Edit және Memo - ге фокусты бергеннен (пернелер тақтасымен байланыстырғаннан) кейін енгізу жолында редакторлау көрсеткіші жыпылықтап тұрған тік сызық түрінде пернелер тақтасынан символды енгізетін позицияны көрсетіп тұрады. Осы көрсеткішті жылжыту пернелер тақтасындағы көрсеткішті басқару пернелерінің көмегімен орындалады.
Мәліметті редакторлау әрекеттерімен байланыспаған компоненттерге фокусты бергенде, көрсеткіш қара төртбырышпен бейнеленеді. Мысалы, төртбүрыш Buttonбатырмасының сыртында орналасады, ал ListBox тізімінің таңдалған бір жолын белгілеп (бұл жол басқа түспен боялады, мысалы көк түспен ) тұрады.
Терезелік емес басқару элементттерінің негізі болып TControl - дың туындысы TGraphicControlтүрі саналады. Терезелік емес басқару элементттеріне фокус берілмейді және оларды контейнер ретінде қолдануға болмайды. Терезелік емес басқару элементттерінің артықшылығы - дескриптордың қажеті жоқ болғандықтан, осындай элементтке кететін компьютердің ресурстары біршама төмен болады. Мысалы, программада құралдар тақташасын құрастыру үшін стандартты Button батырмасының орнына SpeedButton - жылдам батырмалардың орнатылғаны жөн.
Визуалдық компоненттердің көптеген ортақ қасиеттері, оқиғалары және әдістері болады.