Байланысты: азастан республикасы білім ж не ылым министрлігі
Аутизмі бар балаларды жалпы білім беру және арнайы білім беру ұйымдарына белгілеу Аутизмі бар балаларды жалпы білім беру ұйымдарына (балабақшалар мен мектептер) белгілеуге жалпы білім беру бағдарламасын меңгеруге және ұжымда қалыптасқан мінез-құлық нормаларын орындауға бөгет жасамайтын ақыл-ойы, сөйлеу тілі және әлеуметтік-коммуникативті дамуының жеткілікті деңгейі бар балалар аутизмінің жеңіл түрі (3- және 4-топтар) жатады.
Ескертпе: Бұл балалар балабақша не мектепке жалпы негізде қабылданады (ПМПК-тің «ерте жастағы аутизм» деген қорытындысыз). Ата-аналарға психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері, оңалту орталықтары немесе мектеп пен балабақша жағдайында психологиялық түзету жұмысын жүргізу бойынша ұсынымдар жасалады: мектепке дейінгі ұйым не мектептің психологы балада қарым-қатынас пен әлеуметтік өзара әрекетке қатысты қиындықтардың болуына байланысты ата-аналардың сұранысы бойынша түзету жұмысын өткізеді. Аутизмі бар балаларды мектепке дейінгі инклюзивті білім беру ұйымдарына (жалпы балабақшалар), сонымен қатар психикалық дамуы тежелген балаларға арналған балабақшалар мен топтарға белгілеу көрсетілімі ретінде орташа деңгейде көрініс тапқан балалар аутизмі – жалпы режим жағдайынды ұйымдастырыла алатын 1- және 2-топтағы балалар: тазалық, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, мінез-құлықтың кейбір нормаларын өздігінен, шектеулі немесе енжар түрде ересектердің көмегімен орындайтын балалар.
Аутизмі бар балаларды жалпы (инклюзивті) білім беру мекемелеріне белгілеу көрсетілімі ретінде зерде, сөйлеу тілі және әлеуметтік-коммуникативті дамуының жеткілікті деңгейі жалпы мектептің бағдарламасын өздігінен (не ұйымдастырылған және жеке көмектің арқасында) меңгеруге, сабақ барысында тәртіп ережелері мен мұғалімнің талаптарын орындауға жеткілікті балалар аутизмінің орташа түрі (2- және 4-топтар) болады.
Аутизмі бар балаларды арнайы (түзету) білім беру мекемелеріне белгілеу көрсетілімі ретінде мыналар болады: зерде және сөйлеу тілінің даму деңгейіне қарай аутизмі бар балалар білім беру қызметтерін арнайы білім беру ұйымдарының әртүрлі мекемелерінде ала алады:
1) психикалық дамудың жалпы және ерекше түрлеріне ие аутизмнің түрлі дәрежедегі көріністері бар балалар (1-4 топтар) психикалық дамуы тежелген балаларға арналған мектепке дейінгі және арнайы (түзету) білім беру мектептерінде білім беру қызметтерін алады;
2) сөйлеу тілінде бұзылыстары бар аутизмнің түрлі дәрежедегі көріністері бар балалар (1-4 топтар) сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларға арналған мектепке дейінгі және арнайы (түзету) білім беру мектептерінде білім беру қызметтерін алады. Бұл балалар қарым-қатынас пен әлеуметтік өзара әрекет барысында сөйлеу тілін түсіну мен епті қолдануда қиындықтарға тап болады;
3) зерде бұзылыстары ақыл-ойының жеңіл және орташа деңгейде дамуына тең болатын аутизмнің түрлі дәрежедегі көріністері бар балалар (1-4 топтар) зерде бұзылыстары бар балаларға арналған мектепке дейінгі және арнайы (түзету) білім беру мектептерінде білім беру қызметтерін алады;
4) зерде бұзылыстары ақыл-ойының ауыр және терең деңгейде дамуына тең болатын аутизмнің түрлі дәрежедегі көріністері бар балалар білім беру қызметтерін психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері, оңалту орталықтар мен әлеуметтік қорғау ұйымдарында ала алады.
12. Аутизмі бар балаларды жалпы және арнайы (түзету) білім беру мекемелеріне белгілеудегі қарсы көрсетілімдер ретінде төмендегілер болады:
1) баланың балалар ұжымында болуына кедергі жасайтын басқа да ауыр түрдегі психикалық бұзылыстар, психопатиялық сипаттағы бұзылыстар байқалатын болып жатқан психикалық аурудың (шизофрения) шеңберіндегі аутизм;
2) жиі болатын талма ұстамалары;
3) тұрақты энурез және энкопрез (интернатты ұйымдар үшін).
Ескерту: жоғарыда көрсетілген науқастарға (1) ұшыраған балалар жағдайына қарай белгілі бір кезеңде психикалық саулық орталықтарына емделуге жіберіледі. Ұзақ мерзімді ремиссия жағдайы және жағдайы жақсарғанда бұл балалар білім беру қызметтерін білім беру ұйымдарында алып, не үйден оқытылуы мүмкін. Білім беру ұйымына баланың бару мүмкіндігі не үйден оқытылуы туралы қорытындыны психикалық саулық орталықтары береді.