Электр монтаждау жұмыстарын ұйымдастыру
Электр монтаждау жұмыстарын ұйымдастыру мердігерге жүктеледі жəне үш негізгі кезеңнен тұрады.
Бірінші инженерлік-техникалық кезеңде жобалау-сметалық құжаттаманы қабылдау, тексеру жəне зерделеу жүргізіледі; жобалау құжаттамасында құрылысты ұйымдастыру жобасы (ҚҰЖ) көзделуге тиіс, оның негізінде электр Монтаждау ұйымы электр монтаждау жұмыстарын жүргізу жобасын (ЭМЖҚ) əзірлейді.
Екінші ұйымдастыру кезеңінде құрылысшылардан ғимараттар мен құрылыстардың жабдықтарын монтаждауға қабылдауы орындалады,
конструкцияларындағы Іргетастардың, ойықтардың жəне қуыстардың болуы тексеріледі; салынатын бөлшектердің орнатылуы бақыланады, жобада көзделген стационарлық кран-арқалықтардың, монтаждық арбалар мен талдардың болуы тексеріледі.[19]
Үшінші материалдық-техникалық кезеңде электр монтаждау жұмыстарын жабдықтармен, материалдармен, бұйымдармен, монтаждық дайындамалармен қамтамасыз ету жəне жинақтау жүзеге асырылады; осы кезеңде монтаждау жұмыстарын механизмдермен, аспаптармен, жəне қауіпсіз еңбек құрал- жабдықтармен орындалады.
Құрылыс жəне электр монтаждау жұмыстарын орындаудың белгілі бір кезектілігін талап ететін күрделі объектілерде электр монтаждау жұмыстарын ұйымдастырудың маңызды сəті ЭЖМҚ жасау болып табылады.
Бұл жоба механизмдерді (автокрандарды, автокөтергіштерді) қолдана отырып, күрделі такелаждық жұмыстармен қоса жүретін электр монтаждау жұмыстарын орындау үшін, сондай-ақ қолданыстағы электр қондырғыларында орындалатын жұмыстар үшін, мысалы, қолданыстағы қосалқы станцияларды қайта құру кезінде міндетті түрде əзірленеді.[19]
ЭМЖҚ монтаждық ұйымдар өндірісін дайындаудың арнайы топтарымен əзірленеді жəне оны техникалық басшы (бас инженер) бекітеді. Тапсырыс берушімен немесе пайдаланушы ұйымның техникалық басшысымен келісілуі тиіс.
Бастапқы деректерді əзірлеу үшін ЭМЖҚ қызмет етеді:
объектінің жобалық құжаттамасының жұмыс сызбалары мен сметалары;
жабдықтар мен материалдарды жеткізу, машиналар мен механизмдердің болуы туралы деректер;
қолданыстағы нормативтік құжаттар, монтаждық нұсқаулықтар, еңбекті қорғау жөніндегі салалық ережелер;
объектілерді қайта құру жəне техникалық қайта жарақтандыру кезінде қолданыстағы электр қондырғыларын ажыратудың ықтимал мерзімдері.
ЭМЖҚ мазмұны үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімге объект туралы жалпы мəліметтерді, монтаждың ұйымдық құрылымын, электрмен жабдықтау сұлбасымен біріктірілген ахуалдық жоспарды, жабдықтың орналасу жоспарын, объектінің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін қамтитын түсіндірме жазба кіреді. [2]
ЭМЖҚ-нің екінші бөлімінде электр монтаждау жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді əдістері мен орындау технологиясы келтіріледі. Мұнда еңбекті көп қажет ететін операцияларды орындаудың технологиялық тəсілдері, оларды механикаландыру, монтаждау жəне реттеу жұмыстарын қоса атқару жөніндегі ұсыныстар, еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулар көрсетіледі, жұмыстарды жүргізу кестелері келтіріледі.
ЭМЖҚ-нің үшінші бөліміне жұмыс кезеңдері бойынша жауапты инженерлік-техникалық қызметкерлер, құрастыруға жататын тораптардың, блоктардың жəне конструкциялардың ведомостары, қажетті сызбалар немесе үлгілік альбомдарға сілтемелер, салынатын бөлшектердің ведомостары, олардың эскиздері мен орнату орындары, жұмыстарды жүргізуге арналған жабдықтар мен материалдарға арналған ерекшеліктер көрсетіле отырып, электр Монтаждау персоналы үшін тікелей тапсырмалар кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |