І. ТҮСІНІК ХАТ
«Еңбекке баулу» оқу пәні бастауыш білім беру деңгейінде оқытылады және «Өнер және технология» білім беру саласына енеді. «Еңбекке баулу» оқу пәні оқушының көркем безендіру, бейнелеу, құрастыру сияқты негізгі көркемдік әрекеттері арқылы олардың шығармашылық қабілеттерін дамытады. Еңбекке баулу тұлғаның эмоционалды-құндылық және сенсорлық мәдениетін дамытып, қоршаған орта мен өнердегі әсемдікті көру, бағалау және оларды өз қолымен жасау қабілеттіліктерін арттырады.
«Еңбекке баулу» оқу пәні әртүрлі өнер түрлері мен көркемдік әрекеттер мазмұнының кешені. Оқушылар «Еңбекке баулу» сабағында әртүрлі өнер шығармаларын көріп, қабылдау, зерделеумен қатар, дербес көркемдік шығармашылық әрекеттермен айналысады. Оқу материалына халықтық дәстүрлі және заманауи сәндік қолданбалы өнердегі ұлттық мәдени мұралар тәжірибесі негіз болып табылады.
«Еңбекке баулу» оқу пәнінің мақсаты – оқушының көркемдік шығармашылық әрекеттерін әсемдікті көру, қабылдау арқылы қалыптастыру, бейнелеу, безендіру, құрастыру сияқты көркемдік іс-әрекеттеріне қажетті дағдылары мен шеберліктерін шыңдау болып табылады және оқушылардың еңбекке деген оң көзқарастарын қалыптастыру.
«Еңбекке баулу» оқу пәнінің міндеттері:
бейнелеу өнерінің түрлерімен (сәндік-қолданбалы өнер, кескіндеме, сурет (графика), мүсіндеу және сәулет өнері) таныстыру;
оқушыларды әсемдікті бақылау, көру, зерделеу, эстетикалық сезімде әсерлену арқылы сурет салу, мүсін жасау, жапсырмалау және құрастыру сияқты көркемдік әрекеттеріне баулып, үйрету;
оқушыларға әртүрлі материалдармен (қағаз, бояу, мата, ермек саз, табиғи материалдар және заманауи технологиялық материалдармен және т.б.) жұмыс жасаудың техникалық тәсілдерін меңгерту;
көркем еңбек сабағында қолданатын арнайы терминдермен және ұғымдармен таныстыру.
«Еңбекке баулу» оқу пәнінің мазмүны төмендегідей бөлімдерді қамтиды:
Техникалық еңбек. Қағаз, қатырма қағазбен, тоқыма, табиғи материалдармен, ағашпен және сымтемірмен, техникалық үлгілермен жұмыс.
Көркем еңбек. Сәнді-қолданбалы қолөнер бұйымдарымен таныстыру: ұлттық киімдер, зергерлік бұйымдар, жиһаз, ыдыс-аяқтар, түрлі тұрмыс бұйымдары; бұл бұйымдарды әртүрлі ою-өрнектер (геометриялық, зооморфтық, әсімдік) қолдану арқылы дайындау. Өру элементтерімен таныстыру.
Дизайн. Көркем безендіру; түрлі түсті қағаздар мен матадан әртүрлі бұйымдарды құрастыру және жасау, оларды ұлттық ою-өрнек элементтерін безендіруде қолдану.
Тұрмыстык, еңбек. Өзінің киімдерін, оқу жабдықтарын күту; гигиенаны сақтау; мектептің (сынып) аумағын жинаудағы бүкіл мектептік түрлі шараларға қатысу. Бөлме өсімдіктерін күту.
Бұл бөлімге сабақ уақытында жалпы жүктемеден оқу уақыты бөлінбейді, қажетті дағдылар оқу-тәрбие үрдісі барысында меңгеріледі.
Оқушылардың жас ерекшелігі ескеріле отырып, бірінші, екінші сыныптардағы «Еңбекке баулу» пәнінің бағдарламасында «Дизайн» бөлімі енгізілмеген, соңдай-ақ «Техникалық еңбек» бөліміңде ағаш және сымтемірмен жұмыс істеу түрлері көзделмеген.
Тәрбиелей отырып үйрету (эстетикалық сезімін дамыту, еңбекке құрметпен қарауды дарыту, ұлттық мәдени мұраларды тиімді пайдалану) ұстанымы – бұл шығармашылық пен оқу міндеттерінің бірлігінде тұжырымдалады. Үйретудің көрнекілік әдістері мен тәсілдері – шебер, суретші, сәулеткер және т.б өнер иелерінің шығармаларын, үлгілер және өзге көрнекі құралдарды оқушыларға көрсету; жекелеген заттарды, бұйымдарды зерделеп, қарап көру; бейнелеу, безендіру, құрастыру, тоқу, жапсырмалау және т.б. әдіс-тәсілдерді көрсету.
Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес қабылдау, ойлау, қиялдау қабілеттерін ескеру – олармен жұмыс жүргізуді үйретудің мазмұнын, әдістері мен тәсілдерін дұрыс құруға негіз болады.
Оқушылардың көркемдік шығармашылық жұмыстарды орындаудың сан алуан техникасын (сурет салу, мүсіндеу, жапсырмалау, құрастыру және т.б.) білуі, әртүрлі бейнелеу шеберліктерін (қылқаламмен, бояумен, қайшымен, стекамен және т.б. жұмыс істеу) меңгеру барысында көркемдік әрекеттері бейнелеу, безендіру, құрастыру сияқты көркемдік әрекеттердің үш формасының негізінде іске асырылады.
Бастауыш мектептің төменгі сынып оқушысында көркемдік әрекеттердің бір түрі екінші түрінен ажырамастай, тұтас қабылданады, себебі бала ойын түрінде өнер түрлеріндегі бейнелеу, безендіру, құрастыру әрекеттерімен жүйелі түрде айналысады.
Оқу жылындағы барлық сағат саны:
1 сынып - аптасына 2 сағат – барлығы – 68 сағат;
2 сынып - аптасына 2 сағат – барлығы – 68 сағат;
3 сынып - аптасына 2 сағат – барлығы – 68 сағат;
4 сынып - аптасына 2 сағат – барлығы – 68 сағат.
«Еңбекке баулу» оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі бастауыш білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты шеңберінде дайындалған қосымша оқу бағдарламаларын іске асыруға бағытталған. Көркемдік білім мазмұнындағы кескіндеме, мүсіндеу, керамика, көркем кестелеу, тоқу, құрастыру және заманауи көркемдік материалдармен жұмыс жасау технологиясын тереңірек оқытып, үйрету үшін және «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін төмендегідей қосымша сабақтарды ұсынуға болады:
1 сыныпта: «Түрлі-түсті әлем», «Туған өлкенің сұлу табиғаты», «Әсем қала-Астана».
2 сыныпта: «Өнер мұражайлары», «Көне ескерткіштер».
3 сыныпта: «Халық қол өнер шеберлері», «Шебер қолдар».
4 сыныпта: «Әсемдік әлемінде», «Дизайн», «Мемлекеттік рәміздер».
ІІ. ОҚУ ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
1 СЫНЫП
(барлығы 68 сағат, аптасына 2 сағат)
Техникалық еңбек (48 сағат)
Қағаз, қатырма қағазбен жұмыс (20 сағат)
Техникалық мәліметтер. Қағаздың маңыздылығы, қасиеттері, ерекшеліктері. Қағаздың түрлері, қолданылуы. Түс үйлесімділігі. Желімнің түрлері. Қиып жапсыру. Оригами. Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау және тазалық-гигиеналық талаптарды орындау. Жұмыс орнын дай-ындау.
Жұмыста қолданылатын әдістер. Бүктеу, қаттау өлшеу, белгілеу, сызу, жырту, қию, желімдеу. Материалдарды үнемдеп пайдалану.
Шамамен берілетін тапсырмалар. Қиып жапсыру: бағдаршам, оюлар, гүл. Оригами: құс, балық, үйрек, бақа, қамзол, қалпақ, мысық. Жасайтын бұйымдар: хатқалта, шырша ойьншықтары, тұқым салатын қалташық, ойыншық, қорап, зырылдауық. Композиция құрастыру.
Тоқыма материалдармен жұмыс (8 сағат)
Техникалық мәліметтер. Маталардың түрлері, қолданылуы. Өңі, теріс жағы. Матаны қию. Жіптердің түрлері, қолданылуы, ерекшеліктері. Жіпті қажетіне қарай үзу, ұшын түйіндеу. Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау және тазалалық-гигиеналық талаптарды орындау. Жұмыс орнын дайыңдау.
Жұмыста қолданылатын әдістер. Өлшеу, белгілеу, пішу, қию, үзу, желімдеу. Мата мен жіптерді үнемдеп пайдалану.
Шамамен берілетін тапсырмалар. Жасайтын бұйымдар: кітап арасына салатын қыстырғыш жолақ, шашақ бау, жіптерді өру. Матадан қиып жапсыру: ою-өрнектер, қоян. Жіп және мата түрлерінен жиынтықтар (коллекция) дайындау. Композиция құрастыру.
Табиғи материалдармен жұмыс (14 сағат)
Техникалық мәліметтер. Табиғи материалдардың қасиеттері, олардың қолданылуы. Демалыс орындарына экскурсия. Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтаужәне тазалық-гигиеналық талаптарды орындау. Жұмыс орнын дайындау.
Жұмыста қолданылатын әдістер. Өлшеу, белгілеу желімдеу, біріктіру. Материалдарды үнемдеп пайдалану.
Шамамен берілетін тапсырмалар. Жасайтын бұйымдар:ыдыс-аяқтар, көкөніс, жеміс-жидектер, балық, құс, көбелек, үйрек, желкенді қайық, балапан, қоян. Композиция құрастыру «Құмырадағы гүлдер».
Техникалық үлгілеу ( 6 сағат)
Техникалық мәліметтер. «Конструктор» бөлшектерімен таныстыру. Дайын жиынтықтармен бұйымдарды құрастыру туралы мәлімет. Үлгілер, модельдер және техникалық суреттер туралы түсінік. Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау және тазалық-гигиеналық талаптарды орындау. Жұмыс орнын дайындау.
Жұмыста қолданылатын әдістер. Әртүрлі бұйымдарды құрастыру. Бұранда, гайканың көмегімен бөлшектерді біріктіру, босату, қатайту.
Шамамен берілетін тапсырмалар. Құрастыратын бұйымдар: таразы, әткеншек, арба, саты, көтергіш кран; геометриялық пішіндер (үшбұрыш, төртбұрыш, шаршы).
Көркем еңбек (20 сағат)
Ұлттық киімдер (10 сағат)
Техникалық мәліметтер. Ұлттық киімдердің түрлері. Жазда және қыста киетін киімдер. Әйелдер мен ерлер киімдерінің түрлері. Түрлі материалдардан киімдерді қиып жапсыру. Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау жөне тазалық-гигиеналық талаптарды орындау. Жұмыс орнының тазалығын сақтау.
Жұмыста қолданылатын әдістер. Пішу, өлшеу, белгілеу, қию, біріктіру. Материалдарды үнемдеп пайдалану.
Шамамен берілетін тапсырмалар. Жасайтын бұйымдар: берік, сәукеле, тақия, шапан, қамзол, көйлек, етік, мәсі, кебіс, шалбар, белдік.
Ыдыс-аяқтар (4 сағат)
Техникалық мәліметтер. Мүсін туралы түсінік. Түрлі заттардан жасалынатын ыдыс-аяқтар. Оларды безендіру. Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау және тазалык-гигиеналық талаптарды орындау.
Жұмыста қолданылатын әдістер. Сазбалшық пен ермексаздан түрлі ыдыс-аяқтарды мүсіндеу, өрнектеп безендіру. Қағаз бен матадан ыдыс-аяқтарды қиып жапсыру. Өлшеу, кұрастыру, кию, желімдеу. Шамамен берілетін тапсырмалар. Жасайтын бұйымдар, оларды безендіру: кесе, тегене, шөміш, қасық, леген, тостақ, керсен.
Зергерлік бұйымдар (4 сағат)
Техникалық мәліметтер. Зергерлік бұйымдардың тұрмыста қолданылуы. Зергерлік бұйымдарды ою-өрнекпен безендіру. Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау және тазалық-гигиеналык талаптарды орындау. Жұмыста қолданылатын әдістер. Жүмсақ сымдарды ию, қию, бөлу, орау, байлау.
Шамамен берілетін тапсырмалар. Жасайтын бұйымдар: жүзік, білезік, сырға, түйме, қапсырма.
Ұлттық бұйымдар (2 сағат)
Техникалық мәліметтер. Ұлттық бұйымдардың түрлерінің маңызды қызметі және тұрмыста қолданылуы. Ою-өрнектермен безендіру. Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау және тазалық-гигиеналық талаптарды орындау. Жұмыс орнын дайындау.
Жұмыста қолданылатын әдістер. Материалдарды пішу, белгілеу, сызу, жырту, қию, желімдеу, құрастыру, біріктіру. Материалды үнемдеп пайдалану.
Шамамен берілетін тапсырмалар. Жасайтын бұйымдар: құрақ жастықша, сырмақ, алаша, кілем.
Жылына 68 сағат
Аптасына 2 сағат
№
|
Сабақтың мақсаты.
|
Негізгі түсініктер
|
Оқулық
беті
|
Сағат саны
|
Күні
|
қорытынды
|
жоспар бойын
ша
|
нақты
|
|
Техникалық еңбек (48 сағат)
|
|
Қағаз, қатырма қағазбен жұмыс (20 сағат)
|
|
Оқушылар білуі тиіс
|
Оқушылар қолдана алуы тиіс
|
|
-техникалық мәліметгер;
-жазық бұйымдар.
|
-қағаз, қатырмақағаздан көлемді бұйымдар жасау:
-қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау және тазалық-гигиеналық талаптарды орындау. Жұмыс орнын дайындау.
|
1
|
Қағаздың түрлері мен қасиеттері
|
Өлшем.Бүктеу.Желімдеу
|
|
1
|
|
|
|
2
|
Қайшымен жұмыс істеу ережесі.Қайшымен қағазды қию тәсілдері
|
Өлшеум.Дайындық
|
|
1
|
|
|
|
3
|
Заттардың түсі мен пішіні
|
Қаптау.сызба.
|
|
1
|
|
|
|
4
|
Геометриялық фигуралардан автомобиль құрастыру
|
Қаптау
|
|
1
|
|
|
|
5
|
Дөңгелек бөлшектерден дельфин және кит құрастыру
|
Сызба.Өлшем.Ұзындығы, ені, биіктігі
|
|
1
|
|
|
|
6
|
Қатырма қағаздан кітап арасына салатын белгі жасау
|
Сызба.Өлшем.Ұзындығы, ені, биіктігі
|
|
1
|
|
|
|
7
|
Хатқалта жасау
|
Циркуль.Шеңбер.Радиус.
Диаметр.
|
|
1
|
|
|
|
8
|
Оригами.Бақа жасау
|
Өлшем.Бүктеу
|
|
1
|
|
|
|
9
|
Оригами.Көгершін жасау
|
Өлшем.Бүктеу
|
|
1
|
|
|
|
10
|
«Көктем нұры шуақты»Коллаж
|
|
|
1
|
|
|
|
11
|
«Мерекеңізбен!»Панно
|
|
|
1
|
|
|
|
12
|
«Наурыз мерекесі құтты болсын!»
|
|
|
1
|
|
|
|
13
|
Аппликация
|
|
|
1
|
|
|
|
14
|
Гүл мен көбелек.Оригами
|
|
|
1
|
|
|
|
15
|
Қарлығаш жасау
|
|
|
1
|
|
|
|
16
|
Қағазды бүкпелеу арқылы тауыс жасау
|
|
|
1
|
|
|
|
17
|
Желқағар жасау
|
|
|
1
|
|
|
|
18
|
Шырша жасау
|
|
|
1
|
|
|
|
19
|
Шырша ойыншықтарын жасау
|
|
|
1
|
|
|
|
20
|
Жаңа жылдық ашықхат жасау
|
|
|
1
|
|
|
|
|
Тоқыма материалдармен жұмыс (8 сағат)
|
|
Оқушылар білуі тиіс
|
Оқушылар қолдана алуы тиіс
|
|
-техникалық мәліметтер;
-маталардың түрлері, олардың қолданылуы
|
-жасаңды маталар;
-жұмсақ ойыншықтар жасау технологиясы. Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау және тазалық-гигиеналық талаптарды орындау;
-жұмыста қолданылатын әдістер;
-өлшеу, белгілеу, қию, түйме қадау, тігу; -материалды үнемдеп пайдалану.
|
1
|
Мата және жіп
|
|
|
1
|
|
|
|
2
|
Тігін құрал-жабдықтары.Ине түрлері
|
Ішкі және сыртқы тігіс
|
|
1
|
|
|
|
3
|
Тігіс түрлері.Инені сабақтау
|
«Крестик» тігісі
|
|
1
|
|
|
|
4
|
Көктеп тігу
|
Жөрме тігіс
|
|
1
|
|
|
|
5- 6
|
Жіп өру
|
Оң, теріс жақтары
|
|
2
|
|
|
|
7
|
Матамен аппликациялық жұмыс орындау
|
Кестелеу
|
|
1
|
|
|
|
8
|
Матамен аппликациялық жұмыс орындау
|
Пішу, өлшеу
|
|
1
|
|
|
|
|
Табиғи материалдармен жұмыс (14 сағат)
|
|
Оқушылар білуі тиіс
|
Оқушылар қолдана алуы тиіс
|
|
-техникалық мәліметтер;
-табиғи материалдардың түрлері.
|
-терек үлпілдегі, ағаш қанатшаларының, сабанның ерекшелігі, қолданылуы;
-қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау және тазалық-гигиеналық талаптарды орыңдау;
-жұмыста қолданылатын әдістер;
-кесу, жону, желімдеу, біріктіру
|
1-2
|
Табиғат және адам
|
Тоз
|
|
2
|
|
|
|
3-4
|
Табиғатқа саяхат
|
Жалпақ, көлемді материал
|
|
2
|
|
|
|
5-6
|
Табиғи материалдарды сақтау
|
|
|
2
|
|
|
|
7-8
|
Кептірілген өсімдіктерден аппликация жасау
|
Пропорция
|
|
2
|
|
|
|
9-10
|
Табиғи материалдардан тырна жасау
|
Композиция
|
|
2
|
|
|
|
11-12
|
Құмыраны әртүрлі материалдармен әшекейлеу
|
|
|
2
|
|
|
|
13-14
|
Жаңғақ пен ермексаздан тасбақа жасау
|
|
|
2
|
|
|
|
|
Техникалық үлгілеу ( 6 сағат)
|
|
Оқушылар білуі тиіс
|
Оқушылар қолдана алуы тиіс
|
|
-техникалық мәліметтер;
-электр жүйелері.
|
-қарапайым шартты схемалар (гальваникалық элементтер, батареялар, электр шамы, электрқондырғылар, электр желісі, олардьі біріктіру);
-қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау;жұмыс орнын дайындау;
-жұмыста қолданылатын әдістер;
-«Конструктор» бөлшектерін жинау;
-қозғалмалы және қозғалмайтын бөлшектерді босату, біріктіру.
|
1
|
Конструктормен жұмыс
|
Конструкторлеу
|
|
1
|
|
|
|
2
|
Тікұшақ құрастыру
|
Болт, шеге
|
|
1
|
|
|
|
3-4
|
Темір конструктор бөлшектерінен машина құрастыру
|
Қозғалмалы біріктірулер
|
|
2
|
|
|
|
5-6
|
Асүйге қажетті үстел мен орындық құрастыру
|
|
|
2
|
|
|
|
|
Көркем еңбек (20 сағат)
Ұлттық киімдер (10 сағат)
|
|
Оқушылар білуі тиіс
|
Оқушылар қолдана алуы тиіс
|
|
-техникалық мәліметтер;
-ұлттық киім түрлері, оларды безендіру
|
-әртүрлі материалдардан (қағаздан, матадан) ұлттық киімдердің үлгілерін пішу, тігу, безендіру;
-қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау және тазалық-гигиеналық талаптарды орындау;
-жұмыс орнын дайындау;
-жұмыста қолданылатын әдістер:пішу, өлшеу, белгілеу, қию, тігу, желімдеу;
-материалды үнемдеп пайдалану.
|
1-3
|
Қамзол жасау
|
|
|
3
|
|
|
|
4-6
|
Сәукеле жасау
|
|
|
3
|
|
|
|
7-9
|
Тақия жасау
|
|
|
3
|
|
|
|
10
|
Шығармашылық сабақ
|
|
|
1
|
|
|
|
|
Ыдыс-аяқтар (4 сағат)
|
|
Оқушылар білуі тиіс
|
Оқушылар қолдана алуы тиіс
|
|
-техникалық мәліметтер;
-ұлттық ыдыс-аяқ түрлері, олардың тұрмыста қолданылуы.
|
-қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау және тазалық-гигиеналық талаптарды орындау;
-жұмыста қолданылатын әдістер:өлшеу, болу, желімдеу, біріктіру, мүсіндеу, безендіру.
|
1
|
Жемістер мен көкөністер жасау
|
|
|
1
|
|
|
|
2
|
Ермексазбен жұлдызқұрт жасау
|
|
|
1
|
|
|
|
3
|
Ермексаздан ожау жасау
|
|
|
1
|
|
|
|
4
|
Ермексаздан кесе жасау
|
|
|
1
|
|
|
|
|
Зергерлік бұйымдар 4 сағат
|
|
Оқушылар білуі тиіс
|
Оқушылар қолдана алуы тиіс
|
|
-техникалық мәліметтер;
-сәнді-қолданбалы қолөнер.
|
-зергерлік бұйымдарды жасау технологиясы;
-мұражай, шеберханаларға экскурсия;
-қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау және тазалық-гигиеналық талаптарды орындау;
-жұмыста қолданылатын әдістер: Белгілеу, өлшеу, ию, қию, біріктіру, құрастыру
|
1
|
Салпыншақ сырға және бұрама сырға жасау
|
Фольга, өрнек
|
|
1
|
|
|
|
2
|
Зергеплік бұйымдарды ою-өрнектермен әшкейлеу
|
|
|
1
|
|
|
|
3
|
Білезік жасау
|
|
|
1
|
|
|
|
4
|
Қағаздан алқа жасау
|
|
|
1
|
|
|
|
|
Ұлттық бұйымдар 2 сағат
|
|
Оқушылар білуі тиіс
|
Оқушылар қолдана алуы тиіс
|
|
-техникалық мәліметтер;
-ұлттық бұйымдар жасау технологиясы.
|
-ұлттық бұйымдарды жасауда ою-өрнектердің алатын орны, түс үйлесімділіктері;
-қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау және тазалық-гигиеналық талаптарды орындау;
-жұмыста қолданылатын әдістер:бүктеу, қаттау, қию, біріктіру, желімдеу;
-материалды үнемдеп пайдалану
|
1
|
Сырмақ сырын ұғайық.Көрпе жасау
|
Сәндік-қолданбалы қолөнер
|
|
1
|
|
|
|
2
|
Кілемше тоқу
|
Ою
|
|
1
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |