ProgressBar1 компонентінің Caption немесе Text қасиеттері жоқ болғандықтан, жұмыс атқару индикаторын жазумен қамту үшін, Label компонентін қолдануға болады.
Samplesпарағында орналасқан Gauge элементі қарапайым диаграммаларды шығаруда қолданылады. Gauge компоненті арқылы белгілі бір параметрдің мәнін пайызға сәйкестеп, лайықтап шығарады.
Kind қасиеті шығарылатын диаграмманың түрін анықтайды және оның мәні келесідей бола алады :
GkHorizontalBar - көлденең төртбұрыш;
gkVerticalBar - тік төртбұрыш;
gkPie - сектор;
gkNeedle - спидометр;
g kText - тек қана мәтін.
Диаграмма түрлері
BorderStyle - жиектерінің түрі bsSingleдеп анықталса, онда жиегі жіңішке сызықпен салынады. Егер bsNoneдеп анықталса- жиегі болмайды. ForeColor - индикатордың түсін, BackColor диаграмманың индикатордан бос аймағының түсін, Progress - параметр мәнін пайызға сәйкестеп анықтайды.