Мемлекеттік тәртіп – мемлекеттің және оның уәкілетті органдарының белгіленген тәртібі, ол бойынша барлық мемлекеттік органдар, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, лауазымды адам өздеріне жүктелген мақсаттар мен міндеттерді дер кезінде және дәл орындауға тиіс.
Әкімшілік қадағалау әдісі – әкімшілік қадағалау субъектілерінің өздерінің қызметінің барысында пайдаланатын құралдардың, тәсілдердің жиынтығынан құралады.
Мемлекеттік басқару – негізгі заңда баянды етілген міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік басқару органының атқарушылық қызметі.
Әкімшілік жауапкершілік- әкімшілік құқық нормаларына сүйене отырып өкіметтің арнайы органына немесе лауазымды адамның құқық бұзушыға әкімшілік жауапқа тарту қалпына келтіру шараларды қолдануда көрніс табатын заңды жауапкершіліктің маңызды түрі.
Қажетті қорғану-бұл жеке басын, тұрғын үйін, меншігін,жер учаскесін және қорғанушының немесе өзге адамдардың басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне қол соғушыға зиян келтіру арқылы құқыққа қарсы қол сұғылудан қорғау жол берілмеген болса, ҚР-ның әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте көзделген әрекетті жасау әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады.
Әкімшілік жауапкершілік - бұл әкімшілік – құқықтық санкцияларды жүзеге асыру, уәкілетті органның немесе лауазымды адамның құқық бұзушылық жасаған азаматтар мен заңды тұлғаларға әкімшілік жазалар қолдануы.
Әкімшілік құқық бұзушылық – жеке азаматтардың жалпыға бірдей міндетті әкімшілік құқықтық нормаларды бұзатын және әкімшілік жауаптылықты тудыратын және айыптық және әрекетсіздігі.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы - әрекетті әкімшілік құқық бұзушылық ретінде көрсететін объективтік және субъективтік белгілердің жиынтығы.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъективтік жағы – субъектінің құқыққа қарсы әрекетке және пайда болған салдарларға психикалық қатынасы.
Заңды тұлғалардың әкімшілі жауаптылығы - әлеуметтік әділеттікті қалпына келтіру, құқыққа қарсы қызметті мемлекеттік айыптау, оларға жүктелген мінднттерді орындауды қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында әкімшілік құқық субъектілігі бар үйымдарға мемлекеттің белгілеген ережелерін, нормаларын орындамағаны немесе дұрыс орындамағаны үшін әкімшілік жазалар қолдануы.
Достарыңызбен бөлісу: |