MinValue және MaxValue - параметрдің ең кіші және ең үлкен мәндерін анықтайды (әдетте ол мәндер - 0% және 100% ).
Мысалы, бейнетаспаны ойнау Animate компоненті арқылы іске асырылады. Бұл компонент тек тығыздалмаған графикалық бейне бөлігін ойнауға бейімделген. Осы әрекеттің орындалуын графикалық түрде ProgressBar компоненті арқылы көрсетуге болады.
График және диаграмма Chart компоненті әртүрлі күрделі диаграммаларды салуда қолданылады. Бұл компоненттің құрамындағы көптеген қасиеттері өздері объект ретінде анықталған және олардың ішкі қасиеттері болады.
Тәжiрибеде Chart компонентінің параметрлерін анықтау әрекеттері EditingChart редакторының терезесінде анықталады. Ол терезені шақыру үшін формадағы TСhart терезесiн екі рет сырт еткізіңіз немесе тышқанның оң жақ батырмасын басқандағы EditChart опциясын таңдаңыз. Ашылған редактордың терезесіндегі Seriesпараметрінде Add батырмасын басу арқылы диаграмманың немесе графиктің түрін анықтауға болады.
Берілгендердің шығар көзі Series=> DataSource парағында анықталады. Егер берілгендердің жиыны қосымшаның орындалу барысында қалыптастандырылса, онда Nodata деп көрсету керек.