Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі


Жасырын электр өткізгіштерін монтаждау



бет57/61
Дата15.01.2023
өлшемі7,97 Mb.
#165539
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61
Байланысты:
монтаж

Жасырын электр өткізгіштерін монтаждау


Жасырын электр сымдарын монтаждау құрылыс конструкцияларының тұйық каналдарында: гипс, бетон қалқалар, сылақ астында, қуыстар мен аражабындар мен қабырғалардың арналарында жүргізіледі. Электр сымдарын монтаждауға құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін кіріседі.


Жасырын электр сымдарын монтаждау белгілі бір ретпен орындалады.
Алдымен электр сымдар трассасын ажыратады, ажыратқыштар мен штепсельдік розеткалардың астына тармақтаушы қораптарды орнату орнын, шамдардың астына ілгектерді анықтайдыБелгілеуді қалқаншаларды, шырақтарды, ажыратқыштарды жəне штепсельді розеткаларды жоба бойынша орнатуға арналған орындарды анықтаудан бастайды. Одан əрі сымдар трассалары бар. Жалпақ сымдар төбеден 100 – 150 м немесе арқалықтан немесе карнизден 50 – 100 мм қашықтықта төселеді. Сымдарды қабырғалар мен жабындар немесе арқалықтар арасындағы саңылауларға салуға болады. Штепсельді розеткаларға сызықтар оларды орнату биіктігінде (еденнен 800 немесе 300 мм) немесе қалқалар мен аражабындар плитасының үсті арасындағы бұрышта төселеді. Ажыратқыштарға, шамдарға түсіру жəне көтеру тігінен орындалады. [8]
Құрастырмалы құрылыс конструкцияларының арналарында сымдар мен кабельдерді төсеу кезінде трасса мен аспаптарды орнату орындарын белгілеу талап етілмейді. Сымдарды калибрмен тартар алдында арналардың жарамдылығын тексереді. Калибр диаметрі арнаның жобалық диаметрінен 0,9 кем болмауы тиіс. Содан кейін көрші жалғау панельдерінің жалғау қуысының күйін тексереді. Қуыс радиусы 70 мм жартылай дөңгелек пішінді орындайды, сымдарды арналарға тартуды аспаптан қораптар мен қуыстарға қарай жүргізеді. Тартылу күші желінің жиынтық қимасының 1 мм2-ге 20 Н аспауы тиіс. Арнаның диаметрі 20 мм болғанда 5 сымға дейін, қимасы 25 мм болғанда – қимасы 205 мм2 8 сымға дейін созуға болады. Сымдар саны шектеулі жəне арналардың ұзындығы аз болса, тартып жүргізу қолмен орындалады, көп болған жағдайда - арнаға алдын-ала тартылған болат сымның көмегімен орындалады. Жасырын сымдар ауысатын жəне ауыспайтын орындау технологиясымен ерекшеленуі мүмкін.
Жасырын электр сымдары негізінен резеңке жартылай қатты жəне резеңке битумды түтіктерде орындалады (112 сурет).



  1. сурет. Жасырын электр сымдарын жүргізу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет