелей түйісетін іргетастың төменгі жазықтығы іргетастың табаны деп аталады. Тікелей жер бетінен іргетастың табанына дейінгі аралықты іргетасты салу тереңдігі деп атайды.
Негіз болып табиғи топырақ қабаты қызмет ете алады. Олар егер іргетас салу тереңдігінде салынған ғимараттан түсетін қысымды қабылдауға арналған қажетті қабілеттілікке ие болса - табиғи негіз, жасанды - нығыздалған немесе күшейтілген топырақ (жасанды негіз) деп бөлінеді.
Қабырғалар бөлмелерді сыртқы кеңістіктен (сыртқы қабырғалар) немесе басқа бөлмелерден бөледі (ішкі қабырғалар). Осымен олардың қоршаушы функциялары түзеледі. Бұдан басқа, қабырға тек өзіне меншікті салмақтан ғана емес, сонымен қатар ғимараттың жоғары жатқан бөлімдерінен (жабындардан, жабулардан және басқа) жүктеуді көтереді және күштеу көтеруші функцияны орындай алады. Өзіне меншікті салмақтан басқа, басқа конструкциялардан салмақ қабылдап, іргетасқа беретін қабырғалар күш көтеруші деп аталады.
Іргетасқа сүйенуші және барлық биіктік бойынша өзіне меншікті салмақты көтеруші, бірақ ғимараттың басқа бөлімдерінен күш қабылдамайтын қабырғаны, өзін өзі көтеруші деп атайды.
Ақырында, тек қоршаушы болып қызмет ететін және өзіне меншікті күшті тек бір қабат шегінде көтеріп, ғимараттың басқа элементтеріне тірелетін қабырғалар күш көтеруші емес (аспалылар) деп аталады.
Жабындар деп, ғимараттың ішкі кеңістігін қабаттарға бөлетін конструкцияларды атайды. Жабындар қабаттарды және онда орналасқан бөлмелерді жоғарыдан және төменнен шектейді (қоршаушы функциялары), сонымен бірге өзіне меншікті салмақтан басқа, ғимаратта табылатын пайдалы жүктеуді, яғни адамдардың, жабдықтардың және заттардың салмақтарын көтеруші (күш көтеруші функциясы) контрукциялары болып табылады. Одан басқа, жабындар ғимараттың кеңістік қаттылығын қамтамасыз етуде өте зор роль атқарады, яғни барлық мүмкін күштер ықпалынан болатын конструктивтік желінің тұрақсыздығын болдырмайды.
Ғимараттарда орналасуына байланысты жабындар: қабат аралық - қабаттарды биіктігі бойынша шектеуші; шатырлық – жоғарғы қабатты шатырдан бөлетін; төменгі – төменгі қабатты жерден бөлетін және үй астының үстіңгісі – бірінші қабатты үй астынан бөлетін болып бөлінеді.
Бөлек тіректер деп (1.3 суретті қара) тік тіреуді атайды (бөренелер немесе бағаналар), жабындар мен жабуларды, ал кейде қабырғаларды да сүйемелдеуге және олардан жүктеуді іргетастарға беруге арналады.
Жабындар тіке бағаналарға немесе, көбіне, олардың үстіне орналастырылған прогондар немесе ригельдер деп аталатын арқалықтардың (белағаштардың) үстіне сүйенеді.
Бағаналар мен белағаштар ғимараттың ішкі қаңқасын құрастырады .
Жабу ғимаратты үстіңгі жағынан атмосфералық тұнбалардан, күн сәулесінен және желден қорғаушы конструкция болып табылады. Жабудың жоғарғы су өткізбейтін қабығы шатыр деп аталады. Жабу шатыр жабынымен бірге ғимарат жабуын құрастырады. Көбіне азаматтық және өндіріс ғимараттары шатырсыз салынады. Бұл жағдайда шатыр жабынымен жабудың функциясын шатырсыз жабу деп аталатын бір конструкция атқарады.
Қалқалар деп салыстырмалы, бір қабат шектерінде ішкі кеңістікті бөлуге қызмет етуге арналған жіңішке қабырғаларды атайды. Қалқалар әрбір қабатта жабындарға сүйенеді және өзіне меншікті салмақтан басқа, ешқандай жүктеуді алып жүрмейді .
Сатылар(баспалдақтар) қабаттар арасын байланыстыру үшін қызмет етеді. Өртке қарсы ережелерге байланысты, саты торлары деп аталатын, арнайы, қабырғалармен қоршалған бөлмелерде орналастырылады.
Бөлмелерді табиғи жарықпен жарықтандыру және оларды желдендіру үшін терезелер, ал көршілес бөлмелер мен бөлме арасын және сыртқы кеңістікпен қатынас үшін есіктер қызмет етеді. Бөлмелерге ірі жабдықтарды кіргізу немесе көлік құралдарын енгізу үшін кейбір жағдайларда есіктерден басқа қақпалар орналастырады.
Күн тартарлар (фонарьлар) деп арнайы контрукцияларды атайды. Олар бөлмелерді жарықтандыру және желдету үшін (егер бұл мәселе терезелер көмегі арқылы шешілмесе) жабында орналастырылады. Негізінен күн тартарлар бір қабатты өнеркәсіп және салыстырмалы сирек азаматтық ғимараттарда құрылады.
Жоғарыда келтірілгендерден басқа, конструктивті элементтер бар, (мысалы: балкондар, кіріс алаңдар, терезелер алды орлар, үй астылар және тағы басқалар). Оларды ешбір көрсетілген топтарға жатқызуға болмайды.
Талап қойылатын еңбектің гигиеналық және тұрмыстық шарттарын қамтамасыз ету үшін, ғимарат арнайы санитарлық-техникалық және инженерлік қондырғылармен (жылыту, желдету, газбен қамтамасыз ету, тамақ дайындауға арнал-ған плиталар немесе пештер, суық және ыстық сумен қамтамасыз ету, канализа-ция, қоқыстарды шығару, жасанды жарықтандыру, радиоландыру және тағы бас-қалармен) жабдықталады.
Бұл қондырғылардың элементтері осы курста, ғимараттардың конструк-цияларымен тығыз байланысқан кейбір бөлшектері болмаса, қарастырылмайды.
Дәріс №1.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Ғимараттардың конструктивті желілері.
2. Ғимараттарға қойылатын талаптар.
3. Ғимараттардың топтастырылуы