Қазастан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет36/87
Дата08.02.2022
өлшемі294,72 Kb.
#121739
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   87
Байланысты:
азастан республикасы білім ж не ылым министрлігі

Дәрістің түрі: ақпараттық
Дәрістің мақсаты: Эмоционалды – ерік сферасы зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу және аутизмі бар балаларға тәрбие беру жолдарын талдау.
Эмоционалды – ерік сферасы зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу. Аутизмі бар балаларға білім беру.
Бала аутизмі дегеніміз – туа пайда болған қарым-қатынас, әлеуметтік өзара әсер ету бұзылыстары мен қиындықтары, мінез-құлықтағы стереотипті жағдайлар түрінде байқалатын психикалық дамудың бұзылысы.
Аутизмі бар балалардың білім беру ұйымдарында білім алуы және әлеуметтік бейімделу мүмкіндіктері аутизмнің дәрежесіне қарай ажыратылады. Аутизмнің жеңіл түрлері бар балаларда ауыр түрдегі аутизмі бар балаларға қарағанда білімді меңгеруі мен әлеуметтік бейімделуі жоғары болуы мүмкін. Аутизмнің түрлеріне қарай психикалық дамудың өзіндік түрі мен ерекшеліктері жалпы және арнайы білім беру бағдарламалары бойынша оқу мүмкіндіктері мен болжамын белгілейді.
Аутизмі бар балалар зерде мүмкіндіктері мен мінез-құлық ерекшеліктеріне қарай жалпы және арнайы (түзету) білім беру ұйымдарының бағдарламалары бойынша оқытылуы және тәрбиеленуі мүмкін. Білім беру стандарттарын меңгере алатын, бірақ мінез-құлығында бұзылыстары бар балалар үйден оқытылады. Аутизммен қатар зерде және коммуникативті бұзылыстары бар балалар психологиялық-педагогикалық көмекті тек қана психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері мен оңалту орталықтарынан және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарынан ала алады.
Аутизмі бар балаларды жалпы (инклюзивті) білім беру және арнайы (түзету) білім беру ұйымдарына анықтау психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестерде жүргізіледі. Тексеріс нәтижесінде баланың психикалық дамуының дәрежесі мен ерекшеліктері анықталып, білім беру бағдарламасының белгілі бір түрін меңгеру мүмкіндіктері белгіленіп, оқыту мен тәрбиелеудің дұрыс жағдайлары (білім беру ұйымының түрі, типі) нақтыланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет