Акционерлік қоғам - өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға.
Мемлекеттік қызметші-мемлекеттік органда заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен не ҚР-сы Ұлттық банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттікі жүзеге асыратын ҚР-ның азаматы.
Лауазымды адам- ұдайы, уақытша немесе арнайы өкілеттік бойынша өкімет өкілінің міндеттерін жүзеге асыратын немемлекеттік органдарда ұйымдастырушылық қызметтерді орындайтын адам.
Мемлекеттік саяси қызметші- тағайындалу босатылу және қызметі саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін жауап беретін мемлекеттік қызметші.
Мемлекеттік әкімшілік қызмет санаты- мемлекеттік әкімшілік қызметшілер атқаратын, лауазымдық өкілеттіктің көлемі мен сипатын көрсететін әкімшліклауазымдар жиынтығының сарлаушылық сипаттамасы.
Мемлекетті басқарудағы заңдылық – бұл басқару қатынастарының барлық субъектілерінің мемлекеттің аумағында қолданылып жүрген НҚА-ді дәл, қатал және мүлтіксіз сақтауы мен орындауы.
Заңдылықтың принциптері – негіз болатын идеялар, басшылыққа алынатын бастамалар. Бақылау – бақылауға алынған объектілердің жұмысын тексеру, жетіспеушіліктерді, қателерді анықтау және оларды жоюға кінәлі адамды жауапкершілікке тартуға бақылау арқылы жұмыс жүргізіледі.
Қадағалау – мемлмекеттік органдар, мекемелер, кәсіпорындардың, ұйымдастырылу құқықтық меншігінің нысанына қарамастан лауазымды адамдардың қызметкерлердің және адамдардың заңдарды дәл және біркелкі орындалуын тексеруді айтамыз.
Шағымдану – әр азамат заңды мүдделері бұзылған жағдайда өтініштері бойынша шағымдана алады.
Әкімшілік қадағалау органдарының міндеті – арнайы нормалармен жалпыға бірдей ережелердің айқын, біркелкі орындалуын қамтамасыз ету.
Әкімшілік қадағалау – бұл құқық бұзушылықтың алдын алу, табу мен жолын кесу, бұзылған тәртіпті қалпына келтіру және кінәлілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында мәжбүрлеу шараларын пайдаланатын мемлекеттік басқарушылық қызметтің ерекше түрі.
Достарыңызбен бөлісу: |