Сыңсу
.
Сыңсу (салт).
«Халқымызда тұрмыс
-
салт жырларының ең
көп тарағандарының бірі сыңсу». Ұзатылған қыз өз босағасынан аттанар
алдында ағайын туғандарын аралайды. Былайша айтқанда, қоштасады
(Бірақ, бұл дәстүрлі қоштасу емес). Жеңгесін ертіп ағайындарын аралап
жүрген қыз жәй жүрмейді. Ол өзінің балалық дәуренінің, оң жақта
бұлғақтап өскен бақытты күндерінің өткендігін, аяулы ата
-
анасының,
туысқандарының өзін мәпелеп өсірудегі еңбегін өлеңмен айта жүріп
өксиді. Ондай өлең
-
жырды сыңсу дейді.
Базардан келген құйысқан
Тарамай шашым ұйысқан.
Келіп кетіп жүріңдер,
Сағындырмай туысқан
деп өзінің өтінішін де айта жүреді.
Қыздың
сыңсуы жарасымды әрі тәрбиелік мәні бар салтанатты салт.
Бұл адамгершілік, әдептілік жағынан алғанда да өте орынды дәстүр.
Өйткені, балалық күндерден ағайын ортасынан бөлініп кету оңай іс
емес. Ал қазақтың қазіргі қыздары бұл дәстүрдің алтын арқауын үзді
десе де болады. Өйткені, ауыл, үй аралап сыңсу, жылау түгілі, оң
жақтан аттанарда күліп, қуанып жүргендерін де көз көрді. Бұл ұлттық
тәрбие мен ұлттық мәдениеттің ұмытылғандығынан деп танимыз.
Достарыңызбен бөлісу: |