ОҚЫТУШЫНЫҢ БАСШЫЛЫҒЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНЫҢ (ОСӨЖ)
ТАҚЫРЫПТАРЫ:
1.
Өмір сүру жағдайларының оқушылардың өсуі мен дамуына тигізетін
əсері. Физикалық даму – баланың денсаулық жағдайы мен əлеуметтік
аманшылығының маңызды көрсеткіші.
2.
Оқушылардың дене сымбатын дұрыс қалыптастыруды тəрбиелеу.
3.
Автономиялық жүйке жүйесінің бөлімдері мен қызметі.
4.
Жоғары жүйке əрекетінің типтері əртүрлі оқушылармен жұмыс істеу.
Оқу-тəрбие жүмысындағы эмоцияның рөлі.
5.
Баяу жəне жылдам ұйқы, оның маңызы. Ұйқы мен сергу кезеңінің
гигиенасы.
6.
Бас мидың ассиметриясы жəне «солақайлық» мəселесі.
7.
Ұл балалар мен қыздарға жыныстық тəрбие беру.
8.
Қан жəне қан айналымының жастық ерекшеліктері.
9.
Əртүрлі жас кезеңдеріндегі топтардың тамақтану мөлшері.
10.
Ас қорыту бездері қызметін нейрогуморальды реттелудің жас
ерекшеліктері.
11.
Қанның иммундық қасиеттері. Иммунитеттің маңызы.
12.
Тұздар мен су алмасуының жас еркшеліктері.
13.
Балаларды оқыту мен олардың назар аудару жəне еске сақтау
үрдістерінің физиологиялық механизмдері.
14.
Оқушылардың арасында жұқпалы аурулардың алдын алу.
15.
Оқушылардың арасындағы гиподинамияның алдын алу шараларында
педагогикалық қызметкерлерінің ролі.
14
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ (СӨЖ)
ТАҚЫРЫПТАРЫ:
1.
Акселерация
мен
ретардация,
организмнің
реактивтілігі
мен
резистенттілігі.
2.
Тірек-қимыл аппаратының бұзылуларының алдын алу.
3.
Орталық жүйке жүйесінің əр түрлі бөлімдерінің құрылысы мен
қызметі.
4.
Ми қызметінің жетілуі мен когнитивтік қызметінің жүйелі қалыптасуы.
5.
Бастауыш сыныптағы оқушылардың сөйлеу жəне ойлау кабілеттерінің
дамуы.
6.
Невроздар. Олардың пайда болу себептері жəне алдын алу.
7.
Жасөспірімдердің
танымдық
əрекетінің
жəне
мінез-құлқының
нейрофизиологиялық механизмдері.
8.
Тері, қимыл, иіс пен дəм сезу жəне вестибулярлық сенсорлық
жүйелердің қызметтерінің оқушылардағы ерекшеліктері.
9.
Жасөспірімдік кезеңде ерте жыныстық қатынас жасаудың алдын алу.
Витаминдер жəне олардың физиологиялық маңызы. Авитаминоздар.
Гипо- жəне гипервитаминоздар.
10.
Гомеостаз. Биологиялық константалар туралы түсінік.
11.
Тыныс алу ағзаларының жас ерекшеліктері.
12.
Тағамдық уланулар мен олардың алдын алу.
13.
Оқушыларда зəр шығару-жыныс ағзалар ауруларының алдын алу.
14.
Шынықтырудың физиологиясы мен гигиенасы.
15.
Бейімделу, шынығу жəне білім алу.
ҰСЫНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Негізгі:
1.
Дүйсембин Қ.Д., Алиакбарова З.М. Жасқа сай физиология жəне
мектеп гигиенасы. (оқулық). Алматы, «Дəуір» - 2003.- 400 б.
2.
Неменко Б.А. Оспанова Г.К Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы
(Оқулық).- Алматы, 2002. – 348 с.
3.
Безруких М.М., Сонькин В.Д., Фарбер Д.А. Возрастная физиология.
М., Издательский центр «Академия». – 2007. – 416 с.
4.
Химич Г.З., Суркова О.А. Возрастная физиология и валеология.
Павлодар. - 2006. – 372 с.
5.
Айзман Р.И., Ширшова В.М. Избранные лекции по возрастной
физиологии и школьной гигиене. Новосибирск, Сибирское университетское
издательство. - 2002. – 134 с.
6.
Сапин М.Р., Брыксина З.Г. Анатомия, физиология детей и
подростков. - М.: Академия, 2007.- 432 с.
7.
Балгимбеков Ш.А., Ташенова Г.К., Нуркенов Т.Т. Курс лекций по
возрастной физиологии и школьной гигиене. – Алматы. – 2012. – 104 с.
Қосымша:
15
1.
Рымжанов К.С., Төленбек И.М. Адам мен жануарлар физиологиясы.
Алматы. РБК. - 2000.- 419 б.
2.
Куандыкова Р.К. Жас ерекешеліктер физиологиясы жəне мектеп
гигиенасы. Оқу құралы. Түркістан, 2003
3.
Дүйсембин Қ.Д. Орталық жүйке жүйесі жəне жоғары жүйке
əрекетінің физиологиясы. Алматы, 2001.- 217 б.
4.
Алиакбарова З.М. Мектеп гигиенасының негіздері. Екінші басылым.
Алматы, 2004.
5.
Балгимбеков Ш.А., Ташенова Г.К., Нуркенов Т.Т. Курс лекций по
возрастной физиологии и школьной гигиене. Алматы, 2012. – 104 с.
6.
Безруких М.М., Сонькин В.Д., Фарбер Д.А. Хрестоматия по
возрастной физиологии. М. «Академия», 2002. - 288 с.
7.Обреимова Н.И., Петрухин А.С. Основы анатомии, физиологии и
гигиены детей и подростков. - М.: Академия, 2000.- 376 с.
Авторлар:
Балғынбеков Ш. А. – медицина ғылымдарының докторы, профессор Абай
атындағы ҚазҰПУ
Ташенова Г. Қ. – доцент міндетін атқарушы, биология ғылымдарының
кандидаты Абай атындағы ҚазҰПУ
Нуркенов Т. Т. – аға оқытушы, биология магистрі Абай атындағы ҚазҰПУ
16
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМА
Ped 2202 Педагогика
«Білім» тобындағы мамандықтар үшін
3 кредит
Алматы, 2016
17
Алғы сөз
1. Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы ҚР БҒМ жоғары жəне жоғары оқу
орнынан кейінгі білім берудің РОƏК «Білім» тобы мамандықтары бойынша
Оқу-əдістемелік бірлестігінде ДАЙЫНДАЛҒАН жəне ҰСЫНЫЛҒАН
2.
Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігімен
БЕКІТІЛГЕН
жəне ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН
3. Типтік оқу бағдарлама 2016 жылғы ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті
білім беру стандартына сəйкес дайындалған. (Типтік оқу бағдарлама ҚР БҒМ
30.06.2016 ж., № 2 хаттамасымен бекітілген)
4. Пікір берушілер:
Ұзақбаева С.А. - п.ғ.д., профессор, Абылайхан атындағы ҚазХҚ жəне ƏТУ
Манкеш А.Е. - п.ғ.д., профессор Абай атындағы ҚазҰПУ
5.
ҚР
БҒМ
Републикалық
Оқу-əдістемелік
Кеңесі
мəжілісінде
ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
30.06.2016
ж., Хаттама №
2
.
Осы типтік бағдарламаны Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы ҚР БҒМ РОƏК «Білім»
тобындағы мамандықтары бойынша ОƏБ рұқсатынсыз көбейтуге жəне таратуға
болмайды.
18
Түсінік хат
«Педагогика» базалық пəнінің типтік бағдарламасы 5В010000 «Білім»
тобындағы бакалавриат мамандықтарына арналған.
Пəнді оқытудың мақсаты – орта білім беру жүйесінде педагогикалық
іс-əрекетті жүзеге асыру бойынша болашақ мұғалімдердің кəсіби-
педагогикалық бағыттылығы мен кəсіби құзыреттілігін қалыптастыру.
Пəнді оқытудың міндеттері:
1. Студенттерді болашақ мұғалімді даярлаудың негізі ретіндегі
мұғалімнің кəсіби іс-əрекетінің мəні мен өзгешелігі жəне кəсіби-
педагогикалық іс-əрекет теориясы туралы білімдермен қамтамасыз ету.
2. Болашақ мұғалімдерде өзіндік кəсіби іс-əрекет пен қазіргі заман
мұғалімі бейнесін жүйелі байқау біліктілігін қалыптастыру.
3. Үздіксіз кəсіби білім алуға ұстанымын қалыптастыру,
4. Болашақ мұғалімдерде дүниетанымдық ұстанымын дамыту жəне
теориялық білімдерін практикалық біліктіліктерге алмастыру қабілеттері
ретінде түйінді құзыреттіліктер жиынтығын (зерттеушілік, дидактикалық,
тəрбиелік, коммуникативтік, ақпараттық жəне т.б.) қалыптастыру.
5.
Студенттерде
өздігінен
білім
алу,
инновациялық
жəне
шығармашылық ғылыми-зерттеу іс-əрекеттеріне дайындығын дамыту.
6. Болашақ мұғалімнің кəсіби-маңызды тұлғалық қасиеттерін (ізгілік,
педагогикалық ойлау, коммуникативтік дағды, педагогикалық əдеп,
толеранттылық жəне т.б.) дамыту.
Осы типтік оқу бағдарламасында жаңа ұғымдар мен анықтамалар
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына (2007ж.), 2015 жылы
енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға, Қазақстан Республикасының Білім
беруді дамытуға арналған 2016-2019 жж.
Мемлекеттік бағдарламасына,
Болон декларациясына жəне білім беру саласындағы басқа да халықаралық
құжаттарға сəйкес қолданылады.
Оқу курсының негізіне білім берудің қазіргі парадигмасына сəйкес
жүйелілік,
тұлғалық-бағдарлық,
тұлғалық-іс-əрекеттік,
құзыреттілік,
сонымен бірге əлеуметтік-педагогикалық құбылыс ретінде тəрбиеге тарихи-
педагогикалық, тарихи-жүйелілік жəне аксиологиялық тұрғыдағы жетекші
идеялар алынады.
Типтік оқу бағдарламасының құрылымы мен мазмұны бірегей жүйе
ретінде тұтас педагогикалық үдерістің логикасы мен өзара байланысты
компоненттеріне сəйкес құрастырылған.
Оқу пəні мазмұнының құрылымында төмендегі ірі дидактикалық
бірліктер (бөлімдер) бөліп көрсетіледі: педагогикалық мамандыққа кіріспе;
педагогиканың теориялық-əдіснамалық негіздері; тұтас педагогикалық
үдерістің теориясы мен практикасы.
Бағдарламалық материалдардың ерекшеліктері тақырыптарда жаңа
тұрғылар мен анықтамалар, педагогикалық теория мен практиканың əлемдік
дамуының жаңа тенденцияларының ашып көрсетілуі, нəтижесінде белсенді
19
дүниетанымдық ұстанымы бар болашақ мұғалімнің құзыретті, мобильді жəне
креативті тұлғасына бағытталуы болып табылады. Пəн мазмұнының
құзыретті-тұлғалық
сипаты
дəрістік
жəне
семинар
сабақтарының
тақырыптарынан
ғана
емес,
СӨЖ
мен
СОӨЖ
тапсырмаларында
интербелсенді оқыту əдістерін, мультимедиялық құралдарды, интернет-
ресурстарды жəне т.б. қолданудан; білім беру мекемелерінде типтік кəсіби
міндеттерді шешу үшін жағдай жасаудан көрінеді.
Пəннің тақырыптық жоспары
№
Тақырыптары
І бөлім. Педагогикалық мамандыққа кіріспе
1
Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық рөлі
2
Педагогикалық кəсіп пен іс-əрекеттің жалпы сипаттамасы
3
Педагогтың тұлғасы жəне оның кəсіби құзыреттілігі
4
Педагогтың үздіксіз кəсіби өсуінің факторлары
ІІ бөлім. Педагогиканың теориялық-əдіснамалық негіздері
1
Педагогика адам туралы ғылым жүйесінде
2
Педагогикалық зерттеудің əдіснамалық негіздері мен əдістері
3
Жеке тұлға тəрбиенің объектісі, субъектісі ретінде жəне оның дамуы
мен қалыптасуының факторы
ІІІ бөлім. Тұтас педагогикалық үдерістің теориясы мен практикасы
1-тарау. Тұтас педагогикалық үдерістің жүйе құрушы компоненттері
1
Тұтас педагогикалық үдерістің (ТПҮ) мəні жəне құрылымы
2
Тəрбиенің мақсаты, оның əлеуметтік тұрғыдан негізделуі
3
Ғылыми дүниетаным – оқушының интеллектуалды дамуының негізі
2-тарау. Тұтас педагогикалық үдерістегі тəрбие
1
Тұтас педагогикалық үдерістегі тəрбиенің мəні мен мазмұны
2
Тəрбиенің құралдары мен формалары
3
Тəрбиенің əдістері
4
Отбасы тəрбиесінің негіздері
3-тарау. Оқыту -- тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі
1
Оқыту үдерісінің маңызы
2
Қазіргі мектептегі білім беру мазмұнының ғылыми негіздері
3
Оқыту формалары, əдістері мен құралдары ТПҮ-нің қозғаушы
механизмі ретінде
4
Сабақ – оқытудың негізгі формасы
5
Оқыту əдістері
6
Оқытудағы диагностика жəне бақылау
7
Оқушылардың тұтас педагогикалық үдерістегі танымдық іс-əрекетін
20
белсендендіру
8
Мұғалімнің кəсіби іс-əрекетіндегі оқыту технологиялары
Жоғары кəсіптік білім берудің мемлекеттік стандартының бітіруші түлек
құзыреттілігіне қойылатын талаптарына сəйкес, студент
-
ғылым мен білімнің қоғамдық өмірдегі рөлі туралы;
-
əлемдік білім кеңістігіндегі қазіргі тенденциялар жөнінде;
-
12-жылдық орта білім беретін мұғалімнің кəсіби құзыреттіліктері
туралы жəне т.б. түсінуге;
-
қазіргі қоғамдағы педагогтың əлеуметтік мəні мен рөлі туралы;
-
болашақ мамандықтарының əлеуметтік мəні мен мазмұны туралы;
-
болашақ мұғалім іс-əрекетінің объектісі жайлы;
-
педагогтың үздіксіз кəсіби-тұлғалық қалыптасуының факторлары
туралы.
-
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі туралы;
-
педагогиканың теориялық-əдіснамалық негіздерін жəне оның даму
тарихын, əлемдік педагогикалық мұраларды;
-
тұтас педагогикалық үдеріс теориясы мен практикасын;
-
педагогикалық үдерісті жүзеге асыру технологиясын;
-
мектептің
педагогикалық
үдерісін
басқарудың
мазмұны
мен
ерекшеліктерін жəне т.б. білуге;
-
педагогикалық үдерісте педагогикалық қарым-қатынасты орната алу
жəне өзара əрекеттестікті жүзеге асыру;
-
сөйлеу жəне педагогикалық қарым-қатынас мəдениетін, өздігінен білім
алу жəне өзін-өзі тəрбиелеу негіздерін меңгеру;
-
педагогикалық үдеріс заңдылықтарына, тəрбиелік тетіктеріне сəйкес
оқу-тəрбие жұмыстарын жобалау жəне жүзеге асыру;
-
сыныпта негізгі сипаттамасына (өзгермелі) жəне оның ары қарай
дамуын болжау бойынша оқу-тəрбие үдерісін диагностикалауды іске асыру;
-
оқу-тəрбие міндеттерін тұжырымдау, осы міндеттерге адекватты іс-
əрекет түрлерін, формалары мен əдістерін таңдау;
-
білім беру мен тəрбиелеу үдерісіне өзіндік қатынасын дайындау,
тарихтың əр түрлі кезеңдеріндегі білім беру жүйесінің даму тенденцияларын
жете ұғыну жəне т.б. біліктіліктерін игеруге;
-
ғылыми-зерттеушілік іс-əрекетті;
-
педагогикалық қатынас пен педагогикалық техниканы;
-
педагогикалық үдерістің барлық қатысушыларымен субъект-субъектілі
өзара əрекеттестікті ұйымдастыру;
-
білім беру кеңістігінде педагогикалық технологияларды қолдану;
-
педагогикадан алған білімді кəсіптік практиканы өту барысында
қолдану, сонымен қатар кəсіби міндеттерді шешу; кəсіби іс-əрекетке
байланысты алуан түрлі жағдайлар мен жағдаяттарда икемді жəне мобилді
(ұтқыр) болу дағдыларын меңгеруге;
21
-
білім беру жүйесіндегі нормативті құжаттарда бекітілген кəсіби
міндеттерді орындауда;
-
қазіргі мектептегі кəсіби-педагогикалық іс-əрекет саласында;
-
кəсіби біліктіліктер мен дағдыларды ары қарай дамыту тəсілдерінде
құзыретті болуға міндетті.
Педагогика гуманитарлық білім жүйесіндегі пəнаралық байланыстар
арқылы жүзеге асыруды талап ететін ғылым ретінде интеллектуалды тұлғаны
қалыптастыруға бағдарланған. Бұл педагогика курсын оқыту студентке
педагогикалық іс-əрекет пен нақты мотивацияланған өмірлік таңдауын
сəйкестендіруге, сонымен қатар үздіксіз білім алу мен өздігінен білім алу
қажеттілігін жете түсінуіне септігін тигізеді.
Пререквизиттер: «Қазақстан тарихы», «Мəнгілік Ел», «Оқушылардың
даму физиологиясы», «Психология», «Өзін-өзі тану».
Постреквизиттер: «Педагогика» пəні «Əлеуметтану», «Мəдениеттану»,
«Білім беру менеджменті», «Тəрбие жұмысының теориясы мен əдістемесі»,
«Арнайы пəндерді оқыту əдістемесі», таңдау бағыты бойынша əртүрлі
элективті педагогикалық курстарды оқытуда, сонымен қатар оқу жəне
өндірістік педагогикалық практика үшін негіз қалыптастырады.
Бағдарламаның мазмұны
І бөлім. Педагогикалық мамандыққа кіріспе
1
- тақырып. Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық рөлі
Заманауи мəдениеттегі білім берудің орны мен рөлі. Білімнің
əлеуметтік мəні. «Білім берудің» үш түрлі мағынасы. Білім беру құндылық
ретінде. Білім беру үдеріс жəне нəтиже ретінде. Білім беру жүйе ретінде.
Білім беру – адамның тұлғалық жəне кəсіптік дамуының факторы.
Қазіргі білім беру парадигмасы: нəтижеге жəне жеке тұлғаға
бағдарлануы. Білім беру – ХХІ ғасырдағы стратегиялық басымдылық. Білім
беру саласындағы өзгерістерге əсер ететін факторлар. Дүниежүзлік білім
беру жүйесінің негізгі даму бағыттары. Үздіксіз, ашық білім беруге ауысу –
қазіргі білім берудің дамуындағы жетекші дүниежүзілік тенденциялардың
бірі. Қазіргі кездегі орта білім берудің дамуындағы негізгі тенденциялар.
Білім беру жүйесі туралы түсінік. Қазақстан Республикасының білім
беру жүйесінің заңнамалық негіздері. Қазақстан Республикасындағы
мемлекеттік білім беру саясаты. Білім беру саясатының қағидалары.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің құрылымы. Жалпы орты
білім беру – білім беру жүйесінің базалық бөлігі жəне білім алушылар
тұлғасының зияткерлік əлеуетін, функционалдық сауаттылығын дамытудың
негізі. Орта білім беруді жүргізу мекемелерінің типтері. Қазақстан
22
Республикасындағы
шағын
комплектілі
мектептер.
Қазақстан
Республикасындағы инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы. 12-жылдық
орта білім беру моделі. Педагогтың жеке тұлғаның қалыптасуындағы жəне
қазіргі уақытта орта білім міндеттерін шешудегі рөлі.
Негізгі ұғымдар: білім беру, білім беру парадигмасы, əлемдік білім
беру кеңістігі, білім берудің дамуындағы тенденциялар, білім беру жүйесі,
жалпы орта білім беру, инклюзивті білім беру, тұлғаның зияткерлік əлеуеті,
функционалдық сауаттылық.
2 - тақырып. Педагогикалық кəсіп пен іс-əрекеттің жалпы
сипаттамасы
Кəсіп жəне мамандық туралы түсінік. Педагогикалық мамандықтың
пайда болуы жəне қалыптасуы. Педагогикалық мамандықтың өзгешелігі,
оның гуманистік сипаты. Мұғалім еңбегінің профессиограммасы – мұғалім
тұлғасының моделі ретінде. Білім беру деңгейлері бойынша педагог
қызметінің квалификациялық сипаттамасы.
Педагогикалық іс-əрекеттің кəсіби стандарты педагогтың білімі, білігі,
іскерлігі жəне тұлғалық қасиеттеріне қойылатын минималды талаптар
жүйесі ретінде. Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттарында
анықталған қазіргі заман мұғаліміне қойылатын кəсіби талаптар жəне оның
құқықтары мен міндеттері.
Педагогикалық іс-əрекет – əлеуметтік іс-əрекеттің ерекше түрі. Кəсіби-
педагогикалық іс-əрекеттің мəні, құрылымы мен мазмұны. Мұғалім іс-
əрекетінің объектісі – педагогикалық үдеріс. Педагог-мұғалім жəне тəрбиеші
іс-əрекетінің ерекшеліктері. Педагогикалық іс-əрекеттің функциялары.
Педагогикалық
іс-əрекеттің
ұжымдық,
шығармашылық,
ізгілік,
көпфункционалдық сипаты. Педагогикалық үдерістегі мұғалім іс-əрекетінің
функционалды түрлері. Мұғалімнің кəсіби іс-əрекетінің тұтастығы.
Мұғалімнің педагогикалық іс-əрекетінің стилі.
Негізгі ұғымдар: педагогикалық кəсіп, квалификациялық сипаттама,
профессиограмма, кəсіби стандарт, педагогикалық іс-əрекет, түрлері,
функциялары, кəсіби-педагогикалық біліктіліктер, кəсіби маңызды қасиеттер,
педагогикалық шығармашылық.
3 тақырып. Педагогтың тұлғасы жəне оның кəсіби құзыреттілігі
Жеке тұлға ғылыми категория ретінде. Жеке тұлғаның психологиялық-
педагогикалық сипаттамасы, жеке тұлға компоненттері. Жеке тұлғаның
қалыптасу кезеңдері. Жеке тұлға - іс-əрекет объектісі жəне субъектісі. Қазіргі
əлеуметтік-мəдени жағдайлар жəне олардың жеке тұлғаға əсері. Тұлғалық-
бағдарлық білім беру тұжырымдамасы.
Мұғалім тұлғасына қойылатын қазіргі талаптар. Педагогтық кəсіпке
деген қызығушылық, оның қоғамдағы рөлін түсіну болашақ мұғалімнің
кəсіби жолды таңдауындағы жəне кəсіби өзін-өзі жетілдіруіндегі жетекші
23
мотивтер ретінде. Педагогикалық бейімділік пен педагогикалық қабілеттілік
педагог тұлғасының кəсіби маңызды қасиеттерін қалыптастырудың
психологиялық
негізі.
Педагогикалық
қабілеттілік
пен
педагогтың
авторитеті. Бағыттылық - педагог тұлғасының кəсіби маңызды қасиеттері
жəне оның ерекшеліктері.
Тұтас
педагогикалық
үдерістегі
тұлғалық
қатынас
мəселесі.
Педагогикалық этика жəне мұғалім əдебі – педагогикалық үдеріс
субъектілері арасындағы өзара қатынастың негізі. Педагогтың жалпы жəне
кəсіби мəдениеті: мəні, өзгешелігі, өзара байланысы.
Педагогикалық білім беруді жаңғыртудың əлемдік тенденциялары.
Педагогикалық білім беруді құзыреттілік негізінде жаңғырту.
«Құзыреттілік», «құзырет», «құзыреттілік тəсілі», «мұғалімнің кəсіби-
педагогикалық құзыреттілігі» ұғымдарының мəні. Кəсіби құзыреттілік жəне
педагогикалық шеберлік. Педагогикалық шеберлікті қалыптастырудың
шарттары жəне негізгі психологиялық-педагогикалық алғышарттары.
Мұғалімнің кəсіби-педагогикалық өсуінің қазіргі заманғы формалары. ХХІ
ғасырдағы ұстаз моделі.
Негізгі ұғымдар: тұлға, тұлғалық қатынастар, тұлғалық-бағдарлық
білім беру, болашақ мұғалім тұлғасы, іс-əрекет объектісі жəне субъектісі,
мұғалім тұлғасының кəсіби-маңызды қасиеттері, құзыреттілік, құзырет ,
құзыреттілік тəсілі, кəсіби-педагогикалық құзыреттіліктер.
Достарыңызбен бөлісу: |