Әлеуметтану ғылымында отбасы - некеден және қандас туыстар
негізінде құрылған кішігірім топ.
Әке тәрбиесі – әкенің
ұл баласына үйрететін тәлім
-
тәрбиесінің
жиынтығы.
Әмеңгер – жесір әйелдің күйеуінің орнын басуға құқылы қайнысы
мен қайын ағасы.
Әңгүдік – даңғой, жарымес, делқұлы адам
.
Әңгімелесу – ұстаз
бен шәкірттің өзара пікірлесуі, ой бөлісуі. Бұл
ертеде Сократтың әңгіме әдісінен, яғни ұстаз
-
ғалымның көпшілікпен
алаңда халықпен пікірлесуінен шыққан.
Әулекі – өзін
ұстай білмейтін, дарақы, даңғой адам.
Әулет дәстүрі – бір атаға жататын үрім
-
бұтақ, туыс адамдардың
өздеріне тән мұралық дәстүрі.
«Б» Балажандылық –
қазақ халқы үшін болмыстағы бағажетпес
байлық
-
ол бала, баланы қазақ халқы өмірімнің жалғасы, ұрпағын, ата
кәсібін жалғастырушы деп бағалап бала тәрбиесіне көп көңіл де бөле
білген. Қазақ халқы бала туралы өз пікірлерін : « Артыңда байлық
қалғанша бала қалсын», «Ер адамның алдында ашылатын есігі болсын,
әйел адамның алдында тербететін бесігі болсын»
-
деп орынды бере
білген.