Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі тараз мемлекеттік педагогикалық


Қырқынан шығару, бесікке салу ғұрыптары



Pdf көрінісі
бет17/121
Дата25.12.2021
өлшемі1,34 Mb.
#104835
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   121
Байланысты:
ibraimova-kazak-otbasy

Қырқынан шығару, бесікке салу ғұрыптары.
 
Осыдан соң 40 күнді тосып қырық қасық суға шомылдырып, қырық 
күн  шілдесінен  шығарады.  Ит  мінезі  қалсын  деп,  ит  көйлегін  шешіп, 
оған  тәттілер  салып  итін  мойнына  байлап  балаларға  қудырады.  Оны 
балалар  қуалап  жүріп,  тәттіні  бөліседі.  Кей  жағдайда  кішкентай 


40 
 
баланың мойнына ит көйлекті байлап, ит сияақты еңбектетіп жүргізеді. 
Ит көйлекті итке байлау
-
ит қорғаушы деген сенімнен туған. Қырқыннан 
шығару ғұрпында қазақтар ұл баланы қырық күнге жеткізбей шығаруға 
тырысады. Оның мәні ұлдың қалың малы аз болсын десе қызды қырық 
күнге  толтырып,  қалың  малы  қырық  болсын  деп  жатады.  Баланың 
қырқыннан  шығару  рәсімінде  көп  адам  шақырмай  көрші
-
қолаң,  
туысқан  әйелдерді  шақырып    ішіндегі  сыйлы,  жасы  үлкен  кісіге 
шомылдырады. Суға күміс білезік сақина немесе қасық салынады. Кей 
жерлерде  қойдың  қырық  құмалағын  салуда  кездесіп  қалады,  бұл  бала 
малды,  бай  болып
 
өссің  деген  ырымынан туған.  Оларды шомылдырып 
болғаннан  соң,  келген  әйелдер  бізде  осындайға  жетейік  деген  ниетпен 
бөліп  алады.  Мұнан  кейін  баланың  қарын  шашын  алу  үшін  ата
-
ана 
өздеріне  ұнаған  бір  адамды  дайындап  қояды.  Ол  өздерінің  сыйлас 
достарының бірі болуы мүмкін. Қарын шашты шүберекке тұмарша етіп 
тігіп, баланың кимінің иығына қадап қояды. Бұл ырым балаға көз тимеу 
үшін жасалады, ал тырнағын жерге көмеді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   121




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет