Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының
2016 жылғы орындалуы туралы талдамалық жазба
2016 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары (ҚР БҒМ-нің 2015 ж. 7 қарашадағы № 640 бұйрығы) (бұдан әрі – Стратегиялық жоспар) жүзеге асырылды.
Стратегиялық жоспарды іске асыру алты бағыт бойынша жүргізілді:
1) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту;
2) орта білім беру және балалардың құқықтарын қорғау;
3) техникалық және кәсіптік білім беру;
4) жоғары және жоғары оқу орынан кейінгі білім;
5) ғылымды дамыту;
6) жастар саясаты.
Стратегиялық жоспарда 32 мақсатты индикаторға қол жеткізу қарастырылған, оның ішінде 15-і ДЭФ ЖБИ индикаторы болып табылады.
Стратегиялық жоспардың 32 мақсатты индикаторынан:
- қол жеткізілгені – 21;
- қол жеткізілмегені – 11 (ДЭФ ЖБИ индикаторлары – 8).
1-стратегиялық бағыт 1. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту
Мақсат. Балаларды ерте дамыту және мектепке дайындау үшін сапалы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға тең қол жеткізуді қамтамасыз ету.
Стратегиялық жоспарға сәйкес аталған бағыттың шеңберінде 2016 жылы 2 мақсатты индикаторды орындау қарастырылған.
2 индикаторға қол жеткізілді.
Ағымдағы жағдай
Білім беру жүйесінің негізгі басымдықтарының бірі мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту болып табылады. Мектепке дейінгі білім берудің сапасын арттыру үшін тұрақты түрде, мектепке дейінгі ұйымдардың, педагогикалық және тәрбиешілік құрамын қайта даярлау бойынша жұмыс жүргізінді.
Қазіргі уақытта мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық қызметкерлердің саны алдынғы жылмен салыстырғанда оң динамика көрсетті, 4 % - ға ұлғайды (2015 ж. - 80,8 мың адам, 2016 ж. - 84,8 мың адам).
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша жоғары, техникалық-кәсіптік білімі бар педагогтардың үлесі 37,4%-ды құрайды (жоғары, техникалық-кәсіптік білімі бар педагогтардың жалпы санынан 30,8 мың адам (82,2 мың).
3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту бойынша айтарлықтай алға жылжу байқалады, мысалы 2015 жылы қамту көрсеткіші 81,6%, 2016 жылы – балаларды қамту 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту көлемі 85,8% 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту - 64,1% (2015 жылы – 53,8%) болады.
3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтудың жоғары көрсеткіштері Батыс Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай (100%), Солтүстік Қазақстан (98%), Ақмола (97,9%) облыстарында байқалады.
Оңтүстік Қазақстан (67,8%), Маңғыстау (78,6%) облыстарында және Астана (70,6%) мен Алматы (80%) қалаларында қамту республикалық көрсеткіштен төмен.
2016 жылы 9 410 мектепке дейінгі ұйым (2015 ж. - 8 834 бірлік.), (4 915 балабақша, 4 495 шағын орталық) жұмыс жасайды.
Контингенті 807,1 мың баланы құрайды.
Республика бойынша жекеменшік балабақшалардың үлесі:
- 77 балабақша салынды (ҰҚ-14, РБ-27, ЖБ -36),
- 642 жекеменшік мектепке дейынгі балабақша (582 б/б және 60 ш/о) ашылды;
- МЖӘ есебінен 1,3 мың орынға арналған 7 балабақшаны ашу;
- тұрғын үй кешендерінің 1-қабаттарында 98 орынға арналған 3 мектепке дейінгі ұйымды ашу;
- басқа тәсілдермен 32 бірлікті ашу;
- 64 шағын орталықтың есебінен өсті. (39 мектептер жанынан шағын-орталықтар және басқа да ұйымдарда, 25 шағын-орталықтар мектепке дейінгі ұйымдар).
Мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалары бар ата-аналар үшін қашықтан оқыту ұйымдастырылды. Біз 1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту бойынша ЭЫДҰ елдерінен кейінгі қалып барамыз (Қазақстанда 1-3 жастағы қамту – 16%, ЭЫДҰ елдеріндегі көрсеткіш 32% құрайды).
Осы бағыттағы Министрліг әкімдіктермен бірлесіп жалғасуда: 2017-2019 жылдары іске қосу жоспарланып отыр, жаңа 134,5 мың орындық (2017 ж. – 47,2 мың адам, 2018 ж. – 36,3 мың адам, 2019 ж. – 51 мың).
Мектепке дейінгі ұйымға бармайтын 1-ден 6 жасқа дейінгі балалардың ата-аналар үшін, дистанциялық оқыту арқылы " Otbasy.kz" сайты ұйымдастырылды.
2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың жаңа үлгілік бағдарламасы енгізілді.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың икемділігі мен дағдыларын дамыту индикаторларының жүйесі әзірленді. Аталған жүйе 2017 жылғы қыркүйектен бастап енгізіледі.
Проблема
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында орын тапшылығы сақталуда. Республикада мектепке дейінгі ұйымдарға орналасу үшін 544,6 мың өтініш тіркелген, бұл 2015 жылдағыдан 708-ге аз (545,4 мың өтініш). Бұл ретте, кезектіліктің қайталануы орын алған жағдайларды ескеру қажет.
Қабылданып жатқан шаралар:
Жалпы кезектіліктен мемлекеттік тапсырыспен жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама берілген балалар контингентінің қайталануын жою мақсатында «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесінің (ҰБДҚ) функциясы жетілдірілді.
Нәтижесінде балалардың деректерін ҰБДҚ-ға қайта енгізу мүмкіндігі жойылды. Егер баланың ЖСН-і бір мектепке дейінгі ұйымда тіркелсе, жүйе баланың деректерін басқа мектепке дейінгі ұйымға енгізуге мүмкіндік бермейді.
Мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына кезекке қою рәсімін «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2-стратегиялық бағыт. Орта білім беру және балалардың құқықтарын қорғау
2.1-Мақсат. Сапалы орта білімге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету. Бала өмірінің сапасын арттыру үшін құқықтық және әлеуметтік кепілдігін қамтамасыз ету
11 индикаторды орындау қарастырылған.
11 мақсатты индикатордың 7-не қол жеткізілді, 4-не қол жеткізілмеді. (ЖҒИ ДЭФ – 3 индикатор).
Ағымдағы жағдай
2016-2017 оқу жылында жалпы контингенті 2 930 мың баланы қурайтын 7 450 жалпы білім беретін мектеп (2015 ж. - 7511) жұмыс жасайды. Контингенттің 2015 жылмен салыстырғанда өсімі 1 309 мың баланы құрайды.
Білім беру сапасын арттыру бойынша тұжырымдамалық шаралар, яғни ЭЫДҰ елдері стандарттары негізінде адами капитал сапасын арттыру, функционалдық сауаттылықты дамыту үшін жаңартылған мазмұнды кезең-кезеңмен енгізу; жоғары мектепте жан басына қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру және т. б. жүзеге асырылуда.
Жаңартылған білімберу мазмұнына көшу жалғасуда.
2016 жылғы 1 қ ыркүйектен бастап 1-сынып оқушыларының барлығы жаңартылған мазмұны бойынша оқыды, 2017 жылы – 2, 5, 7-сыныптар, 2018 жылдан бастап – 3, 6, 8, 10 сыныптар, 2019 жылдан бастап – 4, 9, 11 - сыныптар.
5-күндік оқу аптасына көшу процесі қатар жүреді.
1-сынып үшін бірыңғай базалық оқулықтар енгізілген, бұл ретте алғаш рет оқулықтар нұсқасы он-лайн орналастырылған. Балалардың 100% - ыоқулықтармен қамтамасыз етілді.
1-ші сыныптарда білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі енгізілген.
Бастауыш білім беру мазмұнын жаңарту аясында 2016 жылы 74 мың мұғалім біліктілікті арттыру бойынша қысқа мерзімді курстан өтті.
Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру стандарттары бекітілді. 30 пилоттық мектепте оқу бағдарламалары апробациядан өтуде. Үш тілде оқыту кезең-кезеңімен енгізілуде.
Мектептер үшін алғаш рет қазақ тілінің жиілік сөздігі жасалған, 1- 11-сыныптарына қазақ тілді емес мектептердің қазақ тілін деңгейлеп оқытудың жаңа әдістемесі әзірленді.
Қазақ тілін үйрену үшін "NueLingo"онлайн-қосымша, ағылшын тілінің Консорциумі жасалған. 2016 жылы шамамен 3 мың педагог тіл курстарынан өтті, 18 мыңнан астам оқушы тілдік лагерьлерде оқыды.
Жалпы білім беретін мектептердің физика, химия, биология, информатика пәндерін мұғалімдерге, колледждердің ағылшын тілінде оқытатын педагог қызыметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі енгізілуде.
Қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім саласындағы алшақтықты жою үшін білім беру сапасын бағалауға ерекше назар аударылады.
Алшақтықты жою үшін білім беруді сандық бақылау жаппай енгізіле бастады. 7028 мектепте кең жолақты интернет бар, оның ішінде 2016 жылы 1401 мектеп қосылған.
Әртүрлі электрондық оқу басылымдары енгізілуде: электрондық оқулықтар, оқу фильмдері, сандық білім беру ресурстары және басқа да (700-ден астам электрондық оқу басылымдарының атауы, оның ішінде 144 электронды оқулық).
2016 жылы 4 мың мектепке "Күнделік" электронды күнделігі енгізілген.
Ұлттық және халықаралық зерттеулер нәтижелері оқушылардың білім деңгейдегі үлкен айырмашылықты көрсетеді.
ҰБТ-2016 қорытындысы бойынша жеті өңірде (Ақмола, Алматы, ОҚО, СҚО, Атырау, Маңғыстау және Жамбыл облыстары) нәтижелер республика бойынша орташа көрсеткіштен айтарлықтай төмен.
Орта білім беру ұйымдары арасындағы алшақтық білім білім алушыларды қорытынды аттестаттау нәтежелері бойынша 61,4 балды құрады. Осы көрсеткішті есептеу кезінде, орташа балы (55,34) және нәтежелері бойынша мектеп орташа балы жоғары (116,77) мектептердің нәтижелері ескерілген.
PISA-2015 нәтижелері бойынша, қазақ тілінде оқытатын мектептердің 1,5 жыл, 1 жыл математика оқу бойынша айтарлықтай артта қалуы анықталды.
Анықтама: ЭЫДҰ 2016 жылдың соңында 15 жастағы білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалайтын PISA-2015 халықаралық зерттеуінің нәтижелерін жариялады.
Қазақстанның PISA-2015-тегі нәтижелері: математика – 460, жаратылыстану – 456, оқу – 427. Математика бойынша нәтижелердің өсімі 28, ал жаратылыстану бойынша 31 құрады. PISA-2015 зерттеуінде ең жоғарғы көрсеткіш оқу сауаттылығы (+34) бойынша.
PISA-ға қатысу білім беру жүйесінің жағдайы туралы объективті баға береді, сондай-ақ зерттеу нәтижелері:
- анықтау үшін, қаншалықты жақсы қазақстандық білім алушылар оқуды жалғастыруға дайын, негізгі мектепті аяқтағаннан кейін;
- ұзақ мерзімді перспективада ұйымдармен, құрылымдармен, білім беру жүйелері мен үкіметтері анықтау үшін жетілдіру бағыттарын;
- салыстыру үшін жетістіктерін, білім алушылардың және білім беру процесінің әр түрлі елдер арасында.
TIMSS-2015 нәтижелері бойынша қазақстандық мектеп оқушылары математикалық және жаратылыстану ғылыми даярлығы бойынша (538) АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Канада, Аустралия, Израиль, Швеция, Дания, Нидерланды, Польша, Чехия, Литва, Малайзия, Түркия және басқа да елдердегі өздерінің құрдастарынан алға озып, халықаралық орташа көрсеткіштен (494) біршама жоғары болды.
Бұл зерттеу оқушылардың бастауыш мектептен негізі мектепке ауысуы кезіндегі жаратылыстану-математикалық дайындығын сапасын бағалауға мүмкіндік береді. 4-сынып және 8-сынып оқушылары қатысады.
ҰБТ форматы екі сатыға бөлініп өзгертілді: қорытынды аттестаттау – мектептердегі бітіру емтиханы және ЖОО-ға түсу емтиханы.
2017 жылы ҰБТ-ға ағымдағы жылдың 90 мың мектеп бітірушісі деп күтілуде және өткен жылдардың 50 мың мектеп және колледж бітірушілері қатысады.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша Министрлік әкімдіктермен бірлесіп, үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептерді жою бойынша бірқатар жұмыстар атқаруда.
Апатты және үш ауысымды мектептер санының азаюы байқалады.
2016 жылы 103 мектеп енгізілді. Нәтижесінде проблемалық мектептер саны 2015 жылы (69 апатты, 87 үш ауысымды) 156-дан 45 бірлікке қысқарды.
ДЭФ ЖБИ индикаторлары бойынша Қазақстан позицияларының жақсарғаны байқалды:
- орта біліммен қамту – 21 - орын (2015 ж. - 42-ші орын);
- мектептерде Интернетке қол жеткізу - 29 - орын (2015 ж. – 41 - орын). 2017 жылғы 1 қаңтардағы әкімшілік есептілік деректері бойынша балалар үйі мен сәбилер үйінен жанұяда тәрбиелеуге 1 726 бала берілді, ол есептік кезеңнің басындағы тәрбиеленушілердің жалпы санынан (8 066) 21%-ды құрайды, оның ішінде қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) – 453, патронатқа – 281, асырап алуға – 214 бала берілді, туған жанұясына – 778 бала қайтарылды.
Нәтижесі ретінде, өткен жылмен салыстырғанда балалар үйлерінің желісі, 6 бірлікке қысқарды (2015-146, 2016-140), ал балалар үйлеріндегі балалар 1 247-ге қысқарылған (2015-29 666, 2016-28 419).
«Республикалық жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасында тәрбиелеуге қабылдауға ниетті тұлғалардың деректер банкі» ақпараттық жүйесі құрылды. Қабылдайтын және қонақтайтын отбасылар институттары енгізілді.
Орта білім беру саласындағы жетістіктерге қарамастан бірқатар проблемалар сақталады.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды жалпы білім беретін мектептердің білім беру процесі қосу сақталуда. Тиісті жағдай, 44,5 % мектептер ғана жасалған.
Дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларды толық анықтау үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың толық айқындау үшін желісі жеткіліксіз дамыған.
3 036 шағын жинақты мектеп жұмыс істейді (2015-2016 оқу жылы – 3161 бірлік немесе мектептердің жалпы санынан 42,7%). Контингент – 205,8 мың бала.
ШЖМ-дағы педагогтер саны - 51 324 мұғалім (17%).
Көрсетілген проблемаларды шешу үшін инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалған мектептердің үлесі кезең-кезеңімен ұлғайту.
Облыстық, қалалық және аудандық ПМПК желісін кеңейту бойынша жұмыс жүргізілуде.
ПМПК-ның Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау ұйымдарымен мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте анықтау бойынша.
160 ресурстық орталық, өзара іс-қимыл жүргізу жөніндегі іс-шаралар құрылды.
ШЖМ мен РО мұғалімдер корпусын өтуді, ШЖМ ЖМБ-дағы 496 магниттік мектеп мұғалімдерге біліктілікті арттыру курстарынан өтуді, мониторинг жүйесін енгізуді қолдау қажет.
Проблемалар:
Стратегиялық жоспарда орта білім беру жүйесінде 4 мақсатты индикаторға қол жеткізбеу орын алды.
Қол жеткізілмеген мақсатты индикаторлар:
1. Бастауыш біліммен қамту – 118-орын (2015 ж. – 118-орын) жоспар – 116-орын.
Индикатор 2015 жылғы деңгейде қалды, «Бастауыш біліммен қамту» (таза) индикаторын есептеу үшін ДЭФ бастауыш біліммен қамтудың таза коэффициентінің статдеректерін ғана қолданады.
Бұл 7 жастан 10 жасқа дейінгі 1-4-ші сынып оқушыларының аталған жас тобындағы тұрғындарға қатынасындағы нақты саны. Аталған әдістемеде бастауыш мектепте оқитын 6 жастағы балалар есептелмейді.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес елде бірінші сыныпқа қабылдау 6 (7) жастан бастап іске асырылады.
Қазіргі уақытта ҚР БҒМ Дүниежүзілік экономикалық форумның сарапшылар мен осы индикатордың әдістемесін есептеу бойынша келіссөздер ұйымдастыру жұмысын жүргізуде.
2. Бастауыш білімнің сапасы, жоспар – 61-орын, факт – 70-орын (2015 ж. – 63-орын).
3. Математика және жаратылыстану ғылыми білімнің сапасы, жоспар – 68-орын, факт – 69-орын (2015 ж. – 71-орын). Былтырғы жылмен салыстырғанда орынның жақсарғанына қарамастан көрсеткіш жоспарлы мәнге жетпеді.
Аталған индикаторлар сауалнама арқылы анықталады. Орынның төмендеу себептері халық арасында 12 жылдық білім, білім беру мазмұнын жаңарту, үш тілде оқыту және т.б. туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жеткіліксіздігінде.
Бұл үрдіс білім беру саласындағы бұқаралық ақпарат құралдарындағы жағымсыз ақпараттың көлемділігімен, түсіндіріледі.
4. Үш ауысымда сабақ беретін мектептердің үлесі, жоспар – 1,1%, факт – 1,5%.
2016 жылғы 1 қаңтарда үш ауысымда оқытатын 87 мектеп жұмыс жасады.
Үш ауысымда оқытатын мектептерді жою үшін 2016 жылы 47 мектеп салынды.
2016 жылдың соңында үш ауысымда оқытатын қосымша анықталған мектептердің саны 66 бірлікті құрады.
Осылайша, үш ауысымда оқытатын мектептердің үлесі мектептердің жалпы санынан (2015-2016 оқу жылы – 7100) 1,5 %-ды құрады, жоспар 1,1% болған.
Индикаторға қол жеткізбеу себебі халықтың демографиялық өсімі және көші-қон белсенділігінің жоғарылауы болып табылады.
Қабылданып жатқан шаралар:
Министрлік барлық статистикалық және сауалнама көрсеткіштерін жақсарту бойынша мақсатқа бағытталған жұмыстар жүргізуде.
ДЭФ ЖБИ индикаторларын жақсарту үшін Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткіштерін жақсартудың 2018 жылға дейінгі шаралары белсендірілді.
Министрлік ЮНЕСКО статистика Институтымен (ИСЮ), Дүниежүзілік банкпен ынтымақтастық жөніндегі үлкен жұмыс жүргізуде. Оқыту семинарлары бойынша білім беру статистикасы базасында ИСЮ, ҰЭМ статистика Комитетінде.
Үш ауысымда оқытатын мектептерге тоқсан сайын мониторинг жүргізіліп, нәтижесі бойынша ұсыныстар ВАК-қа ұсынылады.
3-стратегиялық бағыт. Техникалық және кәсіптік білім
3.1. Мақсат. Еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрларды даярлауды қамтамасыз ету
2 индикаторға қол жеткізу көзделген.
Ағымдағы жағдай
Қазіргі таңда республикада 817 колледж жұмыс істейді, оның 473-і мемлекеттік, 344-і жекеменшік болып табылады. Жалпы контингент – 489,1 мың адам, оның ішінде 98,6 мың адам жұмысшы біліктіліктері (20,2%) оқиды, 390,5 мың адам (79,8%) орташа дәрежедегі мамандықтар бойынша оқыйды. Кадрларды даярлау 703 біліктілік пен 213 мамандық бойынша жүргізіледі (мемлекеттік тапсырыс негізінде іске асырылады – 244,9 мың адам (50,1%) және ақылы негізде – 244,3 мың адам) (49,9%).
2016-2017 оқу жылында «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» жобасын іске асыру шеңберінде техникалық және кәсіптік білімнің қажетті мамандықтары бойынша 1050 орынға арналған нысаналы мемлекеттік білім беру тапсырысы 27 колледжге орналастырылды.
3600 адам, оның ішінде Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ-тың жаңа білім беру бағдарламалары бойынша ТжКБ оқу орындарының 402 басшысы біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Қазіргі уақытта колледждер мен кәсіпорындар арасында 27 мың келісім, оның ішінде дуальді оқыту бойынша – 27 мың студентті қамтыған 5,2 мың келісім жасалды. Дуальді оқыту қағидаттары 2 433 кәсіпорынның қатысуымен 400-ден астам колледжде енгізілуде.
Дуальді оқытудың жол картасы іске асырылуда (ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 15 қазандағы № 1093 қаулысы). Дуальді оқытуды ұйымдастыру қағидалары әзірленіп бекітілді (ҚР БҒМ № 50 21.01.2016 ж. бұйрығы).
Кәсіпорындарда өндірістік практикадан өту үшін жағдайлар жасалуда. ҚР 15 өңірінде кәсіпорындар жанында 60 оқу орталығы, кәмелетке толмағандардың негізгі контингентін оқыту үшін 5 салалық кластер құрылды.
Жұмыс берушілер қауымдастығы мен колледждердің арасында кәсіпорындардың тәлімгерлігі мен басшылығын ұйымдастыру жөніндегі өзара іс-қимыл туралы 2 консорциум құрылды. Колледждерді кәсіпорындардың басшылығына беру туралы 60 шарт жасалды.
2015-2016 жылы 50-ден астам тәлімгер оқытылды.
Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша түлектерді жұмысқа орналастыру пайызы жоғарлайтын болады. Оқыту өндірістің сүранысына. барынша жақындады. "Практикадан теорияға" принципі жұмыс істейді, студент, мәтіндермен және таңбалы жүйелермен емес, өндірістік жағдайлармен көп жұмыс істейтін болады.
«Тегін ТжКБ» жобасын еңгізу жұмыстары жүргізілуде.
- 2017 жылғы қыркүйектен бастап барлық ниет білдіргендер жұмысшы біліктілігіне мемлекеттік тапсырысты ұлғайту (40%-дан 60%-ға дейін) және жергілікті бюджеттен орташа дәрежедегі мамандықтарды азайту (60%-дан 40%-ға дейін) есебінен бірінші жұмысшы біліктілігін тегін алады.
- жұмысшы мамандықтарды дәріптеуге және олардың беделін жоғарылатуға, білім беру бағдарламаларын жаңғыртуға, колледждердің өндірістік шеберханалары мен зертханаларының материалдық-техникалық базасын жарақтандыруға, инженер-педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған шаралар қабылданады.
Бес жылдың ішінде тегін ТжКБ-мен 674 мың адам, яғни, 29 жасқа дейінгі жастар қамтылатын болады.
Тегін ТжКБ-ны Жұмыспен нәтижелі қамтуға және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдар-ға арналған бағдарламасы шеңберінде алуға (бұдан әрі – Бағдарлама) болады (ҚР ҮҚ-нің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысы).
Проблемалар:
- қазіргі заманғы отандық оқу әдебиеттері мен оқу-әдістемелік құралдардың жоқтығы;
- облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің оқу әдебиеттерінің мазмұнын жаңарту үшін колледждерлі жеткіліксіз қаржыландыруы.
Қабылданып жатқан шаралар:
Оқу орындарын оқу әдебиеттерімен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету мәселелерін шешу үшін Электронды кітапхананы құру тұжырымдамасы әзірленуде. Бағдарламалық қамтамасыз етуді, ақпаратты өңдеп сақтау және онлайн оқытуды өткізу үшін қондырғы алу жоспарлануда. Халықаралық кітапханалармен және контент-провайдерлермен бірге тығыз қатынас орнатылатын болады.
Министрлік қазіргі заманғы отандық оқу әдебиеттері мен оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу шараларын қабылдауда. 2016 жылы 100 шетел әдебиеті мемлекеттік және орыс тілдеріне аударылды.
4-стратегиялық бағыт. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім
4.1 Мақсат. Экономика салаларын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар бәсекеге қабілетті кадрлармен қамтамасыз ету
8 нысаналы индикаторға қол жеткізу қарастырылған.
8 индикатордың 4-уі орындалды, 4-і орындалмады (БЭФ ЖБИ-3).
Ағымдағы жағдай
130 жоғары оқу орны (ұлттық –10, мемлекеттік – 32, азаматтық емес – 13, ДБҰ – 1, халықаралық – 1, акционерлік – 18, жекеменшік – 54, жоғарғы сот - 1) жұмыс істеіді.
Білім алушылар контингенті – 512 677 адам (оның ішінде бакалавриат– 477 074 адам, магистратура – 32 893 адам, докторантура – 2 710 адам).
«Болашақ» бағдарламасы бойынша 1208 адам оқиды (Ұлыбританияда – 50%, АҚШ пен Канадада – 34%, Еуропа елдерінде – 6%, Азия мен Океанияда – 6%, РФ-да – 4%).
Профессорлық-оқытушылық құрам - 38 241 адам (олардың ішінде ғылым докторлары – 3 499 адам, ғылым кандидаты – 14 023, PhD доктор – 1 562, бейіні бойынша – 175, ПОҚ дәрежелілігі – 53,0%).
Орыс, қазақ және ағылшын тілдерін меңгерген ПОҚ базасы құрылды.
2016-2017 оқу жылынан бастап ЖОО-лар білім беру жұмысын үш тілде жүргізеді. Оқу пәндерінің 50% оқыту тілінде (қазақ немесе орыс), 20%-ын екінші тілде (қазақ немесе орыс тілі, тиісінше) және 30% – ағылшын тілінде жұргізу қарастырылған. Сонымен қатар "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" пәні ағылшын тіліндегі базалық оқулықты пайдалана отырып, бакалавриаттың барлық мамандықтарына ағылшын тілінде оқытылады.
28 ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орнында байқау кеңестері жұмыс істейді.
2016 жылы 8 жоғары оқу орнындағы байқау кеңестерінің құрамы жаңартылды, 20 жоғары оқу орнында әкімдіктердің, бизнестің, БҒМ және қауымдастықтың қатысуымен 11 адамнан тұратын Байқау кеңестерінің құрамы жасақталды.
ЖОО-лардың басқару құрамын жасақтаудың жаңа жолдары қалыптасты. 2016 жылы Республикалық комиссияның шешімімен, 5 ЖОО ректоры тағайындалды.
Жоғары білімді мамандар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыс 31 702 грантты құрады, оның ішінде «Серпін» бағдарламасы бойынша 3 162 грант, магистратурада мамандар даярлауға мемлекеттік тапсырыс 7 429 орынды, PhD докторантурада 628 бірлікті құрады, олардың 43-і Назарбаев Университеті үшін.
2017-2018 оқу жылында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімге арналған мемлекеттік тапсырысты 10 мың грантқа ұлғайтуы көзделген.
Орта білім мазмұнының жаңартылуын ескере отырып педагог кадрлар үгілік оқу жоспарлары бойынша даярланды.
2016 жылы алғаш рет жоғары оқу орнына түсу кезінде педагогикалық мамандықтарға талапкерлер педагогикалық қызметке бейімділігін анықтауға арналған арнайы емтихан тапсырды.
Бұл норма, ең алдымен, педагог беделін арттыруға бағытталған.
ШЖМ ерекшеліктерін ескере отырып, "Химия-Биология", "Математика-Физика", "Математика-Информатика", "Физика-Информатика", "География-Тарих", "Тарих-Дінтану" мамандықтары бойынша педагогтерді даярлау жүзеге асырылады.
Барлық жоғары оқу орындарында оқу процесіне "Қазақстандық бірлік" элективті курсы енгізіліп, барлық педагогикалық мамандықтар бойынша базалық пәндердің міндетті компонентіне көлемі 2 кредит "Инклюзивті білім беру" пәні қарастырылған.
37 азаматтық жоғары оқу орнына Назарбаев Университетінің тәжірибесі таратылуда. ЖОО-ның білім беру бағдарламаларының мазмұнын анықтаудағы академиялық дербестігі бакалавриатта 65%-ға дейін, магистратурада 70%-ға, докторантурада 90%-ға кеңейтілді (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысы).
2015 жылы жоғары оқу орындарын коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – КЕАҚ) етіп қайта құру жұмысы басталды.
2015-2016 жылдары КазНЗТУ, атындағы. Қ. И. Сатпаев, ҚазҰАУ. Жәңгір хан атындағы БҚАТУ, Атырау мұнай және газ институты КЕАҚ болып қайта ұйымдастырылды.
Жаңа ұйымдық-құқықтық нысан-ға дамыту үшін қосымша инвестициялар тартуға, республикалық бюджеттің жүктемені алуға мүмкіндік береді және жалпы университеттердің әлемдік үрдістер контекстінде ықпал етеді.
ЖОО-лар ынтымақтастық туралы халықаралық келісімшарттар, меморандумдар шеңберінде АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Германия, Ресей және т.б. елдердің жетекші университтеттері мен өзара іс-қимыл жұргізе отырып, алға жылжуына білім және ғылым саласындағы халықаралық ғылыми және білім беру жобаларына белсенді қатысады.
QS WUR халықаралық рейтингісінде 2016 жылы 8 қазақстандық ЖОО белгіленді, оның 2-уі топ-300-ге және топ-400-ге кірді.
Анықтама:
1. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (топ-300)
2. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ (топ-400)
3. Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ (топ 411-420)
4. Абай атындағы ҚазҰПУ (топ 551-600)
5. М. Әуезов атындағы ОҚМУ (топ 601-650)
6. ҚБТУ (топ 651-700)
7. Бөкетов атындағы ҚарМУ (топ 701+)
8. Абылай хан атындағы ХҚжәнеХТҚазУ (топ 701+).
Проблемалар
БЭФ ЖБИ халықаралық рейтингінде жоғары білім жүйесіндегі мынадай индикаторлар бойынша Қазақстанның иеленген орындары төмендеді:
Менеджмент/басқару мектептерінің сапасы (жоспар – 100, факт - 106).
Аталған көрсеткіш бойынша орындардың төмендеуі менеджмент мектептерінің жетіспеушілігі, нашар МТБ, білім беру жүйесін жақсартуға бағытталған шаралардың жеткіліксіз таратылуы.
2) Білім жүйесінің сапасы (жоспар – 67, факт – 73).
Қазақстанның орны былтырғы жылмен салыстырғанда 6 орынға төмендеген (2015 ж. – 67 орын).
Бұл индикаторлар сауалнама негізінде шығарылады. Орынның төмендеу себебі білім мазмұнын жаңарту, үш тілде оқыту және т.б. бойынша ақпараттық-түсіндіру шараларының жеткіліксіздігі.
Бұл үрдіс білім беру саласындағы бұқаралық ақпарат құралдарындағы жағымсыз ақпарат көлемінің үлкендігімен түсіндіріледі.
3) Жоғары біліммен қамту (жоспар – 60, факт – 61).
Орын 2015 жылғы деңгейде қалды ( 61-орын)
Төмендеу себептері біздің ойымызша демографиялық аспект, жоғары білім алу қаржылық мүмкіндіктері, академиялық алмасудың кең практикасы және т. б. Болуы мүмкін.
4) Әзірленген құжаттамалар бойынша оң қорытынды алған және конкурс жарияланған МЖӘ жобалары санының артуы ( жоспар– 1, факт – 0).
Бұл индикаторды Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (бұдан әрі – ҚазҰУ) «Медициналық-биологиялық кластер» және «Инжиниринг пен ғылымды көп қажетсінетін технологиялардың инновациялық кластері» жобалары шеңберінде іске асыру жоспарланған болатын.
Жобаларды мүдделі мемлекеттік органдар (БҒМ, ҰЭМ, ДСӘДМ) қарастырды.
Елдің ағымдағы экономикалық жағдайында жобалар бағасының бірден көтерілуін ескере отырып (39,7 млрд.-тан 57,7 млрд.-қа дейін) кластерлер құрылысы ҚазҰУ-дың Байқау кеңестері мен мүдделі мемлекеттік органдардың оң қортындысын алған жоқ, осыған орай іс-шараның іске асырылу мерзімі кейінге шегерілді.
Қабылданған шаралар:
Жоғарыда аталған индикаторға қол жеткізу үшін менеджмент және бизнес мектептерінің желісін арттыру, топ-менеджерлердің біліктіліктерін арттыру бағдарламаларын өзектендіру, білім беру бағдарламаларын аккредиттеу, бизнес орта мен азаматтық қоғам ұйымдары арасынан алынған респонденттермен ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізу бойынша шаралар қабылдау қажет.
Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі көрсеткіштерін жақсарту бойынша 2018 жылға дейінгі іс-шаралар жоспарында аталған көрсеткішті жақсартуға бағытталған шаралар қарастырылған және Министрлік оларды іске асыруда.
Сондай-ақ, ҚР-да білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын талдамалық және ақпараттық-медиалық сүйемелдеу бойынша жұмыстар жүргізілуде (БАҚ-та білім беру саласындағы жетістіктер туралы ақпаратты, видеоматериалдарды орналастыру, ресми аккаунттарды жүргізу, брифингтер, баспасөз-конференциялары және т.б.).
Қабылданған шаралар нәтижесінде БАҚ-тағы білім жүйесі туралы позитивті мақалалардың үлесі 80%-ды, бейтарап мақалалар 18,2%-ды, сын мақалар -1,8%-ды құрады.
Бұдан әрі халықтың, білім және ғылым саласындағы қызыметкерлердің ҚР-да білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі ережелері мен оны іске асырудың аралық нәтижелері бойынша ақпараттандырылуын арттыруға бағытталған шаралар өз жалғасын табады.
5-стратегиялық бағыт. Ғылымды дамыту
5.1. Мақсат. Экономиканы әртараптандыруда және елді тұрақты дамытуда ғылымның үлесін арттыру
5 мақсатты индикаторды орындау қарастырылған.
5 мақсатты индикатордан қол жеткізілгені – 4, қол жеткізілмегені – 1.
Ағымдағы жағдай
«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтерді коммерцияландыру туралы» Заң іске асырылуда, онда инновацияларды өндіріске ендіруді мемлекеттік қолдау механизмдері қарастырылған.
Екі инновациялық кластер – Назарбаев университеті базасындағы Астана бизнес кампусы мен «Алатау» инновациялық технологиялар паркі бірлескен ғылыми-техникалық жобалар мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды коммерцияландыру алаңына айналады.
«Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы туралы келісімрге қол қойылды. Бұл жлба:
- нарыққа жаңа және жетілдірілген тауарларды және көрсетілетін қызметтерді ғылыми және ғылыми-техниқалық қызмет нәтижелерін енгізу негізінде енгізуде;
- ғылымды қоса қаржыландыруға жеке секторды тарту. Осы бағыт арқылы іске асырылады келісім-шарттар жасасу ғалымдары арасындағы және жеке сектор. Бизнес үшін бұл қосымша табыс, пайда есебінен шығару жаңа өнімдер мен тауарларды нарыққа сұраныстың негізінде нарық арқылы өзара іс-қимыл ҒЗИ;
- өндірісті ғылымға енгізуге мүмкіндік береді.
2016 жылы қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы саны 1217 бірлікті құрады, оның ішінде коммерцияландырылған жобалар – 210 (111 меморган, 65 технологияларды коммерцияландыру жобасы, «Өнімді инновацияларды ынталандыру» шеңберінде 34 жоба).
Қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы санынан коммерцияландырылған жобалар үлесі 17%-ды құрайды.
Ғылыми-зерттеу ұйымдары тұрақты түрде технологияларды коммерцияландыру, ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды басқару, ғылым саласында ақпараттандыру аймақтарын, зияткерлік меншік құқықтарын кеңейту мәселелері бойынша әртүрлі іс-шаралар жүргізеді.
Проблемалар:
«2014 жылы Ұлттық патенттердің жалпы санынан ұлттық патенттердің өсуі (1 574 бірлік)» индикаторына қол жеткізілмеді (жобалар – 3%, факт – 2,8%). 2015 жылы 1618 патент тіркелген, (өсім 2,8%).
Аталған индикаторға мынадай себептерге байланысты қол жеткізілмеді:
- ұлттық патенттер санынан инновациялық патенттер алынып тасталды («Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласын құқықтық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 300-VҚРЗ Заңы);
- ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыру сомасының азаюы.
2016 жылға арналған жылдық есеп 2017 жылғы сәуірде жарияланады.
6-стратегиялық бағыт. Жастар саясаты
6.1. - мақсат. Жастарды дамыту және оларды елдің әлеуметтік экономикалық дамуына тарту үшін жағдай жасау
1 мақсатты индикаторды орындау көзделген.
Мақсатты индикаторға қол жеткізілді.
Ағымдағы жағдай
Ағымдағы жылы Министрлік пен өңірлердің әкімдіктері жастарды дамыту және оларды елдің әлеуметтік экономикалық дамуына тарту үшін іс-шаралар өткізді. «Жастар» ҒЗО жастардың ресурстық орталықтары, ЖОО-лардағы, ТжКБ мен кәсіпорындардағы жастардың өзін-өзі басқару органдары үшін оқыту вебинарлары, шетелдік сарапшылардың қатысуымен жастардың өзекті мәселелері бойынша халықаралық ғылыми-праткиалық конференция, ХІІ Ұлттық Дельфийлік ойындар, Жастардың республикалық форумы өткізілді. Белсенді жастар, жастар ұйымдарының көшбасшылары, әр түрлі салалардағы жас мамандар санынан 1 000 адам қатысты.
«Жастар» ҒЗО жүргізген әлеуметтік зерттеулер нәтижелері бойынша 14-29 жас аралығындағы халықтың мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуымен қанағаттану деңгейі – 75,2%.
Қорытындылар мен ұсыныстар
Есептік кезеңде жоспарланған іс-шараларды іске асырудың тиімділігін арттыруға және жоспарланған мақсаттарға, міндеттерге, көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған келесі шаралар қабылданды:
- Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (ҚР Президентінің 2016 ж.1 наурыздағы № 205 Жарлығы) және Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспары (ҚРҮ-нің 2016ж. 25 сәуірдегі № 243 қаулысы) бекітілді.
ҚР БҒМ-нің 2014-2018 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарына өзгерістер енгізілді (Министрдің 2016 жылғы 14.04 № 206 бұйрығы);
Мемлекет басшысы «Халықаралық ғылыми-техникалық орталық қызметін жалғастыру туралы Келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңына қол қойды (2016 жылығ 26 қазандағы № 18-VІ ҚРЗ).
Мынадай заң жобалары әзірленді:
- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;
- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ЖОО-лардың академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;
- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».
19 мемлекеттік қызмет көрсету түрлерінің стандарттарына өзгерістер енгізілді (3 «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы, 15 Мемлекеттік корпорация арқылы, 1 мемқызметтің атауы бойынша).
Сонымен қатар, Министрлікт Операциялық жоспардың орындалуына, ай сайын Стратегиялық жоспардың орындалуына тоқсан сайын мониторинг жүргізеді.
Нәтижелері Білім және ғылым саласындағы стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың орындалу барысын үйлестіру және мониторингілеу жөніндегі, Білім және ғылым жүйесінің дамуын стратегиялық жоспарлау, Білім берудің барлық деңгейлерінің мазмұны мен әдістемесі жөніндегі комиссиялардың отырыстарында, Білім және ғылым министрінің аппараттық кеңестерінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің қатысуымен өткен қаралды.
Достарыңызбен бөлісу: |