Визуалдық компоненттерді қолданудың негіздері. Визуалдық компоненттер жиынағының (VCL) құрамындағы барлық компоненттердің алғы буыны ТControl класы деп саналады. Осы класс компоненттің мекен – жәйын, мөлшерін, оның тақырыбын, түсін және басқа да сипттамаларын қамтиды. Сипаттамаларымен бірге аталған класқа барлық визуалдық компоненттердің ортақ қасиеттері, оқиғалары және әдістері жатады. Визуалдық компоненттерді екі үлкен топқа бөлуге болады: терезелік және де терезелік емес.
Терезелік компоненттер - белгілі бір қажеттілікке арнайы даярланған терезе. Оларға командалық батырмаларды, редакторлау терезелерін, қарап шығу белдеулерін және т.с.с жатқызуға болады. Терезелік элементттер TWinControl (Tcontrol класының туындысы) түріне жатады. Терезелік элементттерге фокусты беру төменгі екі әдістің біреумен орындалады: