7 дәріс
1.Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жалпы білім беру үдерісіне қосудың вариативті формалары.
2.Қашықтықтан оқыту.
Дәрістің түрі: Визуалды
Дәрістің мақсаты: Ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқытуды ұйымдастыру жолдары мен көмек көрсетудің технологияларымен таныстыру
«Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында Президент, балаларды қорғауды ел дамуының маңызды басымдықтарының бірі ретінде белгілеп, мемлекеттік ұйымдар қызметінде оны іске асыру бойынша жақын жылдарға арналған әлеуметтік саясаттың жаңа принциптерін айқындады. Мемлекеттік әлеуметтік саясат Қазақстан Республикасы Конституциясының нормалары мен халықаралық міндеттемелерге сәйкес бала дамуын физикалық, зияткерлік, рухани, адамгершілік және әлеуметтік жағынан толыққанды қамтамасыз етуге бейімделген.
ҚР «Білім туралы» заңының 8 -бабы 5-тармағына сәйкес денсаулық жағ-дайына байланысты ұзақ уақыттар бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін ұйымдарға бара алмай жүрген азаматтар үшін үйде немесе емдеу ұйымдарында жеке тегін оқыту ісі ұйымдастырылады.
Денсаулық жағдайына байланысты қысқа мерзім ішінде (6 айға дейін) мектептегі сабаққа бара алмай қалған 18 жасқа дейінгі 1-11 сынып оқушыларын жеке оқытуға ҚР Білім және ғылым министрлігінің 28.02. 2000 ж. № 07-4/889 Хатына сәйкес рұқсат етіледі. Бұл оқушыларды үйде жеке оқыту емдеу мекемелерінің (аурухана, емхана, диспансер) қорытындысы мен аудандық (қалалық) оқу бөлімінің рұқсаты (әрбір жеке жағдаятқа байланысты) негізінде жүргізіледі. Бұл категориядағы балаларға психологиялық-медициналық-педагогикалық конультация берілмейді. Уақытша ауру балаларды оқыту бағдарламасы - жалпы білім беру сипатында болады.
Егер баланың мүмкіндігі шектеулі болса, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация орны оқыту бағдарламасын (жалпы білім беретін, психикалық дамуы кешеуілдеген және 1-ші немесе 2-ші типтегі коррекциялық көмектерді қажет ететін балаларға арналған бағдарламалар) ата-ананың қатысуымен белгілейді. Консультациялық ұсынымға сәйкес білім беру ұйымы оқыту бағдарламасын әзірлейді.
2011-2020 жылдарға арналған Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 2011 жылдан бастап республиканың оқу орындарының оқу процесіне жүзеге асырылуда E - оқыту, сондай-ақ, оның ішінде, ең үздік білім беру ресурстары мен технологияларына білім беру процесінің барлық қатысушыларының тең қол жеткізуін қамтамасыз етуге бағытталған, олардың ішінде үйде оқитын балаларда болу тиіс. Осыған байланысты бұл дәрісте үйде оқытуды ұйымдастыруға болатын электрондық оқытудың функционалдық және білім беру ресурстарына ерекше көңіл аударылады.
Достарыңызбен бөлісу: |