Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігінің А. Байтұрсынов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет98/167
Дата13.12.2021
өлшемі3,44 Mb.
#125630
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   167
Байланысты:
conference collection 2020
мамандық таңдаудағы ата-ананың рөлі
Майсатаева Айнұр Шамшитденқызы,  
А.Байтұрсынов атындағы  
Қостанай мемлекеттік университеті,  
қылмыстық құқық және процесс  
кафедрасының аға оқытушысы,  
заң ғылымдарының магистрі  
 
ДАКТИЛОСКОПИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕНОМДЫҚ ТІРКЕУДІҢ  
ДAМУ БОЛAШAҒЫ 
 
Қазақстан Республикасының  Ата Заңында «Қазақстан Республикасы 
өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде 
орнықтырады,  оның  ең  қымбат  қазынасы  -  адам  және  адамның  өмірі, 
құқықтары мен бостандықтары»  – деп айқындалған [1]. Осы мақсатқа сай  
мемлекет  өз  азаматтарына  құқықтық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету 
барысында  көптеген  тетіктерді  пайдаланады.  Соның  бірі,  құқыққорғау 
органдарының  құзіреттілігіне  жататын  қызметтер.  Осындай  қызметтердің 
біріне  трассология  бөлімінің  бір  тармағы  дактилоскопияны  жатқызуға 
болады.   
Қазіргі  таңда  республикалық  бұқаралық  ақпарат  құралдарында, 
мемлекеттік органдарда, оның ішінде құқық қорғау органдарында ҚР Ішкі 
істер  министрлігінің  ведомствоаралық комиссиямен  бірлесіп дайындалған 
«Дактилоскопиялық  және  геномдық  тіркеу  туралы»  заң  жобасы  қызу 
талқылану үстінде [2]. Қазақстандағы дактилоскопия мен геномдық тіркеу 
саласындағы  қоғамдық  қатынастарды  реттейтін  аталған  заң  жобасы 
Парламентке  2  рет  жолданып,  қоғамдағы  кереағар  пікірталастарға 
байланысты  Үкіметке  кері  қайтарылған  болатын.  Осыған  байланысты, 
Орталық  коммуникациялар  қызметінде  бірнеше  рет  құқық  қорғау 
органдары,  сот,  сыртқы  істер  министрлігі,  адвокаттар  одағы,  ғалымдар, 
кәсіподақ,  сарапшылардың  қатысуымен  брифингтер  өткізіліп,  заң  жобасы 
жан-жақты талқылануда. 
Аталмыш  заң  жобасы  ағымдағы  жылдың  маусым  айында  өткен 
Қауіпсіздік  Кеңесінің  отырысында  мемлекет  басшысының  арнайы 
тапсырмасы  бойынша  әзірленген  болатын.  Заң  жобасы  e.gov.kz  ашық 
нормативтік актілер интернет-порталында және ІІМ-нің ресми порталында 
жарияланды. 
 Дактилоскопия  (грек.  daktylos  –  саусақ  және  skopeу  –  қараймын, 
көремін, бақылаймын) дегенді білдіреді [3, б.26]. 
Дактилоскопия  —  адамды  саусақ  белгісіне  қарап  тану  әдісі,  яғни, 
алақан  мен  саусақтағы  терінің  ерекшелігіне  байланысты  сізді  жеке 
басыңыз  туралы  ақпаратқа  қол  жеткізуге  болады.  Криминалистикада 
кеңінен қолданылады. 
«Дактилоскопия»  сөзі  алғаш  рет  1877  жылы  пайда  болған. 
Үндістанда  жұмыс  істеген  ағылышын  қызметкері  Вильям  Гершель  адам 


 
 
қолындағы  паппиллярлы  (көктамыр)  өрнектері  құрылымы  бойынша  өзара 
ерекшеленетіндігін  және  өмір  бойы  өзгермейтіндігін  анықтаған  [4,  б.56]. 
Ол  қабатты  өзгертуге  тырысу  мүмкін  емес,  теріңіздің  өрнектерін  өшіруге 
болмайды. Сол уақыттан бері саусақ белгісіне қарап сәйкестендіру - ең көп 
таралған биометриалық технологияға айналды. 
Тұлғаны криминалистикалық сәйкестендіру, қылмыстық тіркеу және 
қылмыскерлерді  іздестіру  мақсаты  саусақтарының  ұшындағы  тері 
өрнектерінін құрылысын зерттейтін криминалистиканың бөлімі [5]. 
Мамандар  пікірі  бойынша,  әлемнің  көптеген  мемлекеттерінде 
қолданылып  отырған  бұл  тәжірибе  азаматтардың  жеке  басты  куәланды-
ратын 
құжаттарына 
адамның 
биометриялық 
анықтамаларын 
сәйкестендірудің  заманауи  технологиясын  енгізу  қажеттілігінен  туындап 
отыр.  Азаматтардың  паспорттық-визалық құжаттарына  дактилоскопиялық 
деректер  (папиллярлық  өрнектерден  тұратын  саусақ  іздері)  енгізу  арқылы 
биометриялық  анықтауды  сәйкестендіру  жүйесін  құру  мен  енгізуге  мүм-
кіндіктер  береді.  Бұл  жүйе  жалған  құжат  жасаудың  жолын  кесу  арқылы 
мемлекетіміздің  қорғанысы  мен  азаматтарын  қылмыстық  әрекеттерден 
қорғайды.  Әсіресе  құқық  қорғау,  арнайы  органдардың  терроризм, 
экстремизм қылмыстарымен күресуіне зор ықпал етеді деп күтілуде. 
2021 жылдан бастап саусақ ізін міндетті тапысыру туралы заң күшіне 
енеді.  Ол  уақытқа  дейін  техникалық  жарақтандыру  жүйені  қалыптастыру 
жұмыстары  жүзеге  асырылады.  Осы  мақсатқа  қазынадан  36,8  млрд  теңге 
бөлу қарастырылып отыр [6].  
Дактилоскопиялық  тіркеу  төлқұжат  пен  жеке  куәлікті  рәсімдеу 
кезінде  іске  асады.  «Қазақстан  Республикасының  кейбір  заңнамалық 
актілеріне  дактилоскопиялық  және  геномдық  тіркеу  мәселелері  бойынша 
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеу тұлғаны 
биометриялық 
идентификациялаудың 
құқықтық 
негіздерін 
құру 
қажеттілігінен  туындаған.  Бұл  ондай  ақпаратты  әлеуметтік  қауіпті 
жағдайдағы  немесе  қылмыстар,  авариялар  мен  техногендік  апаттар 
құрбандары болуы ықтимал ҚР азаматтары, шетелдіктер және азаматтығы 
жоқ  тұлғалардың  мүдделері  үшін  пайдалануға,  тұлға,  қоғам  және 
мемлекеттің  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  мақсатында  заманауи 
биометриялық  технологиялардың  негізінде  ҚР-ның  биометриялық 
паспорт-визалық  құжаттарын  жетілдіруге  мүмкіндік  береді.  Бұл  заң 
жобасы жоғарыда аталған бірқатар заңдарға өзгерістер мен толықтырулар 
енгізеді. 
Дактилоскопиялық  тіркеудің  негізгі  мақсаты  қылмыстарды  ашу, 
тергеу  және  алдын  алу  процесін  ақпараттық  қамтамасыз  ету  болып 
табылады. 
Неғұрлым нақты, бұл: 
-  қылмыстарды  анықтау,  ашу,  тергеу  және  алдын  алу  үшін 
пайдаланылуы мүмкін деректерді жинақтау; 


 
 
-  есептік  деректер  көмегімен  объектілерді  сәйкестендіру  шарттарын 
қамтамасыз ету; 
-  криминалистикалық  есептерде  мәліметтері  бар  объектілерді 
іздестіруге жәрдемдесу; 
-жедел-іздестіру,  тергеу  және  сот  органдарының  қарамағына 
анықтамалық-бағдарлы ақпарат беру. 
"Тіркеу"  және  "есепке  алу"  терминдері  бір-бірімен  тұтас  және  бір 
бөлігі  ретінде  сәйкес  келеді.  Есепке  алу-бірдеңені  анықтау,  бірдеңені 
назарға  алу  немесе бір  жерде  тұратын  адамдардың  тізіміне  енгізу  арқылы 
тіркеу.  Тіркеу  -  есепке  алу,  тізілімге,  тізімге  енгізу;  есепке  алу,  жүйелеу 
мақсатында бірдеңені жазу, белгілеу. 
Дактилоскопиялық тіркеудің заңды негіздеріне жатқызылды: 
-  прокурордың,  тергеушінің  немесе  анықтауды  жүргізетін  адамның 
күзетпен  ұстау  түріндегі  бұлтартпау  шарасын  таңдау  туралы  қаулысы, 
сондай-ақ айыпталушы ретінде тарту туралы қаулы; 
- соттың үкімі немесе ұйғарымы; 
- тұлғаны федералды іздестіру жариялау туралы қаулы; 
- күдіктіні ұстау хаттамасы; 
- тергеу әрекеттерінің хаттамалары (әр түрлі іздерді тіркеу үшін)[2]. 
Бастапқыда  дактилоскопиялық  картотекада  бас  бостандығынан 
айыруға  сотталған,  сондай-ақ  қаңғыбастық  пен  қайыршылық  үшін 
ұсталған 
адамдарға 
дактилоскопиялық 
ақпарат 
берілген. 
Дактилоскопиялық  карталардың  көмегімен  жүзеге  асырылды,  оларды 
толтыру кезінде тиісті бланкілерде типографиялық бояу арқылы тіркелетін 
адамның әрбір қолы саусақтарының папиллярлы өрнектері басылады. 
Біздегі  жаңа  өзгеріс  бойынша  қазақстандықтар  жаппай  осы 
процедурадан өтуі қажет. Заң жобасын құрастырушылардың сөзінше, 2021 
жылдан бастап ол белгілер паспорт пен жеке төлқұжатқа енгізіледі. 
Осы  әдіс  арқылы  алаяқтармен,  зорлықшылармен  күресіп, 
мәйіттердің  жеке  мәліметін  анықтауға  мүмкіндік  береді.  Есте  сақтау 
қабілетінен  айырылғандарға  көмектесіп,  қылмысты  тезірек  ашуға  болады. 
Тіпті,  ақпараттық  жүйе  арқылы  пайдаланылатын  мемлекеттік  қызметтің 
мүмкіндіктері де кеңейе түседі екен. 
Заң  2021  жылдан  бастап  күшіне  енуі  керек.  Оған  дейін  дайындық 
жүргізіледі.  Ішкі  істер  органдары  мен  басқа  да  мемлекеттік  құрылымдар 
байланыс каналдарын орнатып, мамандарды дайындау қажет. Яғни, кезең-
кезеңімен енгізіледі. Саусақ белгілері жоқ ескі құжаттарды мерзімі өткенге 
дейін пайдалануға болады. 
Дактилоскопиядан  16  жасқа  толып,  төлқұжатын  алған  барлық 
қазақстандықтар  өтуі  қажет.  Ал  12-16  жас  аралығында  жасөспірімдер  өз 
қалауына  байланысты  өте  алады.  Қазақстанда  тұрақты  түрде  өмір  сүретін 
шетел  азаматтары  Қазақстанда  тұру  үшін  немесе  азаматтығын  рәсімдеу 
кезінде  осы  процедурадан  өтуі  керек.  Ауыр  қылмыстары  үшін 


 
 
сотталғандар  және  жоғалған  жақынын  тапқысы  келетін  адамдар  үшін  де 
міндетті. 
Енді,  осы  заңның  халыққа,  мемлекетке  берер  пайдасын  талдап, 
талқылап  көрейік.  Заңды  қабылдаудағы  басты  мақсат  –  мемлекетіміздің 
әлеуметтік-экономикалық  дамуын,  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етіп  қана 
қоймай,  сонымен  қатар  Қазақстан  Республикасы  аумағында  уақытша, 
тұрақты  тұрып  жатырған  азаматтар,  азаматтығы  жоқ  немесе  шетел 
азаматтары  жайлы  толық,  шынайы  ақпараттармен  тиісті  мемлекеттік 
органдарды  қамтамасыз  ету  болып  табылады.  Бұл  мәселенің  өзектілігін 
соңғы  кездерде  әлемде,  сонымен  қатар  елімізде  болып  жатқан 
мемлекетімізге,  бейбіт  тұрғындарға  террористік  топтармен  қарсы 
жасалынып  жатырған  террорлық  әрекеттерінен  байқауға  болады.  Бұл 
жерде  бұл  заң  өзін  құрбан  еткен  жанкештінің  де  және  оның  қылмыстық 
әрекетінен  қайтыс  болған  бейбіт  тұрғынның,  қызметкер  мен  әскери 
қызметшінің  жеке  басын  саусақ  іздері,  геномдық  деректері  арқылы 
анықтаудың заңдылығын реттейді. Қазір әлемде, елімізде болып жатырған 
табиғи,  көлік,  техногендік  апаттар  салдарынан  жүздеген  адамдардың  қаза 
болып жатырғандығы азаматтарды бей-жай қалдырмауда. 
Осы  апатқа  ұшыраған  адамдардың  жеке  басын  анықтау  үшін  сот-
геномдық  сараптама  тағайындау  қажеттілігі  туындап,  оны  тағайындау 
үшін адамның кез-келген биологиялық (қан, сілкей, тер, ұрығы, мұрыннан 
ағатын  су,  шаш,  тері)  материалы  алынады.  Олардың  мүрделері  геномдық 
сараптама  тағайындау  үшін  басқа  қалаға  жеткізіліп,  олардың  жеке  басын 
анықтау  үшін  қаншама  жұмыстар  жасалады.  Бұл  жұмыстарға 
мамандардың  қаншама  уақыты  жұмсалып,  мемлекет  бюджетінен  қыруар 
қаржы бөлінеді. 
Қазір  елімізде   геномдық  сараптама  (адамның  жеке  басын  анықтау 
немесе  растау)  тек  Алматы,  Астана,  Ақтөбе,  Шымкент  қалаларындағы 
ғылыми-зерттеу  орталықтарында  ғана  жүргізіледі  және  шамамен  әр 
сарапшыға  60  мыңнан  есептегенде  орташа  есеппен  500  мың  теңге 
аралығында қаржы жұмсалады [7]. 
Бұл  құқықтық  қатынасты  реттейтін  арнайы  заң  қабылданғаннан 
кейін  әр  азаматқа   берілетін   геномдық  төлқұжатқа  оның  бүкіл  деректері 
енгізіледі  және  апатқа   ұшыраған  кез-келген  азаматтың  жеке  басы  оқиға 
болған жерден алынған биологиялық материалдармен салыстыра отырып,  
тез,  жеңіл  түрде,  сәйкестендіріліп,  оңтайлы  шешіледі.  Мемлекеттен 
қазіргідей көп қаржы бөлінбейді, мәйіттердің биологиялық материалдарын 
бір  облыстан,  бір  облысқа  тасымалдамай,  өз  облыстарында  зерттеуге 
мүмкіндік  алады.  Бұл  тұрғыда  азаматтардың  құзырлы  органдарға  арыз-
шағымдары  да  азаяды.  Заң  жобасымен  геномдық  тіркеу  жүргізу  адам 
денсаулығына  қауіпті  болмауы,  оның  ар-намысы  мен  абыройын 
қорламауы тиіс. 
Сонымен  бірге,  бұл  заң  жобасы  жаңа  туған  нәрестелерін  тастап 
кеткен аналарды табуға, оларды жауапқа тартуға да өз септігін тигізеді. 


 
 
Полицияның  күнделікті  қылмыстар  мен  оқиғалар  қатарында  жиі 
атыс  қаруымен  байланысты  қылмыстар  тіркелетіндігі  де  белгілі.  Көбінесе 
біреудің  атына  тіркелген  мылтықты  басқа  біреу  қолданып,  адамға  орта, 
ауыр  дене  жарақаттарын  салу,  тіпті  қасақана  адам  өлтіру  қылмыстары 
жасалып жатады. Бұл жерде қару иесінің өз кінәсінің жоқтығын дәлелдеуі 
практикада  өте  қиын,  кейде  мылтық  иесінің  жауапқа  тартылуы  да  ғажап 
емес.  Егер  де  қару  басқа  біреумен  пайдаланса  және  оның  саусақ  іздері 
мылтықта  табылатын  болса,  ондай  жағдайларда  өзін  жауапкершіліктен 
құтқару үшін кез келген заңды сыйлайтын қару иесі саусақтарының іздерін 
тиісті органға өз еркімен тапсыруы тиіс. 
Адамның  биометриялық  деректері  адамның  жеке  басын  анықтау 
үшін, қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету, көші-қон процесін 
қадағалау,  терроризм,  экстремизм  іс-әрекеттеріне  қарсы  күресу, 
мемлекеттік  басқару  органдары  жұмысының  тиімділігін  арттыру  және 
азаматтардың  конституциялық  құқықтары  мен  бостандығын  қорғауға 
бағытталған және адамның жеке басын  сәйкестендіру, оның қауіпсіздігін, 
адамгершілік  қағидалары,  адам  мен  азаматтың  құқықтары  мен  заңды 
мүдделерін,  мемлекеттің  конституциялық  құрылымын  қорғау  болып 
табылады. 
Заңның  қабылдануы  Қазақстан  Республикасы  және  шетел 
азаматтарының, 
азаматтығы 
жоқ 
адамдардың 
жеке 
бастарын 
сәйкестендірудің,  дербес  ақпараттардың  алынуының,  сақталуының, 
өңделуінің,  пайдалануының,  қылмыспен,  оның  ішінде  терроризм, 
экстремизммен  күресу,  іс-түссіз  жоғалған  еліміздің  азаматтарын,   шетел 
азаматтарын,  азаматтығы  жоқ  адамдарды  іздестіру,  жол-көлік  оқиғалары, 
өндіріс  орындарында  апат,  зілзала  басқа  да  төтенше  оқиғаларда  қаза 
болғандардың  құқықтық  және  әлеуметтік-экономикалық  мәселелердің 
шешілуін жеделдетеді және құқықтық негізін құрайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   167




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет