Қазастан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет38/87
Дата08.02.2022
өлшемі294,72 Kb.
#121739
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   87
Байланысты:
азастан республикасы білім ж не ылым министрлігі

Бірінші топтаға аутизмі бар балалар сөйлеу тілінің болмауы, мағынасыз мінез-құлық, айналасына толықтай немқұрайлылықпен қарау сияқты қасиеттермен ерекшеленеді. Қабілеттері белгілі бір салада ғана (түсі, түрі, көлеміне қарай топтастыру) көрініс табатын ақыл-ойының дамуының тежелісі белгіленеді. Мутизм (сөйлеу қабілеті бар болса да тілінің шықпауы) байқалады, бірақ ішкі сөйлеу тілінің болып, дамуы мүмкін. Балалар тіл түсінігін көрсетіп, кейде сөз бен сөйлемдерді айтуы мүмкін. Бұл топтағы балардың болжамы әртүрлі болуы мүмкін. Ерте жастан түзету көмегін көрсету барысында балалардың көпшілігінің психикалық-тілдік және әлеуметтік-коммуникативтік дамуында, жалпы немесе арнайы (түзеу) білім беру ұйымдарында оқыту және тәрбиелеуге жеткілікті оң динамика байқалады.
Екінші топтағы балалар айналасымен қарым-қатынасқа түседі, бірақ өзіне ұнамайтын тұлғалар және өзгерістерді қабылдамайды. Қарсылығы айналасына немесе өзіне деген агрессивті іс-әрекетінен көрінеді. Оларға көптеген қимыл-қозғалыстық стереотиптері мен әр-түрлі үрейлер тән. Айналасының біркелкілігі, коммуникативтік және тілдік формаларды сақтауға белсенді ұмтылыс байқалады. Сөйлеу тілі – фразалы, бірақ стереотипті; қарым-қатынас пен әлеуметтік өзара қатынасында тілдік құралдарды пайдалануда едәуір қиындықтар бар. Вербалды және бейвербалды зердесінің айырмашылығы айқын, вербалды қалыпты, ал сол кезеңде бейвербалдысы едәуір төмен болуы мүмкін. Әлеуметтік мағына мен себеп-салдар байланыстарын өздігінен түсінуде қиындықтары тән; білім, икем мен дағдырларды стереотипті формада пайдалана отырып формаларды түрде меңгереді. Түзету жұмыстарын дер кезінде жүргізген кезде мұндай балалардың дамуында елеулі динамика болуы мүмкін. Бұл топтағы балалар жалпы білім беру ұйымдарының бағдарламалары немесе психикалық және сөйлеу тілі тежелген балаларға арналған бағдарламалары бойынша оқуға қабілетті.
Үшінші топтағы балалардың даму мәселелері бастапқыда мінез-құлқы, қарым-қатынасы мен әлеуметтік өзара әсерінде байқалады. Бұл топтағы балалар бірыңғай істер және қызығушылықтармен толықтай аналысатындықпен ерекшеленеді. Оларға кері байланыстың қажеті жоқ, олар өз әрекеттерінің түсінікті болуына сирек түрде тырысады. Олар өз қажеттіліктерін өзгеріп отырған жағдайларға бейімдей алмайды, ал мұнысы мінезінің экстремалды жанжалдығы, негативизмі, қыңырлық, қасақаналық істерінен байқалады. Ерте жастан сөйлеу тілінің және зердесінің жылдам дамуы, жақсы есте сақтау қабілеті байқалады. Зердесін қолдану арқылы жаттығу сабақтарына ерте жастан қызығушылық танытады. Белгілі бір абстрактылы білімдердегі жоғары көрсеткіштері айналада болып жатқандарды әлеуметтік тұрғыдан түсіну киындықтарымен ұштасып жатады. Балалар көбінесе жағдаяттың астарын сезбейді, үлкен әлеуметтік аңқаулық танытады.
Бұл топтағы балалар жалпы білім берудегі оқу бағдарламаларын игеруде қиыншылықтарға тап болмайды, бірақ окыту мен тәрбиелеуде жеке көзқарас және қарым-қатынас пен әлеуметтік өзара әсерде қиындықтарды жеңу мақсатында психологиялык көмекті кажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет