Ашық жəне жабық тарату құрылғылардың электр жабдықтарын монтаждау барысында қауіпсіздік техника
Тарату құрылғыларында электр жабдықты монтаждауға кіріспей тұрып жабындардағы каналдар мен ойықтар уақытша тұтас қалқандармен жабылады, ал қалғандардың өзі аударылып кетпес үшін мұқият жымдалады [15]. Ауыр жабдықтың такелажы үшін қажет монтаждау ойықтары алынбалы шарбақтармен қоршалады.
Қосалқы станцияның электр жабдығын алып жүру, көтеру жəне орнату механизмдерді барынша көп пайдаланумен жүргізіледі. Шеберханада дайындалған құрама шиналардың қалталары мөлшері мен салмағына қарай жүк көтергіштер, блоктар мен жүк арбалар көмегімен конструкцияларға көтеріледі.
Оқшаулағыштар фланецтерінен, бұрандамалар, түйреуіштерден шиналуды монтаждау кезінде қолды жарақаттап алмау үшін оларды орнатар алдында тарату құрылғысының конструкцияларында қылаулар алынып тасталады [15]. Құрама шиналарды монтаждағаннан кейіноларды такелаждық құрылғыларды немесе конструкцияларды бекіту үшін пайдалануға, сондай-ақ құрылыс қажеттілігіне уақытша қуат беру үшін (мысалы, дəнекерлеу трансформаторлары қуаты үшін) қосуға жол берілмейді.
Айырғыштар мен салмағы 30 кг электр конструкциялар механизмдермен жəне арнайы құрылғылармен көтеріледі. Көтергіш сымарқандар мен матауыштарды оқшаулағыштарға, түйіспелі бөлшектер
немесе сымарқанды орнату табандарының саңылауы арқылы өткізу жолымен бекітуге болмайды. Көтерілген айырғышты бірден бекіту қажет жəне осыдан кейін ғана матауыштарды алып тастауға болады. Жабдықты немесе оның жекелеген элементтерін уақытша сым аспалармен жəне басқа да кездейсоқ бекіткіш материалдармен бекітуге бомлайды. Айырғыштарды жəне басқа да жарғыш типтегі аппараттарды алып жүру, көтеру жəне орнату «Қосулы» күйде жүргізеді. Бір полюсті айырғыштарды монтаждау кезінде пышақтың өзі бетінше лақтырылуын болдырмау үшін құлып ілінісін дəл жəне сенімді реттеу қажет. Мысалы, айырғыштар мен оқшаулағыштарды тексеріп жəне саңылауларды жымдай отырып саңылаулардың үйлесуін қолмен тексеруге рұқсат берілмейді.
Жетекті айырғыштарға орнату кезінде оны тұтқасынан емес, корпусынан ұстаған дұрыс. Айырғыштарды реттеуді екеулеп орындау керек [15]. Айырғышты жетекпен қосу жəне сөндіру қолдың қысылып қалмауы үшін пəрмен бойынша ғана жүргізеді. Кернеуі 1 кВ асатын ажыратқыштарды жəне қайтару серіппесімен немесе еркін ағыту механизмдерімен жабдықталған автоматтарды көтеру, жылжыту жəне орнату «Сөндірулі» күйде жүргізіледі. Тартылған немесе сығылған сөндіргіш серіппелері бар ажыратқыштар серіппелер сенімді матауыштық құрылғымен жабдықталған жағдайда ғана көтереді немесе жылжытады. Жарақаттанып қалмау үшін матауыштық құрылғыларды сақтықпен алу қажет. Электрмагниттік, электр қозғалтқыш немесе пневматикалық жетекпен тіркестірілген аппараттарды реттеудің алдында қолмен басқару тұтқасын алу қажет.
Монтаждау кезінде жетектің еркін ағыту механизмі кездейсоқ бөлектену (мысалы, соққы немесе сілку əсерінен) салдарынан ажыратқыштың өз бетінше сөнуі үлкен қауіп төндіреді. Еркін ағыту механизмі өз бетінше іске қосылып кетпеу үшін сөндіру тетігі мен жетек корпусының арасына сына қойылады немесе уақытша матауыштық бұрандама орнатылады. Жұмыс аяқталған кезде матауыштық құрылғылар алынады.
Майлы ажыратқыштарға жəне басқа май толтырылған аппараттарға май құйған кезде тарату құрылғысы үй-жайында май құю орнына тікелей жақын жерде дəнекерлейтін шаммен жəне басқа да жанғыш құралдармен жұмыс істеуге болмайды. Майды құйып алу жəне оны аппаратураға құю үшін металл ыдыстар ғана пайдаланған дұрыс - шыны ыдысты май сынамаларын химиялық талдауға іріктеу үшін қолданады.
Ажыратқыш оқшаулағышын индукциялық əдіспен құрғатқан кезде ажыратқыш корпусын мықтап жерге тұйықтау қажет. Тоқ жəне кернеу трансформаторларын монтаждау кезінде екінші реттік орамалар қысқартылуы жəне жерге тұйықталуы тиіс. Реакторларды көтеру арнайы құрылғылармен жүргізіледі, себебі реактор бағанына немесе орамаға сымарқанды бекітуге тыйым салынады [13].
Ауа ажыратқыштарын реттеу кезінде фарфор оқшаулағыштар жарылған кезде сынықтармен жаралануды болдырмау үшін бөгде адамдар ажыратқышқа 30-50 м артық жақындамауы тиіс. Аппаратты сынау жарылыс
немесе атысқа ұқсас күшті дыбыстық əсерге ұласады, ол туралы ашық қосалқы станцияда барлық жұмыскерлерге ескертіледі. Егер реттеу жұмыстары кезінде ажыратқышқа жақындау немесе реттеу бойынша қандай да бір операцияны орындау қажеттігі туындаса, мұны операциялық тоқ алынып тұрғанда операциялр арасындағы аралықта ғана істеуге болады. Бұл ретте тарату шкафтары жанында ажыратқышпен ешкім операция жасамауы үшін арнайы нұсқаулықтан өткен жұмысшы кезекшілікте тұрады. Ажыратқышта жұмыстар жүргізу кезінде бөлгіш пышағының астында тұрған қауіпті. Егер ажыратқыштың өзінде жұмыстар жүргізіліп жатса, тарату шкафында қандай да бір жұмыстарды орындауға болмайды.
Сақтандырғыш белдігінсіз ашық тарату құрылғыларының конструкцияарында жұмыс істеуге жол берілмейді. Жұмыс қауіпсіздігін күшейту үшін ашық тарату құрылғыларында шиналауды монтаждау жабдықты монтаждағанға дейін орындалады. Тізбектерді көтеру астынан қолмен немесе монтаждау шығыршығының көмегімен жүк арбамен жүргізіледі.
Монтаждау жұмыстары кезінде операциялық нысаналар тоқтан ажыратылады, ал барлық басқару тізбектерінің сақтандырғыштарының ендірмелері алынады.
Ашық (АТҚ) жəне жабық (ЖТҚ) тарау құрылғыларын монтаждау кезіндегі қауіпсіздік шараларының өз ерекшеліктері болады, оларды нұсқаулық өткізу барысында ескерту қажет [15]. Сонымен, АТҚ аумағынан өту жəне оған жүгі бар автомашиналар мен арнайы машиналар келу тəртібін, ЖТҚ үй-жайына жабдықты беру тəртібін қосымша түсіндіру керек. Монтаждау алаңы, шоғырсымдық каналдар мен траншеялар құрылыс қоқысынан тазартылуы тиіс, ашық каналдар, ойықтар мен АТҚ-дағы траншеялар — жолаушылар көпірлерімен жабылған, ал ЖТҚ-да — тұтас қалқандармен жабылған. Қолданыстағы электр қондырғылардың қорғаныш қоршаулары (олардың құрылғысы, тоқ тасығыш бөліктерден қашықтығы) ЭҚЕ жəне ҚТЕ талаптарына жауап беруі тиіс, ал монтаждау аймағының инвентарлық қоршаулары МЕМСТ талаптарына жауап беруі керек [12]. Қаттау орындарындағы түсіруден бастап монтаждау орнында орнатумен аяқтағанда, жүктерді алып жүру жəне көтеру бойынша барлық операциялар такелаждық жұмыстарға жатады. Такелаждық жұмыстарға арналған механизмдерге жататындар: блоктар, полиспасттар, жүк көтергіштер, тельферлер, домкраттар, жүкарбалар, козелдар мен үштағандар. Монтаждау аймағына электр жабдықты орналастыру оның орнату орнына түсу ретіне сəйкес келуі тиіс.
Такелаждық жұмыстар үшін құрылғылар мен механизмдерге қойылатын негізгі қауіпсіздік техникасы талаптары мынаған саяды: жүк көтергіш крандар құрылғысы мен оларды қауіпсіз пайдалану ережелері талаптарына жауап беретін механизмдер мен құрылғыларды ғана қолдану; жүк көтергіш механизмдердің қозғалмалы бөліктерінің сенімді қоршалуын қадағалау, металл бөліктерді жерге тұйықтау.[11]
Достарыңызбен бөлісу: |