Әдістері Delphi ортасының визуалдық және визуалдық емес компоненттері көптеген әдістермен байланысты болады. Ол әдістер арқылы объектілерді құрастыру, оларды жойып тастау, сызу, бейнелеу, жасыру және т.с.с. операцияларды орындауға болады. Визуалдық компоненттерге жиі қолданылатын әдістерді қарастырайық.
SetFocus прцедурасы терезелік басқару элементтіне енгізу фокусын береді. Егер басқару элементті қазіргі мезетте енгізу фокусын қабылдай алмайтын жағдайда болса, онда қате шығады. Сондықтан фокусты элементтке беру алдында элементттің фокусты қабылдайтын қабылетін CanFocus функциясы арқылы тексеру керек. Егер функцияның нәтижесі True болса, онда элементтке фокусты беруге болады, керісінше (False) - элементт фокусты қабылдай алмайды. Фокусты қабылдамайтын жағдай - элементт екпінді емес күйде болуы, яғни оның Enabled қасиетінің мәні False болғандығы анықтайды.
Clear әдісі элементттің мазмүнын (мәтіндік немесе сандық берігендерді) жойып тастайды, яғни элементті тазалайды.
Refresh әдісі басқару элементттерін жаңарту үшін қолданылады. Жаңарту дегеніміз, элементті алып тастау және қайтадан салу деп түсіну қажет. Элементтті қайталап салу қажет болса, әдетте осы әдіс автоматты түрде шақырылады. Бірақ кейде, программалаушы қайталап салу әрекеттерін өзі басқарып отырған жағдайда, бұл әдісті программа кодында көлтіру қажет.
Refresh әдісі Invalidate және UpDate әдістерін шақырып отырады. Invalidate әдісі Windows ортасына бейнені жаңарту қажеттігі туралы хабар жібереді. Жүйе осы операцияны мүмкін болғанда ғана орындайды. UpDate әдісі бойынша хабар келісімен бірден жаңарту операциясы орындала береді.
Информацияны енгізу және редакторлау
Delphi ортасының Edit, MaskEdit, Memo, RichEdit компоненттері арқылы информацияны енгізуге және оны өзгеруге болады. Edit компоненті Enter пернесінің басылғанына сезінбейді.
Edit - тің CharCase қасиеті енгізілетін мәтіндегі әріптердің регистрын анықтайды:
EcLowerCase - барлық көрсетілген әріптерді кіші әріпке аударады;
EcNormal - әріптерді көрсетілген түрінде бейнелейді;
EcUpperCase - барлық көрсетілген әріптерді бас әріпке аударады.
Егер Edit - тың Password (қупия сөз) қасиетінің мәні #0 болса, онда енгізу жолында терілген таңбалар көрініп тұрады. Енгізілген информацияны көрсетпеу үшін Password мәні #0 - ден тыс болу керек. Енгізу жолындағы таңбалардың орнында жүлдызшалар (*) тұрады.
MaskEdit компоненті енгізілетін берілгендің үлгісін анықтайды (мысалы, бүтін, нақты сандарды, датаны немесе телефон нөмірін). Үлгі компоненттің EditMask қасиеті арқылы анықталады. Сол қасиеттің оң жағын екі рет сырт еткізіп, шыққан терезеде берілгендердің үлгісін анықтауға болады.
Жалпы Edit элементті Enter және Esc басқару пернелерін басқанға сезінбейді. Enter пернесін басқандағы орындалатын әрекеттерді программалаушы әдейі көрсету керек. Әдетте бұл перненің басылуы редактордың жолындағы берілгендің соңын және басқа басқару элементтіне өту, яғни SetFocus әдісі немесе ActiveControl қасиетінің мәнін көрсету арқылы оған енгізу фокусын беру қажеттілігін анықтайды. Жиі кездесетін бір жәйт - басқару бір енгізу элементтіне берілгенін көрсеткеннен кейін басқа басқару элементтіне өткенде (табуляция орындалғанда), Enter пернесін басумен байланысты оқиғаны бөліп өңдеу тәсілі қолданылады.