89
әжелер
оған «итаяғына» сал деп сақина, күміс, жүзік сияқты заттар
береді. «Итаяғына салу» деген келіншек босанып баланы шаранасынан
жуатын суға яғни «шілде суына» әлгіндей күміс жүзік, сақина, күміс
түйме сияқты заттарды ыдысқа салып жіберіп, нәрестені жуады. Жуып
болғаннан кейін әлгі заттарды сол жердегі әйелдер ырым қылып бөлісіп
алып, мәз мейрам болып тарасады.
Қапқа
салар.
Қалыңдығын
алуға
келген
күйеу
барлық
жол
-
жоралғыларымен яғни құдалық кәделерімен, үлкендерге арналған сый
-
сияпатымен, той малымен келеді. Той басталады. Қыз өз үйінен аттанар
алдында оның әкесі барлық құдаларға киіт кигізеді. Күйеу баласына да
сыйлық береді. Бірақ ол киіт емес «қапқа салар» деп аталады. Ол бағалы
киім, қымбат ер тоқым, жігіт жарақтары немесе мал болуы мүмкін.
Әрине, бұл қайын атаның дәулеті мен мырзалығына, абырой беделіне
сай жасалатын жолды дәстүр.
Достарыңызбен бөлісу: