Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі


Электр монтаждау жұмыстарының техникалық құжаттамасы



бет5/61
Дата15.01.2023
өлшемі7,97 Mb.
#165539
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
Байланысты:
монтаж

Электр монтаждау жұмыстарының техникалық құжаттамасы


Электр монтаждау жұмыстарын жүргізу техникалық жəне директивтік құжаттамамен реттеледі.


Негізгі техникалық құжат электр монтаждау жұмыстары жүргізілетін электр қондырғысының жобасы болып табылады. Жобада қабылданған техникалық шешімдерді, егер олар қағидатты сипатта болса, өзгертуге жоба авторы — жобалау ұйымының келісімі бойынша ғана жол беріледі.
Принципиалды емес сипаттағы өзгерістер тапсырыс берушінің келісімі бойынша жүргізіледі.
Электр монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде талаптары сөзсіз орындалуға жататын негізгі директивалық құжаттар электр қондырғылары құрылғыларының қолданыстағы ережелері (ЭҚЕ) жəне құрылыс нормалары мен ережелері (ҚНжЕ) болып табылады. Монтаждық ұйымдарда директивалық құжаттар негізінде монтаждық нұсқаулықтар мен технологиялық карталар жасайды, ал электржабдықтар мен материалдарды жеткізушілер зауыттық нұсқаулықтар əзірлейді, оларды электржабдықтау жұмыстарын орындаушылар өздерінің практикалық қызметінде басшылыққа алады [12].
Жұмыс істеу технологиясы регламенттелген, нормалар мен ережелер көрсетілген, қолданылатын материалдардың, механизмдердің жəне т.б. сипаттамалары келтірілген директивалық құжаттар бола отырып, еңбек өнімділігін барынша қамтамасыз ететін жұмыстардың жоғары тиімді тəсілдерін толық көлемде көрсете алмайды. Нұсқаулықтар белгілі бір технологиялық кешенді орындауға қойылатын талаптарды көрсетеді,бірақ
осы талаптарға қол жеткізу үшін қажетті тəсілдердің егжей-тегжейлігін талдауын қамтымайды.
Сондықтан еңбек процестерінің технологиялық карталары əзірленеді. Оларда жұмыс процесінің технологиялық жүйелілігі; еңбектің озық тəсілдері мен əдістері; қолданылатын тетіктердің, құралдардың тізбесі; монтаждық тораптарға жабдықтар мен бұйымдарды ірілендіру бойынша ұсынымдар; жабдықтар мен бұйымдардың нормативтік материалдары монтаждық тораптар; нормативтік материалдар – еңбек процесінің кестесі, еңбек шығындарының калькуляциясы, жұмыс орындарын ұйымдастыру сұлбасы, бригаданың сандық құрамы, олардың біліктілігі жəне т. б. анықталады.
Технологиялық карталардың болуы монтаждау бригадаларына осы уақытқа жеткен деңгейде жұмыстарды орындауға жəне ағымдағы бақылаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Электр қондырғыларын монтаждау кезінде қолданылатын машиналар, трансформаторлар, электрконструкция, өлшеу аспаптары, сымдар, кабельдер, оқшаулау майы жəне басқа да материалдар мен электр жабдықтары тиісті МЕМСТ-тар немесе белгіленген тəртіппен бекітілген техникалық шарттардың талаптарына жауап беруі тиіс. [5]
Құрылыс объектілерінде электр монтаждау жұмыстарын жүргізуге техникалық құжаттама (жобалар мен сметалар), жұмыс өндірісінің жобасы, объектінің құрылыс дайындығы, крандық жабдықтар, монтажды механикаландыруды қамтамасыз ететін басқа жүк көтергіш құралдар, сондай-ақ электр жабдықтары, кабельдік өнімдер мен жұмыстарды жүргізудің келісілген кестесінде көзделген материалдар болған кезде ғана кірісуге рұқсат етіледі.
Барлық жобалық техникалық құжаттаманы тапсырыс беруші талдайды, оны қарайды жəне бекітеді. Бекітілген техникалық құжаттама жұмыстарды жүргізу үшін монтаждау ұйымына беріледі. Монтаждық басқаруда техникалық құжаттама мен сметаларды өндірістік бөлімнің қызметкерлері өндірісті дайындау тобының персоналымен жəне желілік инженерлік - техникалық қызметкерлермен (монтаж учаскелерінің бастықтары, жұмыс өндірушілер, шеберлер) бірлесіп мұқият зертеледі.
Жобаның анықталған кемшіліктері бойынша ескертулерді келісілген түзетулер мен толықтырулар енгізу үшін жобалау ұйымдарына жібереді. Осыдан кейін жобаны жəне сметаларды монтаждау-дайындау учаскесіне немесе жұмысты жүргізу жобасын (ЖАЖ) жасау үшін басқарманың өндірістік бөлімі жанындағы жобалаушы-сметашылар тобына жəне содан кейін монтаждау-дайындау учаскесін дайындау тобына береді.
Жобалау-техникалық құжаттаманы жасау жəне шартта көзделген барлық жұмыстарды орындау қызметтің осы түрлерін жүзеге асыруды регламенттейтін нормативтік құжаттарға толық сəйкес жүргізілуі тиіс:

  • ҚНжЕ-құрылыс нормалары мен ережелері;

  • ЭҚЕ-электр қондырғыларын орнату ережесі;

  • ЖСН-ведомстволық нұсқаулықтар;

  • Қауіпсіздік техникасы;

- Өртке қарсы қорғау Ережелері [9].




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет