Сақтандырғыштарды монтаждау. Сақтандырғыш-белгілі бір мəннен асатын ток əсерінен осы үшін арнайы көзделген ток өткізгіш бөліктерді ажырату немесе ажырату үшін қорғалатын тізбекті ажыратуға арналған коммутациялық электр аппараты. Сақтандырғыш оқшаулағыш корпустан, балқығыш ендірмелерден жəне электр тізбегіне балқығыш ендірмелерді
бекіту үшін шықпалардан тұрады. Алдын-ала монтаж алдындағы дайындығын тексеру: оқшаулағыштарды, патронның құммен толық толтырылуын, балқытылған ендірменің бүтіндігін, түйіндер мен түйіспе бөлшектерінің бекітілу сенімділігін, патрондарды контактілі губкадан орнату жəне алу ыңғайлылығын, олардағы патрон түйісуінің сенімділігін тексеруді көздейді. [14]
Сақтандырғыштар болат рамаға немесе тікелей қабырғаға монтаждалады. Рама тігінен орнатылуы тиіс. Оқшаулағыштар өстері тігінен патронның жəне жанаспа сорғыштардың бойлық өсімен үйлесуі тиіс. Өстердің ауытқуы ±0,5 мм аспауы тиіс. Монтаждалған жəне реттемеленген сақтандырғыштар жұмсақ орнатылуды жəне патронның шығарылуын, сорғыштарда оның дұрыс күйде бекітілуін, оны бойлық жылжудан жəне дірілдеу мен сілкіну кезінде түсіп кетуден ұстап тұруды қамтамасыз етуі қажет. Іске қосылуды көрсеткіштер төменге қаратылуы тиіс.
Ажыратқыштарды монтаждау. Ажыратқыш жиынтық ТҚ конструкциясының техникалық сипаттамаларын жəне құрылыс қағидатын айқындайтын негізгі аппарат болып табылады. Ол ең күрделі жəне ең жауапты электр аппарат болып табылады, ал оның сенімділігі бүкіл ТҚ жұмысының сенімділігін айқындайды. Үлестіргіш құрылғыларда 6-10 кВ мына типтегі күштік ажыратқыштар пайдаланады: аз майлы, электрмагниттік, вакуумдық жəне элегаздық. Аз майлы ажыратқыштардың əртүрлі типтері бұрыннан келе жатқан əртүрлі мақсаттағы электр желілерінің 6-10 кВ ТҚ-даəлі күнге дейін кеңінен пайдаланады, алкернеуі 1 кВ жоғары электрмагниттік ажыратқыштар керісінше кең таралмады жəне қазіргі уақытта шығарылмайды деуге де болады. Ажыратқыштардың техникалық көрсеткіштерін салыстыру вакуумдық жəне элегаздық ажыратқыштар көрсеткіштерінің жақсырақ көрсеткіштерге ие екенін көрсетеді. Бұл ТҚ-да қолданыс саласынан аз майлы ажыратқыштарды біртіндеп ығыстыруға əкеледі. Бірінші жəне екінші буын вакуумдық ажыратқыштарының бірқатар кемшіліктерге ие екенін атап өту керек,оның бірі шағын индуктивтік тоқтарды сөндірген кезде коммутациялық тоқ күшінің арту мүмкіндігі болып табылады (трансформатордың бос жүрісі), бұл тоқ күшінің артуын шектеушілерді пайдалану қажеттігін туындатады.[4]
Вакуумдық ажыратқыштарда да жалғасуды сөндіргеннен кейін барлық үш фазада кернеудің жоқтығын үнемі бақылап отыру қажет, себебі доғасөндіргіш камералардың бірінде вакуумды жоғалтқан жағдайда түйіспелердің дəнекерленуі орын алуы мүмкін. Элегаздық ажыратқыштар элегазды тазарту, толтыру жəне қайта айдау үшін құрылғы болуын қажет етеді, ал қоршаған ауа температурасы төмен болғанда арнайы жылытқыш құрылғылар болуы керек. Біршама қымбат күштік ажыратқыштарды қолдану экономикалық тұрғыдан мақсатқа лайық болмай шыққан кезде ЖТҚ-да жүктемені ажыратқыштар (ЖА) орнатылуы мүмкін. ЖА аса қарапайым доғасөндіргіш камерасы бар йырғыш болып келеді. Ол жүктеменің жұмыс тоқтарын қосу жəне сөндіру үшін лайықталған. Қысқа тұйықталу тоқтарынан қорғанышты жүзеге асыру үшін қосымша жоғары вольтті ерігіш
сақтандырғыштарды орнату қажет. Соңғы уақытта жүктемені ажыратқыш көптеп қолданылуда. Бұл ретте доғаны сөндіру əртүрлі тəсілдермен орындалады: ауадағы, вакуумдағы, элегаздағы, трансформаторлық майдағы жəне т.с.с. коммутациялар.
Ажыратқыштар мен жетектерді зауыттар құрастырып жəне ретке келтіріп жеткізеді. Монтаждау алдында ажыратқышты сырттай қарайды жəне мынаны тексереді: раманың дəнекерленген жіктерінің сапасын,бөлшектердің бекітілуінің сенімділігі, фарфор оқшаулағыштар мен цилиндрлердің оқшаулағыш бөлшектері, тартулар, фаза аралық қалқалар, қақпақтардың металл бөлшектері, корпустар, фланец жəне басқаларының ақаусыздығы. Ішкі бөлшектерді қарау үшін тиісті қақпақтар ашылады жəне түйіспелі жүйелер, доғасөндіргіш құрылғылардың, икемді байланыстар, серіппелер, тарту күші жəне басқаларының жай-күйі тексеріледі.
ЖТҚ үшін ажыратқыштар рамада жиналып жеткізіледі. Оларды монтаждаураманы табанға орнатуды; көлденеңінен жəне тігінен орнатудың дұрыстығын салыстырып тексеруді, сенімді бекітілуін, жетектің орнатылуын жəне ажыратқышпен жалғануын тексеруді көздейді.
АТҚ үшін ажыратқыштар іргетасқа автокранмен орнатылады, қондырғының көлденеңдігі тексеріледі жəне анкер бұрандамалармен іргетасқа бекітіледі.[14]
Монтаждалған ажыратқыштар зауыттық нұсқаулықтарға сəйкес реттеледі. Олар еркін қосылуы жəне сөндірілуі тиіс. Қозғалмалы жəне қозғалмайтын түйіспелердің беті барлық түйіспелі беттердің кем дегенде 70% құрауы тиіс. Түйісу қысымы, қозғалмалы түйісу жүйесінің жүрісі, қозғалмалы жəне қозғалмайтын түйіспелердің ортақ өстілігі зауыттық деректерге сəйкес келуі тиіс. Басты жəне доға сөндіргіш түйіспелер белгіленген ретпен тұйықталуы жəне ажыратылуы тиіс. Монтаж аяқталғаннан кейін ЭҚЕ талаптарына сəйкес ажыратқыштар сынақтан өткізіледі [12].