Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Шымкент қаласы Еңбекші ауданы №63жалпы орта мектеп



бет3/14
Дата07.10.2023
өлшемі80,57 Kb.
#184060
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
ғылыми жоба Күзербаева Н

Жұмыс нәтижесі: Мағжан Жұмабаев поэзиясындағы көркемдік ерекшеліктер, тіл құдіретінің образ жасаудағы икемділігі мен қолданылу ерекшеліктері қызықтырады. Өлеңдерінің тақырыптық және идеялық мәні, образ жасаудағы ізденістері мен ақындық мәдениетінің тереңдігі мен кеңдігі туралы келтірген дәлелдері жеткілікті. Жұмысты жүйелі түрде, өзіндік танымы тұрғысында ақын шығармаларын, көркемдік қасиетін, шеберлігін нақты мысалдармен орынды талдай алған. Жасаған талдаулары мен қорытындылары орнықты және дәлелділігімен ерекшеленеді.
Жұмыс жаңалығы: Бұрын-соңды мектеп оқушыларына ақын поэзиясының ерекшелігі кешенді түрде талданып, қаралған емес. Біз барлық «мағжантанушы» ғалымдардың еңбегін қарастырып, арнайы қорытынды жасалған.М.Жұмабаев поэзиясындағы көркемдік ерекшеліктер, тіл құдіретінің образ жасаудағы икемділігі мен қолданылу ерекшеліктері қызықтырады. Өлеңдерінің тақырыптық және идеялық мәні, образ жасаудағы ізденістері мен ақындық мәдениетінің тереңдігі мен кеңдігі туралы келтірген дәлелдері жеткілікті. Жұмысты жүйелі түрде, өзіндік танымы тұрғысында ақын шығармаларын, көркемдік қасиетін, шеберлігін нақты мысалдармен орынды талдай алған. Жасаған талдаулары мен қорытындылары орнықты және дәлелділігімен ерекшеленеді.
Жұмыстың теориялық және практикалық мәні:
Жұмыс қазақ тілі мен әдебиеті, арнайы Мағжантану курсында қолданып, оның поэзиясы мен ақындық ерекшелігін жас оқырмандар мен мектеп оқушыларына кеңінен насихаттауды көздейді.


Бұл тақырыпты алудағы мақсатым неде:

Ақындық- талант кез келген адамда таныла бермейтін киелі дарындылық. Ақындар- сол өмір сүрген әлемінің тірі пішінді бейнесі, әрі дастаны. Олардың өшпестей қалдырған сөздері, еңбектері сол халқымыздың бастан кешкен заманының бет-бейнесін, адами құндылықтарының қалай жымдасып, жалпы тарихи -әлеуметтік жағдайдың қалай өрбігендігін, халықтың мәдени-рухани өсуінің, төл әдебиетіміздің даму белестерін көруімізге болады.


Суреткерлік шеберлік өмір - өзеннің әр толқынын өрелі сөзбен өрбітіп, көркемдік бейне арқылы көрсете білумен қатар, адам жанының эстетикалық (әсемдікке баулушы) ұстазы.
М.Жұмабаев поэзиясы - қазақ поэзиясындағы ерекше жаратылыс. Ұлы Абайдың ақындыққа, әдебиет айдынына шығуға қойған талаптарының шыңына шығып, сол заманның көрінісі мен сипатын оқырман қауымға тарту ете білген ХХ ғасырдың алғашқы қарлығашы бола білген ерен тұлғалармыздың бірі. Бүгінде оның поэзиясы сан тарапты зерттелуде, алайда оның ақындық «акценті», қазақ поэзиясына қосқан үлесі толық ашыла қойды деуге келмес.
Туған тіліміздің ғажайып сөз байлығын барынша молынан қолданған ақынның ақындық даралығы, өзіндік қолтаңбасы, суреткерлік шеберлігі әлі талай жанды таңғалдырады деуге болады.
Егер де туған тіліміздің қадір-қасиетін көтереміз десек, тілдік шеберлігі мол, жарқын пафосқа толы, көркемдігі күшті дүниелер мен олардың авторларының өмірбаяны, жазған шығармалары кең аудиторияда талданып, шығармаларының тақырыптық, идеялық, көркемдік ерекшеліктері туралы үздіксіз зерттеу еңбектерін жүргізіп, жалпы оқырман қауымға жол тартып, шетел тілдеріне аударылып отырғаны абзал болар еді.
Автор поэзиясы шет мемлекеттерге өз мәнінде аударылса, өзінің әсемдігімен талайды тамсандырары сөзсіз. Бұл келешек ізденушілердің еншісінде болып қалар да.
Ал біз, осы жобамызды тек өз қандастарымызбен бөлісумен шектеліп отырмыз.
Адамның рухани дүниесінің дамуы, өмірлік позициясының өркендеуінің қайнар көзі - көркем әдебиет. Ендеше, адам жанының тәрбиешісі - көркем шығарманы өмірге әкелуші қаламгер.
Ол - қиялы ұшқыр, қаламы – жүйрік таңғаларлық жаратылыс иесі, ол - өз елінің, туған тілінің мол байлығын капысыз ұстанған ғажайып суреткер!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет