Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы


Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту әлемдік стандарттардан артта қалуда



бет2/26
Дата05.06.2017
өлшемі2,81 Mb.
#17960
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
5. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту әлемдік стандарттардан артта қалуда

      Компьютерлік техниканы оның физикалық және моральдық тозуын ескере отырып жыл сайын жаңартып отыру керек. Бүгінгі таңда мектептерде 29664 (24 % ) компьютер ауыстыруды қажет етеді. Әлемдік көрсеткіштерге (1 компьютерге 5-6 оқушыдан) жету үшін мектептер қосымша 396500 компьютер алуы керек, яғни қазіргі кездегі көрсеткіштен 3,2 есе көп.


      Мұғалімдердің қашықтықтан әдістемелік өзара қарым-қатынасы үшін жағдай жасайтын Министрліктің және біріктірілген ғылыми-білім беру кеңістігінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын әзірлеу қажет.


      Білім беру ұйымдарын Интернеттің кең жолақты желісіне 100 % қосу қажет. Маңызды мәселе мектептердің Интернет желісіне шығуының құны болып табылады. Төмендетілген тарифтерге қарамастан Интернет өте қымбат болып отыр.


      Жоғары білім беру жүйесіне арналған 2380-нен астам, кәсіптік мектептер үшін - 1500-ден астам, колледждер үшін тек қана кәсіптік және арнайы цикл пәндері бойынша 3000-ға жуық электрондық оқулықтар мен оқыту бағдарламаларын жасау қажет. Бұдан басқа, сандық білім беру ресурстарын (электрондық оқулықтар, мультимедиялық оқыту бағдарламалары, бағдарламалар тесті және тағы басқалар) сараптау бойынша сараптама кеңестерінің жұмысын жалғастыру қажет.


      Педагог кадрлар қашықтықтан оқытудың спутниктік каналы (бұдан әрі - ҚОСҚ) бойынша жұмысқа дайын емес. ҚОСҚ мазмұнын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды нысаналы қаржыландыру қажет, қымбат бағалы арнайы жабдық керек. Өзіндік проблема мұғалімдерге кері байланысы бар ҚОСҚ өнімдерін пайдалану технологиясын үйрету болып табылады. Одан да өзекті проблема барлық мектептік пәндер бойынша тьютерлер даярлау болып табылады.


      Білім беруді ақпараттандырудың тиімділігі көбінесе педагог кадрларды білім беру процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі - АКТ) жүйелі түрде пайдалануға даярлауға байланысты.


      Соңғы 5 жылда білім беруді ақпараттандыру бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыруға арналған мемлекеттік тапсырыс бойынша 11 мыңнан астам информатика пәні мұғалімдері және пән мұғалімдері даярланды. 2006 жылы 3979 адам, 2007 жылы - 4000 мұғалім, 2008 жылы - 4200 педагог оқытылды.


      Соңғы жылдары жабдықтарды жеткізу кезінде мұғалімдерді қоса даярлау үрдісі байқалды. Сонымен қатар бұл білім беруді ақпараттандырудың ең төмен көрсеткіштерінің бірі.




       6. Әлеуметтік жетімдік, балалардың қараусыз және қадағалаусыз қалу фактілері, балалардың өмір сүру сапасы кепілдігінің жеткіліксіз қамтамасыз етілуі



      Әлі күнге дейін әлеуметтік жетімдік құбылыс ретінде сақталып отыр. 47 мыңнан астам жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың ішінде, 16 мыңнан астам бала мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде тәрбиеленіп отыр. Оның ішінде 84,2 %-ы әлеуметтік жетімдер.






Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарында жетім және әлеуметтік жетімдердің ара қатынасы





(диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)



      2001 жылмен салыстырғанда балалар үйлерінің, мектеп-интернаттардың, панажайлардың және т.б. саны 41 бірлікке, ал олардағы балалар саны - шамамен 1300 адамға өсті.



      Некеден тыс туу саны, сондай-ақ ата-аналары ажырасқан немесе ата-ана құқығынан айырылған балалар саны өсуде. Республикада 13 мыңға жуық жайсыз отбасылар бар. 2008 жылдың өзінде ата-ана құқығынан 815 ата-ана айырылды. Отбасылық және балалар жайсыздығын анықтайтын ортақ талаптар жоқ.


      Осының салдарынан жыл сайын республикада 10 мыңға жуық қадағалаусыз және панасыз қалған балалар анықталуда.


      Жетім балалар ішіндегі түлектерді жұмыспен қамту тетігі жоқ. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың жеке және мүліктік құқықтарын қорғау тетігі жұмыс істемейді. Олардың 10 %-ының ғана тіркелген тұрмыстық үйлері бар. 29 мыңнан астам балалар қамқоршылар мен қорғаншылар отбастарында тұрса да, қамқоршылар мен қорғаншыларға материалдық қолдау көрсету тетігі жоқ.


      Бала еңбегінің қаналу фактілерін анықтау тетігі әлі дайындалған жоқ. 5 млн. балаға бала құқықтары мәселелері бойынша небары 180 маман айналысады. Мамандардың біліктілік деңгейі жеткілікті емес. Балаларға қатысты күш көрсету, балаларды пайдаланудың әр түрлі нысандары, балалардың қараусыз және қадағалаусыз қалуы жойылған жоқ.




       7. Инновациялық жүйе жеткілікті дамымаған



      Инновациялық дамуды сипаттайтын ЖБИ индикаторлары бойынша 2008 жылы Қазақстан "Жоғары оқу орындары ынтымақтастығы және зерттеулер өндірісі" бойынша - 64-орын, "Ғалымдар мен инженерлерге қол жетімділік" бойынша - 83-орын, "Ғылыми-зерттеу институттарының сапасы" бойынша - 58-орын алды.


      Ғылыми салада жүйелік негізде ғылыми болжау — форсайт өтілмеген.


      Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (ҒЗТКЖ) нәтижелерін жасандылықтан және плагиаттан қорғайтын GLP (Good Labolatory Practice - тиісті зертханалық практика), GMP (енім ендірісіне қатысты ережелер мен нұсқаулар нормаларының жүйесі), GSP (Good Scientific Practice - тиісті ғылыми практика стандарттары) халықаралық стандарттары енгізілмеген. Ғылыми практикада осы стандарттардың болмауы қазақстандық ғалымдар жасаған ғылыми жұмыстардың нәтижелерін әлемдік аналогтармен салыстыруда қиындық туғызады. Оларды 2009 - 2011 жылдарға арналған іргелі зерттеулер бағдарламаларын қалыптастыру мен іске асыру кезінде енгізу қажет.


      Ғалым мәртебесі темен күйінде қалып отыр, бұл талантты жастарды ғылымға тартуға кедергі келтіреді.


      Ғылымды қаржыландыру төмен деңгейде қалып отыр. Тіпті жеке қаржы жұмсау есебінен алғанның өзінде ғылымға жұмсалатын шығындар ЖІӨ-нің 0,26 %-ын құрайды. Бұл Ресейден 5 есе және Швециядан 15 есе аз. Тәуелсіз сарапшылардың пікірі бойынша, егер 5-7 жыл ішінде ғылыми зерттеулерге жұмсалатын шығыстар ЖІӨ-нің 1%-ынан аспайтын болса, онда елдің ғылыми-техникалық әлеуеті қайтымсыз күйреуі мүмкін.


      2008 жылы бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі арқылы қаржыландырылатын ғылыми зерттеулерді қаржыландыру көлемі 2003 жылға қарағанда 3,5 есе дерлік өсті. Алайда, тұтастай алғанда ғылыми зерттеулерге жұмсалатын шығыстар ЖІӨ-нің 0,13 % деңгейінде қалуда.


      Патенттік белсенділік ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер нәтижелілігінің маңызды индикаторларының бірі болып табылады. Патенттік нарықтағы ұсыныстар, ең алдымен, ғылыми еңбектің дәлелдемесінің төмендігінен, ғылым мен өндіріс арасындағы байланыстың әлсіз болуынан төмен деңгейде болып отыр. Бірақ, егер Қазақстан мен Қытайда берілген патенттер санын елде жұмыс істейтін маман-зерттеушілер санына қатысты салыстыратын болсақ, онда бұл көрсеткіш Қазақстанда жоғары.




                   Патенттер туралы деректер






Жылдар



Отандық

өнертабыстарға


бөлінген


патенттер саны



Зерттеуші-

мамандар саны



1000 зерттеуші-маманға

берілген


патенттер саны



Қазақстан

Қытай

Қазақстан

Қытай

Қазақстан

Қытай

2002

1242

4500

9360

900000

133

5

2003

1383

7000

9900

1000000

139

7

2004

1415

12500

11010

1100000

128

11

2005

1536

15000

11910

1200000

128

12

2006

1530

15600

12404

1400000

123

11



      Соңғы бірнеше жылдар ішінде қазақстандық ғалымдардың халықаралық журналдардағы жарияланымдарының олардың жалпы санына қатынасы өзгеріссіз қалып отыр және шамамен 6%-ды құрайды.



      Ресеймен, Украинамен, Өзбекстанмен, Қырғызстанмен салыстырғанда халықаралық басылымдардағы жарияланымдар саны Ресей ҒА Пущин орталығының Орталық кітапханасы берген деректер бойынша келтірілген.




                Жарияланымдар туралы деректер






Жылдар



Басылымдар саны

Қазақстан



Халықаралық басылымдардағы

жарияланымдар саны



барлығы

оның ішінде халықаралық басылымдарда

Ресей

Украина

Өзбекстан

Қырғызстан

2002

4471

222

27727

4301

372

51

2003

4287

259

26720

4059

362

26

2004

4446

245

26931

4186

363

41

2005

4150

230

26701

4310

366

63

2006

3628

238

25449

4177

330

55


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет