Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «ТҰран-астана»



бет39/143
Дата23.09.2024
өлшемі312,88 Kb.
#204952
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   143
Байланысты:
АИГИ УМКД Әкімшілік құқық-2024

Акционерлік қоғам - өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға.
Мемлекеттік қызметші-мемлекеттік органда заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен не ҚР-сы Ұлттық банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттікі жүзеге асыратын ҚР-ның азаматы.
Лауазымды адам- ұдайы, уақытша немесе арнайы өкілеттік бойынша өкімет өкілінің міндеттерін жүзеге асыратын немемлекеттік органдарда ұйымдастырушылық қызметтерді орындайтын адам.
Мемлекеттік саяси қызметші- тағайындалу босатылу және қызметі саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін жауап беретін мемлекеттік қызметші.
Мемлекеттік әкімшілік қызмет санаты- мемлекеттік әкімшілік қызметшілер атқаратын, лауазымдық өкілеттіктің көлемі мен сипатын көрсететін әкімшліклауазымдар жиынтығының сарлаушылық сипаттамасы.
Мемлекетті басқарудағы заңдылық – бұл басқару қатынастарының барлық субъектілерінің мемлекеттің аумағында қолданылып жүрген НҚА-ді дәл, қатал және мүлтіксіз сақтауы мен орындауы.
Заңдылықтың принциптерінегіз болатын идеялар, басшылыққа алынатын бастамалар. Бақылау – бақылауға алынған объектілердің жұмысын тексеру, жетіспеушіліктерді, қателерді анықтау және оларды жоюға кінәлі адамды жауапкершілікке тартуға бақылау арқылы жұмыс жүргізіледі.
Қадағалау мемлмекеттік органдар, мекемелер, кәсіпорындардың, ұйымдастырылу құқықтық меншігінің нысанына қарамастан лауазымды адамдардың қызметкерлердің және адамдардың заңдарды дәл және біркелкі орындалуын тексеруді айтамыз.
Шағымдану – әр азамат заңды мүдделері бұзылған жағдайда өтініштері бойынша шағымдана алады.
Әкімшілік қадағалау органдарының міндеті – арнайы нормалармен жалпыға бірдей ережелердің айқын, біркелкі орындалуын қамтамасыз ету.
Әкімшілік қадағалау – бұл құқық бұзушылықтың алдын алу, табу мен жолын кесу, бұзылған тәртіпті қалпына келтіру және кінәлілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында мәжбүрлеу шараларын пайдаланатын мемлекеттік басқарушылық қызметтің ерекше түрі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет