ІII. Қ орытынды
Өсімдіктің табиғи байлықтары сарқылмайтын қазына емес, оларды орынды пайдаланып, қорғап отырғанда ғана ұзақ уақыт керекті заттарды алу мүмкіндігі туады. Адам баласы өзіне қажет болған қорек, ауа, киім, баспана, дәрі күнделікті өмірде пайдаланып жүрген ұсақ-түйек заттардың бәрін өсімдіктерден алатын болса, оны барынша аялап қорғай білу - әрбір адамның борышы.
Өсімдіктер тіршіліктің тірегі әрі айналамызды қоршап тұрған табиғаттың бір бөлігі болғандықтан, олардың табиғаттағы түрлерін азайтпай, қамқорлық жасап, молайту және қоршаған ортаның әр түрлі қолайсыз жағдайынан жойылып кетуге жақын тұрған түрін сақтап қалуды қорғау. Табиғат – адамзаттың материалдық және рухани талабын қанағаттандыратын байлықтың негізгі көзі, табиғи қорлар азайса, байлық та кемиді. Сондықтан бүгінде күн тәртібінде табиғат байлығын сақтау, қорғау, көбейту мәселесі тұр. [ / Қазақстан мектебі, №11-12, 1992. 44-45 бет 8- әдебиет ]
Адамзаттың тіршілік етуі барысында өсімдіктер әлемінің алатын орны ерекше зор. Қазіргі медицинада қолданыста жүрген дәрі-дәрмектердің 40 пайыздай бөлігі тап өсімдіктер дүниесінен жасалады екен. Қоршаған орта өскіндерінің адам ағзаларын жақсартуға осындай өлшеусіз көмегі барын біздің ата-бабаларымыз бағзы замандардан бері жақсы білген.
Осы жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижелері мен қорытынды-сына сүйене отырып, алға қойған мақсаттарымызға жетеміз.
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Ырғызбай әулие кітабы – “BasPrint” баспаханасы 2018 жыл(120- 121 бет)
Қазақстан ұлттық энциклопедиясы 2001 жыл( 400- бет)
«Ол кім? Бұл не?» 1984 жыл ( 365 бет )
Қазақ Совет Энциклопедиясы 1974 жыл( 236 бет)
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі 1978 жыл (567 бет)
«Ауырмаңыз» газеті №18. 06.09.2021 (1- бет)
Ю.П.Лаптев. Рассказы о полезных растениях //М.: «Просвещение» 1982
/ Қазақстан мектебі, №11-12, 1992 (44-45 бет)
Достарыңызбен бөлісу: |