Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «ТҰран-астана»



бет36/143
Дата23.09.2024
өлшемі312,88 Kb.
#204952
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   143
Байланысты:
АИГИ УМКД Әкімшілік құқық-2024

Мемлекеттік ұйымдарөзінің қызметін өздері құрып, оны мемлекеттің атынан жүзеге асырады.
Мемлекеттік емес ұйымдар – яғни оны мемлекет құрмайды және олар мемлекет атынан биліктік өкілеттілігін жүргізе алмайды.
Атқарушы билік органы – заң шығарушы және сот билігі органдарымен қатар мемлекеттік аппараттың жеке буыны болып табылады
ҚР-ның Үкіметі – Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды.
ҚР-ның Министрлігі – тиісті мемлекеттік басқару саласына (аясына) басшылықты, сондай – ақ заңдармен көзделген шекте – салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республиканың орталық атқарушы органы болып табылады.
ҚР-ның Агенттігі – Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган болып табылады. Агенттік тиісті мемлекеттік басқару саласына (аясына) басшылықты, сондай – ақ заңдарда белгіленген шектерде салааралық үйлестіруді және өзге де арнайы атқару және рұқсат беру міндеттерін жүзеге асырады.
ҚР-ның Ұлттық қауіпсіздік Комитеті – Қазақстан Республикасының Президенті құратын, тарататын және қайта құратын және Республиканың орталық атқарушы органдарының жүйесіне кірмейтін, ҚР-ның Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін арнайы мемлекеттік орган.
ҚР-ның Ведомстволары – Республиканың орталық атқарушы органы құзыретінің шегінде арнайы атқару және бақылау, қадағалау міндеттерін, сондай – ақ салааралық үйлестіруді немесе мемлекеттік басқаруды ішкі саласына (аясына) басшылық жасауды жүзеге асырады.
Республикалық атқарушы органдар – ұйымдық - құқықтық нысандарда қалыптасып, қызмет атқарады.
Жергілікті атқарушы органдар – Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді, тиісті аумақтың мүддесі мен даму қажеттілігін ұштастыра отырып, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді.
Әкімдік – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган.
Әкім – ҚР-ның Президенті мен Үкіметінің жергілікті атқарушы органды ( ол құрылған жағдайда ) басқаратын және өзіне сеніп тапсырылған ҚР-сы орталық атқарушы органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінің үйлесімді қызмет істеуін, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамсыз ететін, ҚР-ның заңдарына сәйкес мемлекеттік басқару өкілеттігі берілген, тиісті аумақтың әлеуметтік – экономикалық дамуының жай-күйіне жауапты өкілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет