Жалпықұзыретті органдар – яғни мемлекеттік басқарушылық қызметтің барлығында өкілеттілікті жүзеге асыратын органдар. Олар: үкімет, әкімдіктер.
Салалық құзыретті органдар – яғни олар өздеріне тапсырылған функцияларды, басқару салаларын шектеуді жүзеге асырады.
Салааралық құзыретті органдар – яғни барлық немесе бірнеше салалық жүйелер үшін ортақ болатын мәселелер бойынша функциялар мен өкілеттіліктерді жүзеге асыратын органдар.
Аралас құзыретті органдар – яғни олар өзінің функцияларын, өкілеттіліктерін әрі салалық, әрі салааралық көлемде жүзеге асыратын органдар.
Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға.
Қазақстан Республикасының Парламенті – заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы.
Делегаттық заңдылық - Парламент кейбір заңдарды қабылдау құқығын Президентке беруін айтамыз.
Азаматардың әкімшілік құқықтық мәртебесі-әкімшілік құқық нормаларымен бекітілген азаматтардың құқықтары мен міндеттерінің комплексі және де құқықтары мен міндеттерді жүзеге асыруға кепілдіктер.
Азаматардың заңды құқықтарының, міндеттерінің және заңды мүдделеренің кепілдіктері деп - оларды нақты жүзеге асырылуы мен қорғалуын қамтамасыз ететін жағдайлар мен құралдар түсініледі.
Арыз- адамның өз құқықтары мен бостандыұтарын немесе басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда жәрдем көрсету туралы өтініш- хаты не заңдардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің бұзылуы , өтініштерді қарайтын субъектілердің , лауазымды тұлғалардың жұмысындағы кемшіліктер туралы хабарлама не олардың қызметін сынау.
Сауал- адамның жеке немесе қоғамдық сипаттағы қызығушылық туғызатын мәселелер бойынша ақпарат беру туралы өтініш.
Үн қосу – адамның мемлекет жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатқа, сондай-ақ қоғамдық сипаттағы оқиғалар мен құбылыстарға өз көзқарасын білдіруі.
Шағым- адамның өзінің бұзылған құқытарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қалпына келтіру , лауазымды тұлғаларды заңсыз іс-әрекеттерін немесе әрекетсіздігін жою, сондай-ақ субъектілердің заңсыз шешімдерінің күшін жою туралы талабы.
Ұсыныс- адамның заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру, қоғамдық қатынастарды дамыту, мемлекет пен қоғамның әлеуметтік- экономикалық және өзге де қызметі салаларын жақсарту жөніндегі ұсынымы.
Өтініш - өтініш қарайтын субъектіге немесе лауазымды тұлғаға жіберілген жеке немесе ұжымдық жазбаша, ауызша не электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған электронды құжат.