Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі



бет24/61
Дата15.01.2023
өлшемі7,97 Mb.
#165539
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   61
Байланысты:
монтаж

Бөлгіштерді монтаждау. Бөлгіш – тоғы болмаған кезде тізбекті автоматты түрде сөндіруді қамтамасыз ететін үш фазалы аппарат. Конструкциясы жөнінен бөлгіштер көлденең-бұрылу типіндегі айырғыштардан ерекшеленбейді жəне сөндіруге серіппелі жетегі бар. Серіппелі жетегі бар бөлгішті сөндіру уақыты 0,4-0,5 с құрайды. Бөлгіш жетегі қашықтықтан (қолмен болуы да мүмкін) қосылуға жəне бөлгіштің автоматты сөндірілуіне жол береді. Бөлгіштерді монтаждау ажыратқыштарды монтаждауда сияқты орындалады. Бөлгіштерді зауыттар жинақталған жəне құралған полюстер (фазалар) түрінде жеткізеді. [14]
Қысқа тұйықтағыштарды монтаждау. Қысқа тұйықтағыш – қондырғының бір фазасының автоматты түрде жерге тұйықталуы үшін арналған коммутациялық аппарат. Қысқа тұйықтағыштар бір полюсті айырғыш сияқты орындалады. Олар 0,12-0,3 с қосылу уақыты бар қосқыш серіппелі жетекпен жабдықталады. Сөндіру қолмен жүргізіледі.
Қысқа тұйықтағыштарды монтаждау мына ретпен жүргізіледі. Қаптамасын ашудан жəне қысқа тұйықтағышқа кірістік бақылау жүргізуден
бастайды. Зауыттық ведомостіге сəйкес жеткізудің жинақтылығы тексеріледі жəне қысқа тұйықтағыштың жекелеген тораптарын тексеру жүргізіледі. Оқшаулағыштардың фарфор бағандарының жай-күйіне, бұрандамалық жалғасулардың беріктігіне, түйісу бөліктері мен икемді байланыстың ақаусыздығына ерекше назар аударылады. [14]
Тірек бет айырғыштарды орнату кезіндегідей тəртіпте салыстыра тексеріледі. Қысқа тұйықтағыш тірек конструкцияға автокранмен көтеріледі жəне төрт тірек оқшаулағышқа бекітіледі. Бекіту алдында қысқа тұйықтағыш күйін тіктеуіш жəне деңгей бойынша реттейді. Қысқа тұйықтағыш пышағының қозғалмайтын түйіспелерге кіру жағдайы тексеріледі. Бұл ретте ерекше сақтық сақтау қажет, себебі тартылған пышақ серіппенің əсерімен қайтадан өз түйіспесіне қосылуға тырысады. Қысқа тұйықтағыш жетегі металл конструкцияға бекітіледі жəне оқшауланған тарту көмегімен қысқа тұйықтағышпен жалғанады. Тоқ трансформаторытөрт бұрандамамен бекітіледі, содан кейін оның терезесі арқылы қысқа тұйықтағыш пышағын жермен байланыстыратын жерге тұйықтағыш шина өткізіледі. Осыдан кейін жетек механизмі «Қосылды» күйіне орнатылады жəне серіппелі жетек реттеледі.
Қысқа тұйықтағыштарды зауыттар жинақталған жиынтық түрінде жеткізеді (бір полюс). [14]




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет