Қазастан республикасы білім және ғылым министрлігі


Аутизмі бар балаларды жалпы білім беру және арнайы білім беру ұйымдарына орналастыру және оқу жағдайларын ұйымдастыру тәртібі



бет41/87
Дата08.02.2022
өлшемі294,72 Kb.
#121739
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   87
Байланысты:
азастан республикасы білім ж не ылым министрлігі

Аутизмі бар балаларды жалпы білім беру және арнайы білім беру ұйымдарына орналастыру және оқу жағдайларын ұйымдастыру тәртібі
Ата-аналардың (заңды өкілдердің) мүдделерін және балалар контигентін ескере отыра мектепке дейінгі жалпы білім беру және арнайы ұйымдарда аутизмі бар балалар үшін төмендегі топтар ашылуы мүмкін:

  • бір сыныпта (топта) аутизмі бар екі баладан артық болмауы керек басқа балалармен бірге оқытылатын сыныптар (топтар);

  • аутизмі бар 6 баладан артық оқытылмайтын арнайы сыныптар (топтар).

Ескертпе: аутизмі бар балалардың жалпы білім беру немесе арнайы білім беру мекемелеріндегі бөлек сыныптарда (топтарда) оқуы (ауыр аутизмі бар жағдайларды алмағанда) уақытша болу керек – баланың ұжымда қарапайым дағдылар мен тәртіп нормаларын меңгеруі үшін қажетті уақыт кезеңінде (бейімделу кезеңі)
Аутизмі бар балаларды жалпы білім беретін немесе арнайы (түзету) балабақшаларда немесе мектептерде оқыту олардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырылады. Жеке көзқарас аутист балаларды тәрбиелеу және оқытуда олардың даму ерекшеліктеріне сәйкес тәсілдер мен әдістерді қолдану арқылы білім беру бағдарламасын икемдеп, бірнеше нұсқада жүзеге асыруда байқалады.
Бейімдеу кезеңінде (байқау мерзімі оқудың басталуынан 2-4 ай аралығында) аутизмі бар балалардың қарым-қатынаста сөйлеу тілі және басқа да қарым-қатынас құралдарын пайдалануды шектеу, мұғалімнің талабын толық емес орындау және бағдарламаны толық меңгермеу, жат мінез-құлық, оның стереотипті түрлері мен дезадаптивті реакциялары (айқай, жылау, еш себепсіз күлкі және т.б.) байқалуы мүмкін. Байқау мерзімінен кейін оқу мен мінез-құлықтағы қиындықтары айқын байқалса, онда балабақша мен мектеп баланы оның ары қарай оқуы жағдайы мәселесін шешу үшін ПМПК-не жібереді.
Жалпы білім беру және арнайы білім беру ұйымдарында аутизмі бар балаларды мектепке дейінгі ұйымдар және мектептердің психологтары, арнайы және әлеуметтік педагогтары жүзеге асыратын психологиялық-педагогикалық түзеу қолдауды сол білім беру ұйымының психологиялық-педагогикалық консилиумы арқылы қамтамасыз етеді (арнайы педагог – егер жалпы білім беру балабақшасында 6, ал мектепте 10 және одан көп аутист бала немесе басқа да мүмкіндіктері шектеулі балалар болса). Басқа жағдайларда аутист балаға психологиялық-педагогикалық көмек пен қолдау жалпы білім беру мекемесінен тыс психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерін, оңалту орталықтары және басқа да арнайы білім беру ұйымдарында көрсетіледі.
Аутист баланы оқыту барысында басқа арнайы білім беру мекемесіне ауыстыру қажет болған жағдайда, балабақша немесе мектеп (психологиялық-педагогикалық консилиум) тиісті құжаттарын рәсімдеп, оның ПМПК-те қайта тексерілуі жайлы ұсынымын (консилиум тұжырымдамасын) дайындап беруге міндетті.


Әдебиеттер
1.Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың
тұжырымдамалық тәсілдемесі (01.06.2015 жылғы №348). http://online.zakon.kz/
2.ҚР БҒМ Бұйрығымен бекітілген «Мүмкіндігі шектеулі балаларды психолого-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар» (12.12.2011 жылғы №524). http://online.zakon.kz/
3.Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. http://edu.gov.kz



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет