2021- 2022 оқу жылы
«Көктүбек орта мектебі» КММ 2-сынып оқушысы Сейсен Зере «Жалбыз - жанға шипа» атты зерттеу жұмысына
ПІКІР
Сейсен Зеренің ғылыми жұмысының тақырыбы өте көлемді. Оқушының тақырыпты барынша тыңғылықты, жіті қарастырып, көп еңбектенгені көрінеді. Зеренің оқитын тіліне, жас ерекшелігіне, қабілетіне байланысты, тақырыптың тарихын түсініп оқу, оқушы үшін қызықты болғанмен, оңай болған жоқ. Жинақталған материалдар үнемі зерделеніп, қорытылып, талқыланып отырды. Ғылымдардың еңбектеріне шолу жасалды. Үнемі жұмыс менің тарапымнан бағытталып отырды. Қазақстанда өсетін дәрілік өсімдіктер туралы соның ішінде, жалбыз өсімдігінің емдік қасиетін жан- жақты талқыға салған.
Қазақстандағы емдік қасиеті бар өсімдіктерге тек қызығып қана қоймай, оның маңызына терең үңіліп, қандай ауруларға ем екендігін ашып, нақты деректер негізінде зерттей білген.
Жұмысқа қажетті жүргізілетін зерттеулер де үй жағдайында жасалған, оқушының денсаулығына зияны жоқ. Сонымен бірге, жұмысты зерттеу барысында оқушының өзі де қызығушылық тудырып, өзінің жаңа ақпараттарды алғаннан кейін өзегере бастағанын айтты, оны сыныптастарымен бөлісіп, олардың да болашақта әртүрлі ауруларға шалдығуының алдын алуға септігін тигізеді деп ойлаймын.
Жалпы жұмыс теориялық және практикалық бөлімнен тұрады. Теориялық бөлімде негізгі түсінік мәліметтерін берсе, ал практикалық бөлімде зерттеу жұмыстарымен олардың қорытындылары келтірілген.
Жұмыс өте тиянақты түрде жазылған, әрбір бөлімінде нақты мәліметтер мен мысалдар келтірілген.Бұл жұмыс жоғары деңгейде дұрыс зерттелген. Жұмысқа дұрыс баға бере отырып, оны бұқаралық ақпарат көздері арқылы көпшілікке жеткізу керек деп есептеймін. Себебі, ондағы берілген мәліметтер көпшілік адамның денсаулығын жөндеуге, аурудың алдын алуға және қаражатын үнемдеуге септігін тигізетіні анық. Дені сау, салауатты ұрпақты өсіріп, тәрбиелеу әрбіріміздің міндетіміз екенін ескерсек, жұмыстағы деректерді жеткізсек, оған қосқан үлесіміз деп есептеймін.
Зеренің осы такырыпты барынша аша білгендігіне қарап оның болашағынан үлкен үміт күтуге болады деп сенеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |