Екінші реттік құрылғылары жəне олардың тізбектерін монтаждау барысында қауіпсіздік техникасы
Қолданыстағы электр қондырғыларда екіншілікті тізбектерді монтаждау кезінде жұмыстарды жүргізуші оларды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс: қажет сөндірулерді жүргізу, тасымалдық қорғаныштық жерге тұйықталуды жөнге салу, қоршаулар қою, ескертуші жəне қоршауларға тыйым салушы жəне жұмыс орнында рұқсат етуші плакаттар ілу, жұмысшыларды жеке қорғаныш құралдарымен жабдықтау (диэлектрлік қолғаптар, калоштар, кілемшелер жəне басқ.). Кернеу астында тұрған бөліктерде қандай да бір жұмыстарды жүргізуге үзілді-кесілді тыйым салынады [5].
Сымдар мен шоғырсымдарды түтіктер, жаймалар мен қораптар біржола бекітілгеннен кейін салуға болады, алатыздарға, іргетастарға жəне едендерге салынған болат құбырларды — сылақ салынған соң немесе бетондалғаннан кейін.
Дəнекерлегішті қыздырылған күйде үстел немесе өткізгіштер бетіне флюс, дəнекер жəне күйік түсуіне жол бермейтін жаймалы металл тығырықта ғана ұстау керек. Дəнекерлеу аяқталған кезде дəнекерлегішті өртке қарсы қауіпсіздік талаптарын сақтаумен металл жəшікке жинау қажет; егер дəнекерлеуді электр дəнекерлегішпен жүргізілсе, ең алдымен оны желіден сөндіру керек. Ұсақ бөлшектерді жəне сымдар ұштарын дəнекерлеу кезінде оларды қысқышпен немесе кемпірауызбен ұстаған дұрыс: дəнекерлегіш аузынан артық дəнекерлеуді сілкумен емес, суық дəнекерді
ұстаумен (қатты күйде тұрған) кетіреді. Дəнекерлеу орнын жанармаймен жəне басқа да жылдам тұтанғыш еріткішпен жууға тыйым салынады. Жұмыс орнында тұрған еріткіштерді тығыз жабылатын ыдыста сақтау қажет, ол сұйықтықты пайдаланатын кезде ғана ашылуы тиіс.
Сымдар мен ұштықтарды қалайылауға арналған отбақыр тұрақты күйде тұруы қажет жəне қыздырылған күйде борттары 10-15 мм кем болмайтын металл табақта тұрсын. Жылытқыш құралдар жанында тез тұтанатын заттарды қоюға тыйым салынады.
Бақылау сұрақтары:
Екіншілікті тізбектер сымдарын тартудың қандай тəсілдері бар?
Икемді жалғасуларды монтаждауды қалай жүргізеді?
Бақылау шоғырсымдарын монтаждау ережелерін сипаттаңыз.
Сымдар мен бақылау шоғырсымдардың алюминий желілерді қысқыштарға жалғау тəсілдері қандай?
Қалқандар мен пульттер панельдеріне қысқыштар құрамаларын қалай орнатады?
Достарыңызбен бөлісу: |