Қазастан республикасы білім және ғылым министрлігі


Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған психологиялық-педагогикалық қолдау жағдайлары



бет52/87
Дата08.02.2022
өлшемі294,72 Kb.
#121739
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   87
Байланысты:
азастан республикасы білім ж не ылым министрлігі

Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған психологиялық-педагогикалық қолдау жағдайлары
Психологиялық-педагогикалық қолдаудың негізгі талаптары:

  • білім беру ұйымында балалардың толыққанды жеке тұлға болып дамуын қамтамасыз етуге және жалпы білім беру және арнайы білім беру бағдарламаларын толық меңгеруге мүмкіндік беретін бейімдеу және түзете дамыту ортасын құру;

  • мүмкіншіліктері шектеулі балаларға білім беруді ұйымдастыруды қамтамасыз етуге және оқу-әдістемемен және материалдық-техникалық жабдықтауға қойылатын нормативтік талаптарға сәйкес даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға қажетті және олар үшін қолжетімді материалдық-техникалық жағдайларды жасау (арнайы құралдар, құрылғылар, көмекші және техникалық құралдар, қазіргі заманғы көрнекі дидактикалық материалдар);

  • балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау жұмысын жүргізетін дефектолог мұғалім, педагог-психолог, логопед мұғалім және басқа да мамандардың кабинеттерін түзете дамыту құралдарымен, оқыту құралдарымен (соның ішінде техникалық), арнайы оқу-әдістемелік және дидактикалық әдебиеттермен жабдықтау;

  • білім беру ұйымының кітапханасын арнайы білім беру және түзете дамыту бағдарламаларымен, арнайы әдістемелік және оқу әдебиеттерімен қамту.

Психологиялық-педагогикалық қолдаудың тиімділігі психологиялық, педагогикалық, медициналық диагностиканың және жалпы көрсеткіштердің мәліметтері бойынша анықталады:

  • білім беру ұйымында болған бала мен ананың жағымды әсері;

  • баланың сенімділігі (позитивті, тең Мен тұжырымдамасын қалыптастыру үрдісі);

  • баланың өзге балалармен ынтымақтастыққа бейімділігі (топтардың, сыныптардың, балабақшаның, мектептің), ересектермен;

  • тиісті жас кезеңін меңгеру жетістігі және баланың қызмет түрлеріне қарай ерекшеліктері.

Психологиялық-педагогикалық қолдаудың тиімділігін анықтау үшін катамнеза әдісін қолдануға болады. Мәліметтерді жинау баланы психологиялық-педагогикалық қолдаудан кейін жарты жылдан соң, одан кейін жылына бір рет ұйымдастырылады.
Катамнез жинаудың үлгі кестесі:

      1. баланың аты, жөні;

      2. жасы;

      3. соматикалық деңгейі;

      4. психикалық деңгейі;

      5. қызметтің әрбір түріне қатысты басымдық қызығушылықтары;

      6. мамандардың пікірі бойынша бейімделу мінезі;

      7. ата-аналардың пікірі бойынша баланың бейімделу мінезі;

Даму мүмкіндігі шектеулі балалар түзету сабақтарындағы уақытты есептемегенде, үнемі күні бойы дамуы қалыпты балалармен бірге болады. Олар кемшіліктерінің деңгейіне қарамастан даму қалыпты балалармен бірге тәрбие, мәдени-ойын сауық, спорттық-сауықтыру және өзге де бос уақытты тиімді ұйымдастыру шараларына қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет