Қазастан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет22/87
Дата08.02.2022
өлшемі294,72 Kb.
#121739
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   87
Байланысты:
азастан республикасы білім ж не ылым министрлігі

Арнайы оқу -әдістемелік қамтамасыз ету
Есту қабілеті нашар балаларға арнайы сыныпта білім беру түзету компоненті бар арнайы типтік оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі.
Оқыту төмендегідей жүзеге асырылады:
а) естімейтін оқушылардың "0" (дайындық) және 1-7-сыныптарда – арнайы бағдарламалар бойынша, 8-11 сыныптарда жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқиды, білім беру мазмұны оқудың ұзақтығы 1 жылға артуына байланысты қайта бөлінеді және білім алушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып бағдарлама бейімделеді.
б) нашар еститін және кейіннен естімей қалған балалар «0» (дайындық) және 1-4 сыныптарда арнайы бағдарламалар бойынша, 5-11 сыныптарда жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша, білім беру мазмұны оқудың ұзақтығы 1 жылға артуына байланысты қайта бөлінеді және білім алушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып бағдарлама бейімделеді.
Арнайы бағдарламалар мазмұнында жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың естуінің төмендігі және сөйлеу қабілеті дамымай қалғандығын ескерген.
Ол коррекциялық бағытта сипатталады және есту түйсігін дамытуды, тілдік дағдыларды практикалық қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Есту қабілеті бұзылған балаларға білім беру мазмұнын анықтау кезінде білім алушыға жалпы білім беру және тәрбиелеудің, сондай-ақ арнайы білім берудің міндеттері есептеледі.
Оқытудың негізгі міндеттері мен принциптерінде балалардың даму ерекшеліктерін ескере отырып айқындалған және есту қабілеті бұзылуы салдарын тиімді меңгеруге қажетті педагогикалық жағдайды құру, оқыту процесінде түзету-алмастыру (компенсаторлық мүмкіндіктерін қосу) базасын қамтамасыз ету қарастырылған.
Естуді қабылдауды дамытуға арнайы еріннен оқу, дыбысты айту жұмысы, есту- көру негіздерін қалыптастыру ықпал етеді, оқушылардың ауызша сөйлеуін жетілдіруге және түйсіну дағдыларын қалыптастыруға, әр түрлі сөзге жатпайтын дыбыстар шығаруын, музыканы қабылдауына назар аударылады.
Білім алудың ерекше қажеттілігін қанағаттандыру Түзете-дамытушылық жұмыс бүкіл педагогикалық процесті қамтиды және балалардың оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етеді.
Есту қабілеті бұзылған балаларды оқытудағы түзету жұмысының бағыттары ақпараттар мен білімдерін талдауға ерекше жағдайлар жасау, әлеуметтік байланыстар мен балалардың қажеттіліктерін, пәнаралық байланыстар мен танымдық қызығушылықтарын дамыту, арнайы оқыту әдістерін таңдау, арнайы түзету пәндері арқылы жүзеге асырылады.
Типтік оқу жоспарында арнайы түзету курсы қарастырылған:
«Заттық-тәжірибелік оқыту», «Түзету ырғағы» және жеке-топтық сабақтарда естуді қабылдауы мен дұрыс айтуын дамыту.
«Заттық-тәжірибелік оқыту» (ЗТО) оқу курсының мақсаты: тілді меңгеру мен жоғары психикалық функцияларды қалыптастыру үшін полимодальды сезіну негізінде танып білу және қарапайым тұрмыстық түсініктерді пайдалану деңгейінде білім беру.
«Түзету ырғағы» оқушылардың есту қабілетін музыка арқылы дамытуға, есту-көру және есту, сөйлеу қабілетін жетілдіру яғни естіп қабылдауын интенсивті дамыту жағдайында сөйлеу тілі мен қимылдарын дамытуға бағытталған.
Оқушылардың назарын, жадын, ақыл ой, шығармашылық қабілеттерін, ұжымдық іс-әрекетінің дағдыларын дамытады.
Естуді және айтылуды дамыту үшін түзету сабақтары жеке және шағын топтарда жүргізіледі.
Бұл сабақтарда түзету жұмысы электроакустикалық аппаратураны қолданып, естіп қабылдауын интенсивті дамыту жағдайында сөйлеу тілі мен қимылдарын дамытуға бағытталған.
Ауызша сөйлеуді дамыту жұмысы кешенді зерттеу негізінде анықталған мүмкіндіктер мен есту-көру резервтерін дамыту, ауызша сөйлеуді естіп қабылдау, оқушылардың жеке психофизикалық ерекшеліктерін, сөйлеуді дамыту деңгейін ескере отырып айтылу дағдыларына саралап құрылады.
«Ым-ишараттық сөйлеу тілі» оқу курсы тек құлағы естімейтін балалар үшін, оның қалауы бойынша естімейтіндердің шағын әлеуметтік ортасына кіруіне негізделіп 4- 11-сыныпқа енгізілген және оқушы үшін сол ортадағы коммуникативтік қызметті атқарады. Қазақстан Республикасында естімейтіндерді оқыту үдерісі есту-көру негізінде жүзеге асырылады, ал білім беру үдерісінде ым-ишараттық сөйлеу тілі көмекші тәсіл ретінде қолданылады. Ым-ишараттық сөйлеу тілін сауатты меңгерудің нәтижесінде оқушылар бағдарлама материалын сапалы игереді.
Есту қабілеті бұзылған оқушылар негізгі орта білім беру мектебін бітіргенге дейін оқу процесіне қатысуы үшін түзету курстарын қажет етеді. Ол арнайы ұйымдастырылған есту-сөйлеу ортасын қамтамасыз етеді, бағдарламада талап етілетін білім көлемін қажетті даму деңгейіне дейін меңгеруіне мүмкіндік береді, оқытудың барлық кезеңінде балаларды іргелі қабілеттерін қалыптастыру үшін функционалдық қолдау болады.
Арнайы білім беру қажеттіліктері бар оқушыларда біліктілікті, дағдыларды және денсаулықтың психо-совматикалық резервін меңгерудің түрлі мүмкіндіктері бар. Жалпы білім беретін мектептер осы айырмашылықтарды ескеру керек. Атап айтқанда , жалпы білім беретін ортада балалардың енгізу түрлі нысандарын қамтамасыз етуге қажетті:
а) қалыпты сыныпта оқыту-танымдық қабілеттері сақталған оқушыларға арналған мұғалімнің жеке әрекеттері ғана қажеттілігі мүмкін болып табылатын арнайы білім беру бағдарламалары , олар үшін талап етілмейді. Осы сыныпқа ерекше қажеттіліктері бар 1-2 оқушыны оқытуға болады. Мұндай сыныпта ауытқуы жоқ оқушыларды оқытатын педагогтар, білім беру саласындағы маман бола алады. Қажет болған жағдайда, мұғалім, психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мамандарынан, ресурс орталықтарынан қосымша кәсіби ақпараттар ала алады.
б) арнайы сыныпта оқыту – арнайы жағдайлар талап етілетін (арнайы бағдарлама, арнайы әдістер мен оқыту, нақты жабдықтар мен дидактикалық құралдар, нәзік психологиялық-педагогикалық режимінде) оқушыларға арналған. Бұл сыныптарда арнайы педагогикалық білімі бар немесе курстық оқудан өткен мұғалімдер жұмыс істеуі тиіс. Арнайы білім беру ұйымдарының ұсынымымен оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру барлық талаптарға сәйкес арнайы оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша жүргізіледі.
Есту қабілеті, көру, интеллект, сөйлеулерінде қатты бұзылулары, ақыл-есі, тірек-қимыл жүйесінің патологиясы бар балаларға арналған - арнайы сыныптар бұзылушылық түрлері бойынша саралануы тиіс. Оларда контингенттердің болуына қарай, сонымен қатар ата-аналардың ниеттеріне байланысты балаларды оқыту үшін арнайы сыныптар ашылады. Бұл жағдайда барлық сабақтан тыс іс-шаралар (үйірмелер, факультативтер, спорттық, тәрбиелік), қалыпты сынып оқушыларымен бірлесе отырып жүзеге асырылады.
Түзету курстары және жалпы білім беретін пәндердің құрамдас түзету бөлігі есебінен есту қабілеті бұзылған оқушыларға МЖМБС талаптарына сәйкес білім беру мүмкіндігі бар.
Барлық жалпы білім беретін пәндер мен түзету курстарының бағыттары:

  • түйсініп қабылдау (сенсорлық – перцептивті) белсенділігін ынталандыру (есту-көру және естуді қоса алғанда барлық қабылдау түрлерін дамыту);

  • айналадағы заттарды түрліше сезіну түйсігін (түрлі модальді), соның ішінде дыбыстарды сезінудің көптүрлілігі ұғымын дамыту;

  • қимыл-қозғалысын дамыту (моторикасын), шынайы нысандарды зерттеу тәсілдері мен олардың кескіні мен модельдерін жасау;

  • дыбыс күшейткіш құралдарды тұрақты қолдана отырып, кең ауқымда коммуникативті практиканы дамыту үшін жағдай жасау ;

  • әлеуметтік қажеттіліктерін жандандыру, дербес және түрлі бірлестікте жұмыс жасау біліктіліктерін дамыту;

  • әртүрлі сөйлеу түрін қолдану мүмкіндігін және қажеттілігін дамыту (есту-көру, сөйлеуді естіп қабылдауы, ауызша, жазбаша , ауызша-дактильді сөйлеу түрін қолдану);

  • өз іс-әрекетін жоспарлау және жобалау дағдыларын дамыту (практикалық және сөйлеу);

  • қарым-қатынасқа арналған қажетті және жалпыға ортақ сөйлеудің білім құралын жасау арқылы, оның ішінде, терминологиялық сөздік және базалық лексика-грамматикалық құрылым арқылы қайталап өту;

  • танымдық үдерістерін және эмоциональды-еріктік аймағын кеңейту.

  • Есту қабілеті бұзылған балаларды оқытуға қолданылатын әдістемелер бірнеше қосымша жүйелерден тұрады: сөйлеуді қалыптастыру әдістемесі және мектептегі білім беруде тілге үйретуді пән ретінде оқыту, ғылым негіздерін оқыту әдістемесі, естіп қабылдауды қолдануды дамыту әдістемесі. Барлық оқыту әдістемелері есту қабілеті бұзылған оқушылардың материалды көпсенсорлық сипатта қабылдауына арналған . Педагогикалық процесс естіп көру негізіне құрылған, педагогты олардың естіп қабылдауын бақылап, үнемі назарда ұстауына, түзетіп отыруға, дыбыстап-буындап сөйлеу құрылымын нақтылап отыруға міндеттейді.

Көрнекі құралдардың да рөлі айрықша: ол біріншіден оқу материалын иллюстрацияламайды, ол оның мазмұнын көрнекі түрде ашады. Көрнекі-іс-әрекет құралдары мен әдістері түсіну мен елестетуді қалыптастыруға, осы және басқа құбылыстарға себеп-салдарлық қарым-қатынас орнатуға, пәнаралық байланыстарды көрнекілікпен белгілеуге көмектеседі.
Естімейтін және нашар еститін балаларды оқытуда қосымша құрал ретінде сөйлеуді қабылдауын, сөздің дыбыстық құрамын түсінуді жеңілдететін дактилология тәрізді арнайы құралдарды қолдану қажет. Ым-ишарамен сөйлеу оқытудың негізгі емес қосымша құралы ретінде тек естімейтін балаларға қолданылады. Оқу материалын қабылдау есту-көру негізінде аудио визуальды және сурдотехникалық құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Есту қабілеті бұзылған балаларды оқыту түрлі типтегі электроакустикалық дыбыскүшейткіш аппаратураларды тұрақты пайдалану арқылы өткізіледі (күндізгі ұжымдық және дербес пайдалану және дербес есту аппараттарын, есту кабинетіндегі және мектеп залындағы магниттік ілгіш, радиофицирленген мектеп залы, рекреациялар, кіреберіс, вестибюль). Еступротездеу және қалған естуін дамыту бойынша қарқынды жұмыс жүргізу үшін аудиометрлер мен сурдолог- дәрігердің, аудиологтің көмегі қажет. Есту қабілеті бұзылған балаларды оқытатын мектептердің фонотекасы, музыкалық құралдары, дыбыс шығаратын ойыншықтары болуы қажет. Мектепте есту қабілеті бұзылған балалардың өмір сүру әрекетіне сәйкес орта құрылу қажет, сенсорлық жағдаймен қамтамасыз ететін оқу-материалдық базасы, сөйлеуді қабылдауға арналған қолайлы жағдайы болуы керек. Мектеп жеке және ұжымдық түзету сабақтарын өткізуге арналған кабинеттермен, түзету ритмикасы сабақтарын өткізуге арналған залмен, оқу шеберханаларымен, сонымен қатар, арнайы компьютерлік бағдарламалармен, оқу, әдістемелік және балалар кітапханасымен жабдықталуы қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет