Барлығы: 32 сағат.
Дүниетану
Авторлары:Қ.А.Айтмағанбетова,Т.С.Идилова
(Алматыкітап 2009 )
І. ТҮСІНІК ХАТ
«Дүниетану» бастауыш білім беру деңгейінде білім алушылардың бойында қалыптасатын адам, табиғат және қоғам, олардың өзара байланысы мен тәуелділігі туралы білім жүйесін құрайтын кіріктірілген пән.
Дүниетану оқушылардың қоршаған ортаның әртүрлі нысандары мен құбылыстарын оқып-үйренуге бағытталған танымдық іс-әрекеттердің әдістері мен тәсілдерін біртіндеп меңгеруін қарастырады. Оны оқып-үйренудегі негізгі мәселелер бастауыш білім беру деңгейінде оқушылардың оқу үдерісінде дүниені танып-білуі, сол арқылы оларды тәрбиелеу және дамыту болып табылады.
«Дүниетану» оқу пәнінің жалпы мақсаты бастауыш білім беру деңгейінде білім алушылардың бойында жалпыадамзаттық құндылық ретінде табиғат, адамды қоршаған әлеуметтік орта, табиғат пен қоғамның бір-бірімен байланысы және өзара тәуелділігі түсініктері туралы білім жүйесін қалыптастыру.
Оқу пәнінің міндеттері:
білім алушылардың бойында қоршаған ортаны құраушылардың
біртұтастығы мен өзара байланыстылығы туралы қарапайым
түсініктер қалыптастыру;
білім алушыларға құндылықтар жүйесі, әлеуметтік ортадағы мінез–
құлық және қауіпсіздік нормалары және экологиялық мәдениет туралы алғашқы түсініктер беру;
білім берудің бастауыш деңгейінде білім алушыларды оқытудың
келесі деңгейлерінде жаратылыстану және қоғамтану пәндері шеңберінде қоршаған орта туралы тереңірек білім алуға даярлау және олардың бойында өзбетінше қоршаған орта туралы білім алуға деген талпыныстарын қалыптастыру.
«Дүниетану» оқу пәнінің мазмұнын іріктеуде бастауыш білім беру деңгейіндегі білім алушылардың жас ерекшеліктері ескеріліп, оқыту үдерісінің тұлғалық-бағдарлы тәсілі қарастырылды.
«Дүниетану» оқу пәнінің мазмұны мен құрылымын іріктеу кіріктіру, сабақтастық, біртұтастық ұстанымдарын негізге ала отырып құрылды. Оқу материалдарының мазмұны:
1. Адам.
2. Табиғат.
3. Қоғам тәрізді үш мазмұндық желілер бойынша топтастырылған. Осы мазмұндық желілерге сәйкес берілген оқу материалдары сыныптан сыныпқа өткен сайын күрделендіріліп беріледі.
«Адам» мазмұндық желісіне сәйкес оқушылар адамның физиологиялық дамуы, денсаулық оны сақтау, адамның тіршілік іс-әрекетіне қолайлы жағдай тудыру және салауатты өмір салтын құру туралы қарапайым білімді меңгереді. Мұнда адам биологиялық түр ретінде әлеуметтік тұрғыдан қарастырылады.
«Табиғат» мазмұндық желісі бойынша оқушылар қарапайым биологиялық (жануарлар мен өсімдіктердің белгілері, олардың алуан түрлілігі, тіршілік ортасына бейімделуі, бір-бірімен байланысы) және географиялық (жергілікті жерде бағдарлана алу тәсілдері, план және карта, жер қыртысының формасы, пайдалы қазбалар, табиғаттағы су айналымы, ауа райы, климат, Жер ғарыш денесі) ұғымдармен танысады.
«Қоғам» мазмұндық желісі оқушыларға адам мен қоғамның дамуы, Қазақстан халқының мәдени-тарихи мұралары туралы алғашқы түсініктер береді және онда оқушылар адамның қоршаған ортамен өзара қатынасы және өзара байланысы туралы қарапайым білім мен біліктерді меңгереді.
Пән бойынша оқу жүктемесі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес «Дүниетану» оқу пәнінің апталық жүктеме сағаты:
1 сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;
Оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі
Білім мазмұнының вариативті бөлігі білім алушылардың тұлғалық сипатын қамтамасыз ете отырып, балалар мен ата-аналардың сұраныстарын қамтамасыз етеді. «Дүниетану» оқу пәні бойынша келесідей қосымша оқу бағдарламаларын жасау ұсынылады. Мысалы, «Өзіңді тани біл», «Табиғат және адамдар», «Әлем және адам», «Табиғатта қонақта», «Жасыл дәріхана», «Туған ел», «Туған өлкенің табиғи байлықтары» және т.б.
ОҚУ ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
Базалық білім мазмұнын оқыту кезеңдері бойынша сағаттарға бөлу
1 сынып
(барлығы – 68 сағат, аптасына – 2сағат)
Кіріспе (1 сағат)
Қоршаған орта туралы қарапайым түсініктер. Қоршаған ортаның әртүрлі жағдайына алғашқы бақылау жасау. Көргенін және оқығанын әңгімелеп беру. Дүниетану – қоршаған орта туралы пән. Оқу пәнінің маңызы мен оны оқып-үйренудің әдістері.
Адам (6 сағат)
Мен – адаммын. Адам денесінің бөліктері. Адамның физиологиялық өсуі үшін не керек (тағам, дәрумендер, ұйқы). Күн тәртібі.
Көрсетілімдер: Заттарды формасына, түсіне, көлеміне, сапасына қарай ажырату (үлкен-кіші, жұмсақ-қатты, мата, ағаш, темір және т.б. материалдардың ерекшеліктері). Әртүрлі дыбыстарды тыңдап, үндерді ажырату (адамның сөзі, сиырдың мөңіреуі, иттің үруі және т.б.).
Табиғат (36 сағат)
Тірі және өлі табиғат. Табиғаттағы өзгерістер (4 сағат)
«Ауа», «су», «топырақ», «күн» ұғымдары туралы алғашқы түсініктер. Ауа және оның маңызы. Су және оның маңызы. Топырақ және оның маңызы. Жердегі тіршілік үшін Күннің маңызы.
Жыл мезгілдері. Ауа райы: ашық және бұлтты күндер. Жауын-шашын түрлері.
Өсімдік (16 сағат)
Өсімдік туралы алғашқы түсініктер. Бөлме өсімдіктері және олардың өсуі. Өсімдік бөліктері және олардың маңызы. Ағаштар, бұталар, шөптесін өсімдіктер. Өсімдіктердің өсуіне жағдай жасау. Өсімдіктердің тіршілігіне табиғаттағы мезгілдік өзгерістердің әсері.Табиғат және адам өмірінде өсімдіктердің маңызы. Өсімдіктерді қорғау.
Жануарлар (12 сағат)
Жануарлардың негізгі топтары туралы жалпы түсініктер: сүтқоректілер (хайуанаттар), құстар, үй жануарлары, балықтар, бауырымен жорғалаушылар, жәндіктер. Жануарлар және олардың қылықтары. Үй жануарлары және хайуанаттар. Тірі бұрыш жануарлары. Жануарларды бағып-күту.
Адам еңбегі (4 сағат)
Адамдардың мезгілдік жұмыс түрлері. Күз: қыстық отын дайындау, дәнді дақылдар мен жеміс-жидектерді жинау, ағаш отырғызу, үй жануарлары үшін жылы орын дайындау, олардың қыстық азығын, жем-шөптерін дайындау. Қыс: үйлерді жылыту, үй жануарларын бағып-күту, құстар мен хайуанаттарға жем шашу. Көктем: бау-бақшаларды тазалау, топырақты қопсыту, егін егу, көшет егу, малдарды жайылымға айдау. Айнала қоршаған ортаны қорғау.
Практикалық жұмыстар:Өсімдіктің бөліктерін анықтау. Үй жануарлары мен хайуанаттардың қылықтарына қысқаша сипаттама беру.
Топсеруендер:Табиғаттағы жыл мезгілдері мен өсімдік тіршілігіне бақылау жасау.
Қоғамдық-пайдалы еңбек. Үй өсімідіктері мен тірі бұрыш жануарларын күту.
Қоғам (22 сағат)
Отбасы (4 сағат)
Отбасы мүшелері. Отбасы мүшелерінің бір-біріне қамқорлығы. Әке мен ананың отбасындағы рөлі. «Мен», «біз», «менікі», «біздікі» ұғымдарының мәні.
Жеке отбасы мүшелерінің міндеттері. Үйде және қонақта өзін-өзі ұстау ережелері. Этикет. Көршімен. Құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас мәдениеті.
Тұрмыстық техникалар мен құрал-жабдықтарды қолданудағы қауіпсіздік ережелері (электр токтары, газ балондары және т.б.). Электр энергиясын және суды үнемдеу.
Мектеп (4 сағат)
Мен оқушымен. Мектеп оқушысының міндеттері. Оқушының мекен-жайы. Оқушының күн тәртібі, сабақ кестесі. Менің сыныбым. Сынып ұжымы. Менің мектебім. Мектеп ұжымы.
Мектепте өзін-өзі ұстау ережесі. Мектеп және оның маңайы. Мектептің мекен-жайы.
Туған қала (облыс/аудан) (6 сағат)
Туған қаланың (облыс/аудан) аталуы., негізгі көшелері, алаң. Жол. Адам жүретін және машиналар жүретін жолдар. Көше қилыстары, бағдаршам. Көшеде жүру ережесін сақтау. Үйден мектепке дейінгі жол. Көлік түрлері, онда жүріп-тұру ережелері.
Мемлекеттік мекемелер туралы ұғым. Мамандық ұғымы, олардың түрлері.
Туған ел (8 сағат)
Менің елім – Қазақстан. Қазақстан республикасының рәміздері – ән ұраны, ел таңбасы, елдің жалауы (туы). Астана – Қазақстанның астанасы.
Республикада тойланып, атап өтілетін ұлттық мерекелер. Наурыз мерекесі.
Көрсетілімдер:Қазақстан туралы, Астана туралы кинодеректер.
Практиклық жұмыстар. Көшеде жүру және қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережелеріне рөлдік ойындары.
Қоғамдық-пайдалы еңбек. Үй шаруасына көмектесу. Мерекелік іс-шараларға қатысу.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІНЕ
ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
1-сынып оқушылары:
бөлмеде өсіп тұрған өсімдік аттарын;
өсімдіктердің бөліктерін;
өсімдік түрлерін;
жануарлардың түрлерін;
өлі және тірі табиғат нысандарын;
мектеп ұжымы туралы;
мектепте өзін-өзі ұстау ережелерін;
мектеп және оның айналасы туралы біледі;
табиғи нысандарды;
табиғатқа бақылау жасау арқылы жыл, тәулік мезгілдерін, ауа райын;
табиғатта өзін-өзі ұстаудың қарапайым ережелерін;
отбасы мүшелерін;
отбасылық мерекелер мен дәстүрлерді;
тұрғылықты мекен-жайын, қаласын/ауылын;
маусымдық жұмыс түрлерін;
қоғамдық орындарда өзін ұстау және жолда жүру ережелерін;
өз Отанын, мемлекеттік рәміздерді, астанасын, ел басшысын;
адамның дене бөліктерін;
жеке бас гигиенасын;
күн тәртібін;
өз денсаулығын сақтау үшін қарапайым күтіну ережелерін білуі тиіс.
Оқушылар:
жыл мезгілдерінің аттарын және табиғаттағы маусымдық өзгерістерді ажырата алуы;
үй хайуанаттары мен жабайы жануарлардың тіршілік ету жағдайын ажырата алуы;
жоспар бойынша табиғат құбылыстарын, өсімдіктерді, жануарларды бақылай алуы;
өсімдіктің өсуі кезінде байқалатын сыртқы өзгерістерді суреттей;
ағаштарды бұталардан ажырата алуы;
өз бақылаулары нәтижесінде адамдар, жануарлар мен өсімдіктер үшін судың, ауаның және топырақтың маңызы туралы әңгіме құрастыра алуы;
бөлме өсімдіктерін күтіп баптау: суару, қопсыту, өсімдік жапырағын шаң-тозаңнан тазарта алуы;
ұжым мүшелерін ажырата алуы;
мектеп және оның айналасын сипаттай алуы;
табиғи нысандарды ажырата алуы;
табиғатқа бақылау жасау арқылы жыл, тәулік мезгілдерін, ауа райын ажырата алуы;
табиғатта, қоғамдық орындарда өзін ұстау және жолда жүрудің қарапайым ережелерін сақтай алуы;
отбасылық мерекелер мен дәстүрлерді сипаттай алуы;
тұрғылықты мекен-жайын, қаласын/ауылын, маусымдық жұмыс түрлерін ажырата алуы;
күн тәртібін, жеке бас тазалығын, денсаулығын күту ережелерін сақтай алуы тиіс.
ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
«Дүниетану» оқу пәнінің мазмұны оқушылардың айнала қоршаған ортадағы нысандар мен құбылыстарды зерделеуге бағытталған танымдық іс-әрекет әдіс-тәсілдерін біртіндеп меңгеруін қарастырады.
Оқытудың мақсаты бастауыш білім беру деңгейі оқушыларына саналы, жүйелі және берік білім болып табылады. Дүниетану білімі жаратылыстану ғылымдары анықтап берген заттардың белгілері мен қасиеттері, құбылыстар мен процестер, олардың өзара байланысынан тұрады. Білімді игерудегі негізгі әдістемелік заңдылық оқыту үдерісінде оқушыларға бірқалыпты білім беру және дамытудан тұрады. Ұғым оқушылардың сыртқы дүние танымына көмектеседі.
Дүниетану пәнінің мазмұны ұғымдардың мәнін ашып көрсетудегі жүйелік, реттілік ұстанымдарына бағынышты. Бағдарламада оқу материалдары белгілі-бір анықталған жүйе бойынша берілген. Оқушылар адам, табиғат, қоғам және олардың өзара байланысы мен өзара тәуелділігі жайлы берік білім алу мақсатында, алдымен адамның физиологиялық дамуы элементтерін, жануарлар мен өсімдіктердің биологиялық белгілерін, адам мен қоғамның жалпы дамуын зерделейді. Бағдарламада ұғымның қалыптасуы мен дамуының бір-біріне сабақтастығы жақсы қарастырылған. Мысалы, «Адам» мазмұндық желісі бойынша оқушы өзін-өзі танудан бастап, адамның әлемдегі орнын санамалауға өтеді.
Дүниетанудың барлық тараулары мен тақырыптары бір-бірімен өзара тығыз байланыста, сондықтан оны оқып-үйрену оқушылардың жаратылыстану және қоғамтану білім, біліктерін реттілікпен меңгеруіне жағдай жасайды. Сонымен қатар І-ІІ сыныптарда қарапайым деңгейде алған білімдері жаңа мазмұнмен толықтырылады. Мысалы, ІІІ сыныптағы «Табиғат» мазмұндық желісінің оқу материалдары адамның табиғи ортасы, табиғат пен адамның бір-бірімен қатынастары туралы білімді қамти отырып, «Табиғатты оқып-үйрену әдістері», «Дене. Зат. Құбылыс», «Ауа, су, ауа райы», «Тау жыныстары және пайдалы қазбалар», «Өсімдіктер», «Жануарлар» тақырыптары бойынша берілген. ІІІ сыныпта дүниетануды оқытудың мұндай құрылымы өсімдіктер мен жануарлардың биологиялық сипатын, өсімдіктер мен жануарлардың көптүрлілігін, олардың әртүрлі тіршілік ету ортасына бейімделуін, бір-бірімен байланысын, олардың адам өміріндегі маңызын оқып үйренуге жағдай жасайды.
ІV сыныптағы оқу материалдарының мазмұнында Табиғат» мазмұндық желісі «Жергілікті жерде бағдарлану әдістемесі», «Туған жердің табиғаты. Рельеф», «Пайдалы қазбалар», «Су», «Су және ауа райы», «Жер – ғарыштық дене» тақырыптары бойынша берілген.
«Жергілікті жерде бағдарлану әдістемесі» тақырыбы бойынша сабақ жүргізу, топсеруен, табиғатқа бақылау жасау, практикалық жұмыстар арқылы оқушылар көкжиек, компас, план, карта туралы алғашқы түсініктер алады. Практикалық жұмыстардың нәтижесінде картамен жұмыс істей алу дағдылары қалыптасады. Оқушылардың осы алған білім, біліктері оларды табиғаттың алуан түрлігін қабылдауға дайындайды.
Оқу бағдарламасында оқушылардың практикалық біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға орын берілген. Бұл үрдіс ұзақ әрі жүйелі мақсатты жұмысты қажет етеді. Мысалы, термометрдің құрылымын оқып-үйрену арқылы оқушылар судың температураларын анықтай алады, «Бақылау күнделігінің» жұмыс нәтижелерін қорытындылап, өңдейді. Оқушылар «Бақылау күнделігіндегі» ауа райына жасалған бақылауларды, тексеріп, дәптерлеріне жазады. Ол оқушылардың температураның «қосу», «алу» белгілерін анықтай алуларына көмектеседі, мысалы, ауа райының 10 градус жылылығы мен 10 градус суықтығын белгілеуді үйренеді.
ІV сыныпта оқушылардың тәжірибе және бақылау жүргізуіне арналған практикалық жұмыстар қарастырылған. «Топырақ, оның құрамы» тақырыбы бойынша оқушылар топырақтың құрамын анықтудың қарапайым тәжірибелерін жүргізеді. Соның нәтижесінде оқушылардың тәжірибе жүргізу біліктері мен дағдылары қалыптасады.
Оқу бағдарламасында қарастырылған топсеруен оқу пәніне бөлінген уақыт көлемінде жүргізілуі тиіс. Оның мазмұны оқу материалдарының мазмұнына сәйкес, өзара байланыста қарастырылады. Топсеруеннен алынған нәтижелер сабақ барысында қолданылады. Мысалы, табиғатқа серуен құру нәтижесінде оқушылар кеппешөп дайындау үрдісімен танысады.
Топсеруеннің оқушылардың қоршаған айнала ортаны танып білуінде танымдық және тәрбиелік мәні зор. Ол оқушылардың алған теориялық білімін тереңдетіп, кеңейтуге және практикалық біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасайды.
Дүниетану
Аптасына 2 сағат 1 тоқсан сағат
Барлығы 68 сағат
№
|
Сабақтың мақсаты.
|
Негізгі түсініктер
|
Оқулық беті
|
Сағат саны
|
Күні
|
қорытынды
|
Ж.б.
|
нақты
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Тарау тақырыбы: Кіріспе 1 сағат
|
|
Оқушылар білуі тиіс
|
Оқушылар қолдана алуы тиіс
|
|
қоршаған орта туралы қарапайым түсініктер;
қоршаған ортаның әртүрлі жағдайына алғашқы бақылау жасау.
|
-- көргенін және оқығанын әңгімелеп беру;
табиғи нысандарды ажырата алуы;
табиғатқа бақылау жасау арқылы жыл, тәулік мезгілдерін, ауа райын ажырата алуы;
|
1
|
Кіріспе
|
|
Бет 5
|
1
|
|
|
|
|
Тарау тақырыбы: Адам (6 сағат)
|
|
Оқушылар білуі тиіс
|
Оқушылар қолдана алуы тиіс
|
|
адам денесінің бөліктері.;
күн тәртібі.
|
табиғатта өзін-өзі ұстаудың қарапайым ережелерін;
- заттарды формасына, түсіне, көлеміне, сапасына қарай ажырату (үлкен-кіші, жұмсақ-қатты, мата, ағаш, темір және т.б. материалдардың ерекшеліктері);
- әртүрлі дыбыстарды тыңдап, үндерді ажырату (адамның сөзі, сиырдың мөңіреуі, иттің үруі және т.б.).
|
1
|
Мен -адаммын
|
Адамның дене мүшелері
|
Бет 13
|
1
|
|
|
|
2
|
Құлақ -есту мүшесі
|
Есту мүшесі
|
Бет 13
|
1
|
|
|
|
3
|
Мұрын -иіс сезу мүшесі
|
Иіс сезу мүшесі
|
Бет 15
|
1
|
|
|
|
4
|
Көз -көру мүшесі
|
Көру мүшесі
|
Бет 16
|
1
|
|
|
|
5
|
Тіл -дәм сезу мүшесі
|
Дәм сезу мүшесі
|
Бет 19
|
1
|
|
|
|
6
|
Тері- сипап сезу мүшесі
|
Сезу мүшесі
|
Бет 21
|
1
|
|
|
|
|
Тарау тақырыбы: Табиғат (36 сағат)
Тірі және өлі табиғат. Табиғаттағы өзгерістер (4 сағат)
|
|
Оқушылар білуі тиіс
|
Оқушылар қолдана алуы тиіс
|
|
«Ауа», «су», «топырақ», «күн» ұғымдары туралы
ауа және оның маңызы;
жердегі тіршілік үшін Күннің маңызы.
|
- жыл мезгілдерінің аттарын және табиғаттағы маусымдық өзгерістерді ажырата алуы;
- өз бақылаулары нәтижесінде адамдар, жануарлар мен өсімдіктер үшін судың, ауаның және топырақтың маңызы туралы әңгіме құрастыра алуы.
|
|
Өлі, тірі табиғат
|
Табиғат
|
Бет 6
|
1
|
|
|
|
|
Табиғат құбылыстары. Ауа райы
|
Ауа райы
|
Бет 26
|
1
|
|
|
|
|
Көкжиек тұстары
|
Көкжиек
|
Бет 30
|
1
|
|
|
|
|
Күзгі,қысқы, көктемгі табиғат
|
Табиғаттағы өзгерістер
|
Бет 30,67,96
|
1
|
|
|
|
|
Өсімдік (16 сағат)
|
|
Оқушылар білуі тиіс
|
Оқушылар қолдана алуы тиіс
|
|
өсімдік туралы; бөлме өсімдіктері және олардың өсуі.
өсімдік бөліктері және олардың маңызы;
өсімдіктердің тіршілігіне табиғаттағы мезгілдік өзгерістердің әсері.
|
- табиғат және адам өмірінде өсімдіктердің маңызы;
- өсімдіктерді қорғау;
бөлме өсімдіктерін күтіп баптау: суару, қопсыту, өсімдік жапырағын шаң-тозаңнан тазарта алуы;
өсімдіктің өсуі кезінде байқалатын сыртқы өзгерістерді суреттей алу.
|
1
|
Өсімдіктер
|
Өсімдіктер
|
Бет 48
|
1
|
|
|
|
2
|
Күзгі өсімдіктер
|
Өсімдіктер
|
Бет 31
|
|
|
|
|
3
|
Бақта
|
Өсімдіктер
|
Бет 33
|
|
|
|
|
4
|
Бақшада
|
Өсімдіктер
|
Бет 37
|
|
|
|
|
5
|
Өсімдік мүшелері
|
Өсімдіктер
|
Бет 50
|
1
|
|
|
|
6
|
Жеміс ағаштары мен бұталары
|
Өсімдіктер
|
Бет 51
|
1
|
|
|
|
7
|
Бөлме өсімдіктері
|
Өсімдіктер
|
Бет 53
|
1
|
|
|
|
8
|
Өсімдіктердің көбеюі
|
Өсімдіктер
|
Бет 54
|
1
|
|
|
|
9
|
Өсімдікте
|
Өсімдіктер
|
Бет
|
1
|
|
|
|
10
|
Өсімдіктердің қысқы тіршілігі
|
Өсімдіктер
|
Бет 69
|
1
|
|
|
|
11
|
Өсімдіктердің көктемгі тіршілігі
|
Өсімдіктер
|
Бет 97
|
1
|
|
|
|
12
|
Көктемгі табиғат
|
Өсімдіктер
|
Бет 96
|
1
|
|
|
|
|
Жануарлар (12 сағат)
|
|
Оқушылар білуі тиіс
|
Оқушылар қолдана алуы тиіс
|
|
- жануарлардың негізгі топтары туралы жалпы түсініктер: сүтқоректілер (хайуанаттар), құстар, үй жануарлары, балықтар, бауырымен жорғалаушылар, жәндіктер.
|
- үй хайуанаттары мен жабайы жануарлардың тіршілік ету жағдайын ажырата алуы;
- табиғатқа бақылау жасау арқылы жыл, тәулік мезгілдерін, ауа райын бақылау.
|
1
|
Сүтқоректілер
|
Жануарлар әлемі
|
Бет 56
|
1
|
|
|
|
2
|
Бунақденелілер
|
Бунақденелілер әлемі
|
Бет 57
|
1
|
|
|
|
3
|
Қосмекенділер мен жорғалаушылар
|
Қосмекенділер мен жорғалаушылар
|
Бет 60
|
1
|
|
|
|
4
|
Балықтар
|
Балықтар
|
Бет 63
|
1
|
|
|
|
5
|
Құстар
|
Құстар
|
Бет 64
|
1
|
|
|
|
6
|
Құстардың күзгі тіршілігі
|
Құстар
|
Бет 43
|
1
|
|
|
|
7
|
Құстардың көктемгі тіршілігі
|
Құстар
|
Бет 97
|
1
|
|
|
|
8
|
Үй құстарының көктемгі тіршілігі
|
Құстар
|
Бет 106
|
1
|
|
|
|
9
|
Жабайы аңдардың күзгі, көктемгі тіршілігі
|
Жануарлар әлемі
|
Бет 40, 107
|
1
|
|
|
|
10
|
Аңдардың қысқы тіршілігі
|
Жануарлар әлемі
|
Бет 71
|
1
|
|
|
|
11
|
Үй жануарларының қысқы тіршілігі
|
Жануарлар әлемі
|
Бет 76
|
1
|
|
|
|
12
|
Үй жануарларының көктемгі тіршілігі
|
Жануарлар әлемі
|
Бет 107
|
1
|
|
|
|
|
Адам еңбегі (4 сағат)
|
|
Оқушылар білуі тиіс
|
Оқушылар қолдана алуы тиіс
|
|
- адамдардың мезгілдік жұмыс түрлері,
өз денсаулығын сақтау үшін қарапайым күтіну ережелерін білуі тиіс.
|
- қыстық отын дайындау, дәнді дақылдар мен жеміс-жидектерді жинау, ағаш отырғызу, үй жануарлары үшін жылы орын дайындау, олардың қыстық азығын, жем-шөптерін дайындау.
|
1
|
Адамдардың күзгі еңбегі
|
Адамдардың еңбегі
|
Бет 46
|
1
|
|
|
|
2
|
Адамдардың қысқы еңбегі
|
Адамдардың еңбегі
|
Бет 77
|
1
|
|
|
|
3
|
Көктемгі адам еңбегі
|
Адамдардың еңбегі
|
Бет 110
|
2
|
|
|
|
|
Тарау тақырыбы: Қоғам (22 сағат)
Отбасы (4 сағат)
|
|
Оқушылар білуі тиіс
|
Оқушылар қолдана алуы тиіс
|
|
- отбасы мүшелері; отбасы мүшелерінің бір-біріне қамқорлығын;
- әке мен ананың отбасындағы рөлі; «Мен», «біз», «менікі», «біздікі» ұғымдарының мәні;
- жеке отбасы мүшелерінің міндеттері.
|
-үйде және қонақта өзін-өзі ұстау ережелері;
- этикет: көршімен, құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас мәдениеті;
- тұрмыстық техникалар мен құрал-жабдықтарды қолданудағы қауіпсіздік ережелері (электр токтары, газ балондары және т.б.);
-электр энергиясын және суды үнемдеу.
|
1
|
Сенің отбасың
|
Отбасы
|
Бет 80
|
1
|
|
|
|
2
|
Қазақ халқының әдет-ғұрыптары
|
Әдет-ғұрыптар
|
Бет 82
|
1
|
|
|
|
3
|
Менің үйім
|
Отбасы мүшелері
|
Бет 85
|
1
|
|
|
|
4
|
Үйде қауіпсіздік сақтау тәртібі
|
Сақтану ережелері
|
Бет 86
|
1
|
|
|
|
|
Мектеп (4 сағат)
|
|
Оқушылар білуі тиіс
|
Оқушылар қолдана алуы тиіс
|
|
-мектеп оқушысының міндеттері;
- өзінің мекен-жайы;
- оқушының күн тәртібі, сабақ кестесі.
- мектеп және оның маңайы; мектептің мекен-жайы.
|
- мектепте өзін-өзі ұстау ережесі;
- мектеп және оның айналасын сипаттай алуы;
- күн тәртібін, жеке бас тазалығын, денсаулығын күту ережелерін сақтай алуы тиіс.
|
1
|
Мектепте
|
Тәртіп,ереже
|
Бет 88
|
1
|
|
|
|
2
|
Сыныпта
|
Тәртіп,ереже
|
Бет 89
|
1
|
|
|
|
3
|
Оқушының күн тәртібі
|
Тәртіп,ереже
|
Бет 91
|
1
|
|
|
|
4
|
Оқушының жеке басының тазалығы
|
Тазалық
|
Бет 94
|
1
|
|
|
|
|
Туған қала (облыс/аудан) (6 сағат)
|
|
Оқушылар білуі тиіс
|
Оқушылар қолдана алуы тиіс
|
|
- туған қаланың (облыс/аудан) аталуы., негізгі көшелері, алаңы;
- жол; адам жүретін және машиналар жүретін жолдар;
- көше қилыстары, бағдаршам..
|
-көшеде жүру ережесін сақтау;
-үйден мектепке дейінгі жолды;
- көлік түрлері, онда жүріп-тұру ережелері;
- тұрғылықты мекен-жайын, қаласын/ауылын, маусымдық жұмыс түрлерін ажырата алу.
|
1
|
Қалада және ауылда
|
Салыстыру
|
Бет 113
|
1
|
|
|
|
2
|
Ақжол ауылы
|
Ауыл
|
Бет 115
|
1
|
|
|
|
3
|
Адамдар қайда жұмыс істейді?
|
Мамандық
|
Бет 116
|
1
|
|
|
|
4
|
Көліктер
|
Көліктер
|
Бет 118
|
|
|
|
|
5
|
Қала және ауыл көліктері
|
Көліктер
|
Бет 120
|
1
|
|
|
|
6
|
Денені шынықтыру
|
Денсаулық
|
Бет 122
|
1
|
|
|
|
|
Туған ел (8 сағат)
|
|
Оқушылар білуі тиіс
|
Оқушылар қолдана алуы тиіс
|
|
менің елім – Қазақстан; Қазақстан республикасының рәміздері – ән ұраны, ел таңбасы, елдің жалауы (туы);
Астана – Қазақстанның астанасы.
|
өз Отанын, мемлекеттік рәміздерді, астанасын, ел басшысын;
- күн тәртібін, жеке бас тазалығын, денсаулығын күту ережелерін сақтай алуы тиіс.
|
1
|
Менің Отаным-Қазақстан
|
Отан
|
Бет 124
|
1
|
|
|
|
2
|
Астана
|
Астана
|
Бет 126
|
1
|
|
|
|
3
|
Алматы
|
Алматы
|
Бет 128
|
1
|
|
|
|
4
|
Ғарышкерлер
|
Ғарыш, ғарышкер
|
Бет 130
|
1
|
|
|
|
5
|
Халықтық мерекелер
|
Мереке
|
Бет 131
|
1
|
|
|
|
6
|
Кәсіби мерекелер
|
Мереке
|
Бет 132
|
1
|
|
|
|
7
|
Олар сен үшін жазады.
|
Ғалым, жазушы
|
Бет 133
|
1
|
|
|
|
8
|
Асфальттағы суреттер
|
Суреттер ерекшелігі
|
Бет 134
|
1
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |