САУАТ АШУ
оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін
мектептің 1 сыныбына арналған
І. ТҮСІНІК ХАТ
«Сауат ашу» пәні – бастауыш білім беру үдерісінде оқушыларға ана тілінің байлығын меңгертудің алғашқы сатысы. Сауат ашу, қазақ тілінің дыбыстық, лексикалық жүйесі мен грамматикалық құрылымын меңгеру үдерісі.
«Сауат ашу» пәнінің басты мақсаты – оқу және жазу дағдылары қалыптасқан, алғашқы тілдік мағлұматтарды, сөйлеу әрекетінің түрлерін меңгерген, байланыстырып сөйлей алатын; ана тілін сүйетін, адамгершілік, Отансүйгішік сезімдері қалыптасқан, шығармашылыққа бейім жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.
1-сыныпта «Сауат ашу» пәні интеграцияланған (оқу мен жазу – «Әліппе» оқулығы; тілдік және оқу материалдары – «Ана тілі» оқулығы) мазмұңда оқытылады.
Сауат ашудың әрбір кезеңінің өзіндік ерекшелігіне байланысты міндеттері белгіленген. Әліппеге дейінгі кезеңнің міндеттері: оқушыларды оқуға және жазуға даярлау; сөздік қорын молайту; байланыстырып сөйлеуге үйрету. Әліппе кезеңінің міңдеттері: оқушылардың оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру; байланыстырып сөйлеу тілін дамыту.
Әліппеден кейінгі кезеңнің міндеттері: оқушылардың оқу және жазу дағдыларын жетілдіру; байланыстырып сөйлеу тілін дамыту; алғашқы грамматикалық мағлұматтарды меңгерту.
Сауат ашу пәнінің міндеттері:
6 жастағы оқушыларды оқу әрекетіне психофизиологиялық тұрғыдан дайындау;
оқушының тілін дамыту жұмыстарын сауат ашу кезеңдеріне сәйкес ұйымдастыру;
дұрыс, түсініп және мәнерлеп оқу, жазу дағдыларын қалыптастыру;
кіріктіріле жүргізілетін оқу және жазу жұмыстарын сауат ашудың әр кезеңдеріне сәйкес жүргізу;
тілдік қарапайым түсінік, орфографиялық, пунктуациялық біліктілік қалыптастыру;
сөйлеу әрекетінің түрлерін (оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым) меңгерту және сөйлеу жанрларын әр түрлі жағдайларда қолдана білуге үйрету;
алғашқы тілдік фактілерді танымдық нысан ретінде меңгерту, оларды талдау, салыстыру, топтау және жинақтау дағдыларын қалыптастыру;
оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру;
диалогтық және монологтық сөйлеу дағдыларын жетілдіру;
оқушының бойында адами құндылықтарды: қайырымдылықты, сүйіспеншілікті, елжандылықты, имандылықты дамыту;
қоршаған ортамен ізгі қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.
Сауат ашу кезеңдері бойынша бағдарламалық материалдар төмендегідей жіктелген.
Әліппеге дейінгі кезең
Тіл дамытуда: сөйлемнің дыбысталу мәдениеті, сөзбен жұмыс, сөйлеммен жұмыс, байланыстырып сөйлеуге үйрету; оқуға даярлауда: дыбысталу тілін талдау, сөйлеуден сөйлемді, сөйлемнен сөзді ажырату, дыбыс туралы түсінік, сөзге дыбыстық талдау жасау; жазуға даярлауда: жазу гигиенасы, дұрыс отыру, дәптерді, қаламды дүрыс пайдалану ережелері, дәптермен таныстыру, әртүрлі сызықтар сыздыру, әріп элементтерін жазу.
Әліппе кезеңі
Оқуға үйретуде: сөзге дыбыстық-әріптік талдау жасау, дыбыстар мен әріптерді оқу және жазу, әртүрлі буынды сөздерді оқу, қысқа сөйлемдерді, шағын мәтіндерді оқу; жазуға үйретуде: әріп элементтерін жазу, бас әріптер мен кіші әріптерді жазу, әріптердің баспа және жазба түрлерін ажырату, сөздерді көшіріп жазу, үлгі бойынша жазу, есту арқылы жазу; ауызша тіл дамытуда: сөйлеудің дыбысталу мәдениеті, сөзбен жұмыс, сөйлеммен жұмыс, байланыстырып сөйлеу.
Әліппеден кейінгі кезең
Оқуда: әртүрлі дауыс ырғағындағы сөйлемдерді, байланысты мәтіндерді дұрыс, саналы түсініп, мәнерлеп, шапшаң оқу; байланыстырып сөйлеу тілін дамытуда: мәтінмен жұмыс; алғашқы грамматикалық мағлұматтарды меңгертуде: сөйлеу, сөйлем, дыбыстар мен әріптер, сөз, орфография, мәтін; жазуда: көшіріп жазу, есту арқылы жазу, есте сақтап жатқа жазу, көркем жазу, шығармашылықпен жазу, сөз, сөйлем, шағын мәтіндерді жазу.
Сауат ашу кезінде жүргізілетін жазба жұмыстары: көшіріп жазу, диктант, мазмұндама, шыгарма.
I жартыжылдықта әріп диктанты, буын диктанты,
сөздік диктант – 4-6 сөз (диктант жұмысы күнделікті
сабақ барысында мұғалімнің қалауымен) жүргізіледі.
II жартыжылдықта сөздік диктант – 6-8 сөз, есту
диктанты, көру диктанты, жыл аяғында 15-18 сөзден
тұратын бақылау диктанты (диктант жұмысы әрбір
грамматикалық материалды меңгерген соң) алынады.
II жартыжылдықта кем дегенде үш рет үйрету мақсатындағы мазмұндама (20-25 сөз) және екі рет үйрету мақсатындағы шығарма жұмыстары алынады.
1-сыныпта «Көркем жазу» күнделікті сабақ барысында (шамамен 4-5 минут) мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі
Бастауыш мектепте оқытылатын тілдік материалдар мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне орай ғылымилық, сабақтастық, жүйелілік, түсініктілік дидактикалық ұстанымдары негізінде сұрыпталды. Бағдарлама құруда басты ұстаным ретінде коммуникативтік ұстаным алынды. Бұл ұстаным тілдің сөйлеу және таным құралы екенін терең ұғынуға мүмкіндік береді.
Сауат ашу оқу пәнінің мазмұнын түзу мен іріктеудің ұстанымдарына сауат ашудың мақсат-міндеттеріне сәйкес болу, алты жастағы балалардың жас ерекшеліктерін ескеру, ұлттық және аймақтық ерекшеліктерді ескеру ұстанымдары жатады. Бұл ұстанымдар ауызша және жазбаша коммуникацияны жүзеге асыратын тілдің графикалық, дыбыстық-әріптік жүйесін тұтастай қабылдауға, оқушылардың оқу қызметінің қалыптасуына мүмкіндік жасайды.
Пән бойынша оқу жүктемесі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес «Сауат ашу» пәні аптасына – 7 сағаттан оқытылады. Барлық сағат саны – 238, оның ішінде:
«Сауат ашу» пәнін оқыту үш кезеңге бөлінген:
Әліппеге дейінгі кезең - 14 сағат.
Әліппе кезеңі - 98 сағат.
Әліппеден кейінгі кезең - 126 сағат.
«Сауат ашу» пәнінің оқу бағдарламасы екі оқулық арқылы жүзеге асырылады: I жартыжылдықта –«Әліппе» оқулығы, II жартыжылдықта – «Ана тілі» оқулығы.
Оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі
Пәнді оқытудың вариативті бөлігі оқушылардың білімдерін одан әрі жетілдіре түсу мақсатында пайдаланылады. Білім алушылардың тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың өз ойларын еркін және дәлелді түрде ауызша да, жазбаша да сауатты жеткізе білуін жетілдіру мақсатында сынып оқушыларының сұранысына орай арнайы сабақтар ұйымдастыру қажет. Мәселен:
1-сынып «Әріптер сыры», «Тіл дамыту».

II. оқу пәнінің базалық мазмұны
1-сынып
Әліппеге дейінгі кезең - 14 сағат
Тіл дамыту
Сөйлеудің дыбысталу мәдениеті.
Оқушылардың сөзді ести білу және еске сақтай алу қабілеттерін дамыту; сөйлеу аппараттарын дамыту. Дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыру: дұрыс тыныс алу, сөйлеу қарқыны және дауыс ырғағын дұрыс қою. Әдеби тілде сөйлеуге (орфоэпия) үйрету. Кейбір дыбыстарды айтудағы кемістіктерді түзету.
Сөзбен жұмыс
«Мектеп, оқу құралдары», «Мектептің спорт алаңы», «Күн режимі, тамақтану», «Көшеде жүру тәртібі, көліктер», «Жабайы андар мен құстар», «Үй жануарлары», «Көкөністер», «Жеміс-жидектер», «Кітапхана», «Отбасы» және т.б. лексикалық тақырыптар бойынша оқушылардың сөздік қорын анықтау, байыту. Заттың атын, іс-әрекетін, белгісін білдіретін сөздерді дұрыс қоддану.
Сөйлеу әдептілігіне (сәлемдесу, қоштасу, алғыс айту, өтініш жасау, кешірім сұрау) үйрету.
Сөйлеммен жұмыс, байланыстырып сөйлеуге уйрету
Сұрақтарға жауап беру, өз ойын дұрыс жеткізе білу. Сөйлемдерді әртүрлі дауыс ырғағында қолдану.
Көркем шығармаларды тындау, сүрақтарға жауап беру, мазмүнын айту, шығармашылық тапсырмалар орындау, ертегілерді сахналау, өлеңді жатқа айту, диалог құрастыру, сурет бойынша және өзінің байқағандарынан әңгіме құрастыру.
Тақпақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, жұмбақтар, өлендер жаттау.
Оқуға даярлау
Дыбысталу тілін талдау.
Дыбысталу тілін тыңдай білу және әртүрлі дауыс ырғағындағы (жай сөйлем, сұраулы сөйлем, лепті сөйлем) сөйлемдерді ажырату; 2-4 сөзден тұратын сөйлемдерді графикалық таңбаларын айыра білу; сызба бойынша сөйлем құрастыру.
Сөйлемнен сөзді ажырату; сөздің графикалық таңбасын айыра білу.
Сөзді буынға бөлу; сөзді буынға бөлудің графикалық таңбасын айыра білу.
Дыбыс туралы түсінік. Дыбыстық талдау: сөзден жеке дыбыстарды бөліп алу, сөздегі дыбыстың санын және орын ретін анықтау, дауысты дыбыс пен дауыссыз дыбысты ажырату, дыбыстық сызбалардың графикалық таңбасын айыра алу (дауысты дыбыс – қызыл дөңгелекше, дауыссыз дыбыс – көк дөңгелекше). Сөздің дыбыстық сызбасын ажырата алу, дыбыстық сызбаны «оқи» білу (дауысты – дауыссыз – дауысты), дыбыстық сызбаға сәйкес сөз ойлап табу, дыбыстық сызбаларды салыстыру (дыбыстардың саны, орын реті); дауысты дыбыстың буын жасай алуы.
Сауат ашу
Аптасына 7 сағат
Барлығы 238 сағат
№
|
Сабақтың мақсаты.
|
Негізгі түсініктер
|
Оқулық беті
|
Сағат саны
|
Күні
|
қорытынды
|
Ж.б.
|
нақты
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Тарау тақырыбы: Әліппеге дейінгі кезең - 14 сағат
|
|
Оқушылар білуі тиіс
|
Оқушылар қолдана алуы тиіс
|
|
сөзді ести білу және еске сақтай алу қабілеттері;
сөйлеу мәнері ;
дұрыс сөйлеу: дұрыс тыныс алу, сөйлеу қарқыны және дауыс ырғағын дұрыс қою.
|
- сұрақтарға жауап беру, өз ойын дұрыс жеткізе білу; - - сөйлемдерді әртүрлі дауыс ырғағында қолдану.
- көркем шығармаларды тындау, сұрақтарға жауап беру.
|
1
|
Астана
|
Отан
|
Бет 6
|
1
|
|
|
|
2
|
Отбасы
|
Отбасы мүшелері
|
Бет 7
|
1
|
|
|
|
3
|
Өзің тұтынып жүрген үй мүліктері
|
Үй мүліктері
|
Бет 8
|
1
|
|
|
|
4
|
Ойыншықтар
|
Ойыншық түрлері
|
Бет 9
|
1
|
|
|
|
5
|
Оқу құралдары
|
Оқу құралдары
|
Бет 10
|
1
|
|
|
|
6
|
Күз
|
Жыл мезгілдері
|
Бет 11
|
1
|
|
|
|
7
|
Дақылдар
|
Дақылдар
|
Бет 12
|
1
|
|
|
|
8
|
Көкөністер
|
Көкөністер
|
Бет 13
|
1
|
|
|
|
9
|
Жемістер
|
Жеміс-жидектер
|
Бет 14
|
1
|
|
|
|
10
|
Аңдар
|
Жануарлар
|
Бет 15
|
1
|
|
|
|
11
|
Үй жануарлары
|
Жануарлар
|
Бет 16
|
1
|
|
|
|
12
|
Тағамдар
|
Тағамдар
|
Бет 17
|
1
|
|
|
|
13-14
|
Мақта қыз бен мысық
|
Ертегі
|
Бет 18
|
1
|
|
|
|
|
Тарау тақырыбы: Әліппе кезеңі - 98 сағат.
|
|
Оқушылар білуі тиіс
|
Оқушылар қолдана алуы тиіс
|
|
- әріп элементтерін жазу,
- әріптердің баспа және жазба түрлерін ажырату,
- үлгі бойынша жазу;
- ауызша тіл дамытуда: сөйлеудің дыбысталу мәдениеті, сөзбен жұмыс, сөйлеммен жұмыс, байланыстырып сөйлеу.
|
- сөзге дыбыстық-әріптік талдау жасау;
- дыбыстар мен әріптерді оқу және жазу;
- әртүрлі буынды сөздерді оқу, қысқа сөйлемдерді, шағын мәтіндерді оқу, жазу.
|
1-2
|
А дыбыс мен әрпі
|
Дыбыс,әріп
|
Бет 20
|
2
|
|
|
|
3-4
|
О дыбысы мен әрпі
|
Дыбыс,әріп
|
Бет 22
|
2
|
|
|
|
5-6
|
Р дыбыс мен әрпі
|
Дыбыс,әріп
|
Бет 24
|
2
|
|
|
|
7-8
|
Л дыбысы мен әрпі
|
Дыбыс,әріп
|
Бет 26
|
2
|
|
|
|
9-10
|
Ш дыбысы мен әрпі
|
Дыбыс,әріп
|
Бет 28
|
2
|
|
|
|
11-12
|
С дыбысы мен әрпі
|
Дыбыс,әріп
|
Бет 30
|
2
|
|
|
|
13-14
|
У дыбысы мен әрпі
|
Дыбыс,әріп
|
Бет 32
|
2
|
|
|
|
15-16
|
Ы дыбысы мен әрпі
|
Дыбыс,әріп
|
Бет 34
|
2
|
|
|
|
17-18
|
Д дыбысы мен әрпі
|
Дыбыс,әріп
|
Бет 36
|
2
|
|
|
|
19-20
|
Т дыбысы мен әрпі
|
Дыбыс,әріп
|
Бет 38
|
2
|
|
|
|
21-22
|
М дыбысы мен әрпі
|
Дыбыс,әріп
|
Бет 40
|
2
|
|
|
|
23-24
|
Н дыбысы мен әрпі
|
Дыбыс,әріп
|
Бет 42
|
2
|
|
|
|
25-26
|
Ң дыбысы мен әрпі
|
Дыбыс,әріп
|
Бет 44
|
2
|
|
|
|
27-28
|
Ғ дыбысы мен әрпі
|
Дыбыс,әріп
|
Бет 46
|
2
|
|
|
|
29-30
|
Ж дыбысы мен әрпі
|
Дыбыс,әріп
|
Бет 48
|
2
|
|
|
|
31-32
|
Орманда
|
Дыбыс,әріп
|
бет 50
|
2
|
|
|
|
33-34
|
І дыбысы мен әрпі
|
Дыбыс,әріп
|
Бет 52
|
2
|
|
|
|
35-36
|
Ә дыбыс мен әрпі
|
Дыбыс,әріп
|
Бет 56
|
2
|
|
|
|
37-38
|
Ө дыбысы мен әрпі
|
Дыбыс,әріп
|
Бет 60
|
2
|
|
|
|
39-40
|
Қ дыбысы мен әрпі
|
Дыбыс,әріп
|
Бет 62
|
2
|
|
|
|
41-42
|
К дыбысы мен әрпі
|
Дыбыс,әріп
|
Бет 66
|
|
|
|
|
43-44
|
Е дыбысы мен әрпі
|
Дыбыс,әріп
|
Бет 70
|
2
|
|
|
|
45-46
|
Б дыбысы мен әрпі
|
Дыбыс,әріп
|
Бет 74
|
2
|
|
|
|
47-48
|
И дыбысы мен әрпі
|
Дыбыс,әріп
|
Бет 78
|
2
|
|
|
|
49-50
|
Й дыбысы мен әрпі
|
Дыбыс,әріп
|
Бет 82
|
2
|
|
|
|
51-52
|
Г дыбысы мен әрпі
|
Дыбыс,әріп
|
Бет 86
|
2
|
|
|
|
53-54
|
З дыбысы мен әрпі
|
Дыбыс,әріп
|
Бет 90
|
2
|
|
|
|
55-56
|
Ұ дыбысы мен әрпі
|
Дыбыс,әріп
|
Бет 94
|
2
|
|
|
|
57-58
|
Ү дыбысы мен әрпі
|
Дыбыс,әріп
|
Бет 98
|
2
|
|
|
|
59
|
П дыбысы мен әрпі
|
Дыбыс,әріп
|
Бет 102
|
1
|
|
|
|
60
|
Һ дыбысы мен әрпі
|
Дыбыс,әріп
|
Бет 106
|
1
|
|
|
|
61
|
Я дыбысы мен әрпі
|
Дыбыс,әріп
|
Бет 110
|
1
|
|
|
|
62
|
Мазмұндама
|
|
|
1
|
|
|
|
63
|
Ю дыбысы мен әрпі
|
Дыбыс,әріп
|
Бет 112
|
1
|
|
|
|
64
|
Х дыбысы мен әрпі
|
Дыбыс,әріп
|
Бет 114
|
1
|
|
|
|
65
|
В дыбысы мен әрпі
|
Дыбыс,әріп
|
Бет 116
|
1
|
|
|
|
66
|
Ф дыбысы мен әрпі
|
Дыбыс,әріп
|
Бет 120
|
1
|
|
|
|
67
|
Ё дыбысы мен әрпі
|
Дыбыс,әріп
|
Бет 124
|
1
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |