Дәрістің мақсаты: Кеден ережелерінің бұзылуына тиесілі әкімшілік мәжбүрлеу шаралары туралы түсінік қалыптастыру; Әкімшілік-құқықтық құжаттармен жұмыс істеуге үйрету. Кеден ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті көрсету.
Жоспар: 1.Кеден ережелерінің бұзылуына тиесілі әкімшілік мәжбүрлеу шаралары
2.Кеден ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік.
1.Кеден ережелерінің бұзылуына тиесілі әкімшілік мәжбүрлеу шаралары Қазақстанның кеден заңдары 1991 ж. 24 желтоқсанда "Кедендік тариф пен баж туралы" 3аң қабылданғаннан кейін қалыптаса бастады.
Кеден саласының, қоғамның, мемлекеттің және азаматтың экономикалық өміріне әсер ету тәсілдерінің көптүрлілігін ескере отырып, кеден заңдары кешенді түрде қабылданды және ықпал аймағы ҚР біртұтас кеден аумағы болып табылады.
Кеден баждарының бағамдарын, алымдардың, төлемдердің көлемін белгілеу, кеден төлемдері мен салықтарын есептеу мен төлету (өндіріп алу) ережелерінің қаржылық және салықтық құқықтық пәндеріне арақатынасы бар және кеден органдарының қазынагерлік сипаттағы қызметіне жатады.
Кеден құқығындағы әкімшілік құқықтық реттеу әдістері қоғамдық қатынас салаларында қолданылатын мемлекеттік билік органдарының қызметі мен басқару өкілеттілігін жүзеге асырумен байланысты құқық салаларына тән тәсілдер, құралдар мен әдістерден тұрады. Кеден құқығында қолданылатын әдіс-тәсілдер мен құралдарды автормен үш топқа бөлінген:
ерік беру (рұқсат беру);
тыйым салу (шектеу);
міндет жүктеу.
Кедендік материалдың әрекетшілік күшінде кедендік реттеудің әдісін құрайтын бұл үш топ пайда болатын кедендік әкімшілік құқықтық қатынасқа байланысты қолданылады.
Кеден құқығында құқықтық реттеу тәсілдерінен рұқсат ету тәсілі әкімшілік құқық немесе жария құқықтың басқа да, әсіресе құқық салаларымен салыстырғанда көбірек көрініс тапқан. Бұл тәсілдің ҚР кеден құқығында да көрініс тапқанын келесі мысалдар арқылы көруге болады:
тауарлар мен көлік құралдарын ҚР аумағына әкелу және әкету құқығы;
белгіленген кеден режимдерінің кез-келген түрін таңдау құқығы;
кедендік рәсімдеу кезінде өкілетті өкілдің қатыса алу құқығы;
кедендік органның немесе лауазымды тұлғаның әрекетіне (әрекетсіздігіне) арыз келтіру құқығы және т.б.
Реттелетін қатынастардың әрқайсысында қолданылатын тәсілге байланысты біржақты деуге болмайды. Кеден құқығының жалпы сипаттамасына оның пәні мен құқықтық реттеудің әдісінен басқа құқық жүйесі, оның құрылымы және қағидалары, құқықтық нормалар және басқа құқық салаларымен байланысы кіреді.
ҚР әкімшілік құқығы (жалпы бөлім) оқулығы авторларының пікірінше әкімшілік құқығының пәніне төмендегі қатынастарды жатқызуға болады:
- атқарушы билік органдарын ұйымдастыруға байланысты;
- басқарудағы әкімшілік-биліктік өкілеттіктерді жүзеге асыру және әкімшілік билік органдарының азаматтар, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен қатынастары барысында пайда болатын қатынастар;
- әкімшілік-деликтілік сипаттағы қатынастар.
Дәл осындай қатынастарды кеден құқығынан да байқауға болады, яғни оның жеке құқық саласы екендігіне тағы бір дәлел ретінде қарастыруға болады. Кеден құқығының тарихи пайда болуына келетін болсақ, оның екі кезеңнен тұратынын көруге болады. Кеден саясаты, кеден ісі бірінші кезеңде заңда айтылған түрде бөлініп, бекітілмеген болатын, солай бола тұра сол кезеңде-ақ кеден аясы анықталып және кеден органдары белгілі бір дәрежеде кеден төлемдерін алу және кеден ережелерін бұзғандарды әкімшілік жауапкершілікке тартуға байланысты өкілеттіктерді жүзеге асырған. Кеден ережелерінің бұзылуына тиесілі әкімшілік мәжбүрлеу шаралары қолданылады. Кеден құқығының пәні, құқықтық реттеу және құқықтық институттары толығымен қалыптасып болмаған, сонымен қатар оның пайда болғаннан бастап-ақ жеке сала болғанын айта кету керек.
Жалпы алғанда кеден органдары кедендік реттеуді жүзеге асырып отырған және сол уақыт заңдары бекіткен кеден аясының бөлімдерін біріктірген болатын.
1995 жылы 20 шілдеде ҚР-ның Президентінің «ҚР-ғы кеден ісі туралы» Заң күші бар Жарлығының қабылдануымен кеден құқығы өзінің алдында тұрған мақсаттарды толығымен шешетіндей сапалы сипаттамаға ие болды.