Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы


"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру iсiнiң үздiгi" құрмет дипломы



бет3/6
Дата20.09.2024
өлшемі176,67 Kb.
#204783
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
324 бұйрық

4. "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру iсiнiң үздiгi" құрмет дипломы



Марапаттау көрсеткіштері

Балл

Жұмыс өтілі

1)

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында студенттерді оқыту және тәрбиелеу жөніндегі кәсіптік қызметті жүзеге асыратын педагогтің жұмыс өтілі

7 жылдан астам - 1 балл;
10 жылдан астам - 2 балл;
15 жылдан астам - 3 балл;
20 жылдан астам - 4 балл;
25 жылдан астам - 5 балл;
30 жылдан астам жоғары - 6 балл.

Алғыстар мен марапаттардың болуы

2)

Студенттерді оқыту және тәрбиелеу жөніндегі кәсіби қызметі үшін және (немесе) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының ғылыми қызметкері ретінде марапатталған ЖАО-ның, ұйымдардың, әлеуметтік әріптестердің, қоғамдық ұйымдардың алғыс хаттарының, құрмет грамоталарының болуы

Әр марапат үшін 1 балл, бұл ретте 3 балдан артық емес

3)

Студенттерді оқыту және тәрбиелеу жөніндегі кәсіби қызметі үшін және (немесе) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының ғылыми қызметкері ретінде марапатталған "Білім және ғылым министрінің Алғысы" болуы

Әр алғыс үшін 1 балл

4)

Студенттерді оқыту және тәрбиелеу жөніндегі кәсіби қызметі үшін және (немесе) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының ғылыми қызметкері ретінде марапатталған "Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасының" болуы

Әр құрмет грамотасы үшін 3 балл

5)

"ЖОО үздік оқытушысы" атағының иегері"

5 балл, атақ беру санына қарамастан

6)

Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар тапсырған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және (немесе) ғылым саласындағы жетістіктері үшін сыйлықтың, наградалардың, Қазақстан Республикасы таныған шет мемлекеттер тапсырған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және (немесе) ғылым саласындағы жетістіктері үшін мемлекеттік наградалардың болуы

Әр марапат немесе сыйлық үшін 3 балл

7)

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім және (немесе) ғылым саласындағы жетістіктері үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасының немесе мемлекеттік сыйлығының болуы

Әр марапат немесе сыйлық үшін 5 балл

Ғылыми-педагогикалық қызмет

8)

Даярлау бағыттары бойынша оқу-әдістемелік бірлестік ұсынған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруге арналған оқулықты, оқу құралын әзірлеу

Әр оқулық үшін 5 балл, бұл ретте 10 балдан артық емес
Әрбір оқу құралы үшін 2 балл, бұл ретте 4 балдан артық емес (тең авторлар жағдайында, балл тең авторлар санына бөлінеді не жекелеген тараулар немесе бөлімдер жазылған жағдайда, онда жалпы жұмыстағы тараулардың немесе бөлімдердің үлес салмағы бойынша)

9)

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының Ғылыми кеңесі ұсынған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және (немесе) ғылым мәселелері бойынша монография шығару

Әрбір монография үшін 5 балл, бұл ретте 10 баллдан артық емес
(бірлескен авторлар болған жағдайда, балдар бірлескен авторлар санынан бөлінеді не жеке тараулар немесе бөлімдер жазылған жағдайда, осы тараулар беттерінің үлес салмағы немесе жалпы жұмыстағы бөлім бойынша бөлінеді)

10)

ЖОО-ның шетелдік және республикалық ұйымдармен шарты бойынша әзірленген ғылыми нәтижені енгізу

Әрбір енгізу үшін 5 балл
(ұжымдық қатысу жағдайында балдар қатысушылар санына бөлінеді)

11)

Өнеркәсіптік меншік объектілеріне халықаралық қорғау құжатының болуы

Әрбір қорғау құжаты үшін 10 балл
(бірлескен авторлар болған жағдайда балдар бірлескен авторлар санына бөлінеді)

12)

ҚР патентінің, Өнеркәсіптік меншік объектілеріне авторлық куәліктің болуы

Әр патент, куәлік үшін 7 балл
(бірлескен авторлар болған жағдайда балдар бірлескен авторлар санына бөлінеді)

13)

Дәйексөз келтірілген ғылыми басылымдарда жарияланымның болуы

Санына қарамастан жарияланымның болуы үшін Q1,Q2 – 7 балл, санына қарамастан жарияланымның болуы үшін Q3, Q4 – 5 балл (бірлескен авторлар болған жағдайда балдар бірлескен авторлар санына бөлінеді)

14)

Халықаралық дерекқорларда индекстелетін нөлдік емес импакт-факторы бар журналдарда мақалалардың болуы

Web of Science Core Collection – әр мақала үшін 5 балл, Scopus – әр мақала үшін 5 балл
(тең авторлар жағдайында баллдар тең авторлар санына бөлінеді)

15)

Хирши индексінің (сан) болуы, оның ішінде:
жаратылыстану және техникалық ғылымдар үшін - 3 және одан жоғары;
әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар үшін - 1 және одан жоғары

3 балл
3 балл

16)

Диссертациялық кеңестерге мүшелік

Пікірлер санына қарамастан, мүшелікке 2 балл

17)

Қорғалған диссертациялық жұмыстарды басқару

Әрбір жұмысты басқару үшін 1 балл, бұл ретте 2 балдан артық емес есептеледі

18)

Білім беру және (немесе) ғылыми мақсаттарға 1500 АЕК-тен кем емес сомаға халықаралық грант алу

Әр грант үшін 6 балл
(ұжымдық қатысу жағдайында балдар әр қатысушыға бөлінеді)

19)

Білім беру және (немесе) ғылыми мақсаттарға 1000 АЕК-тен кем емес сомаға қазақстандық грант алу

Әр грант үшін 4 балл
(ұжымдық қатысу жағдайында балдар әр қатысушыға бөлінеді)

20)

Республикалық ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларға жетекшілік жасау

Әр бағдарламаны басқару үшін 2 балл
(егер бірнеше басшылар болса, онда балдар басшылар санына бөлінеді)

21)

Гранттық қаржыландыру жобасына жетекшілік жасау

Әр жобаны басқару үшін 5 балл
(егер бірнеше басшылар болса, онда балдар басшылар санына бөлінеді)

Ғылыми (академиялық) дәрежесінің, ғылыми атағының болуы

22)

Магистр

1 балл

23)

PhD докторы және бейіні бойынша

3 балл

24)

ғылым кандидаты

3 балл

25)

ғылым докторы

4 балл

26)

Қауымдастырылған профессор (доцент)

3 балл

27)

Профессор

4 балл

5. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш білім беру, жалпы, негізгі орта білім беру, орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру саласында жұмыс істейтін педагогтер үшін "Ы. Алтынсарин" төсбелгісі



Жұмыс көрсеткіштері

Көрсеткіш үшін балдар

ауыл

қала/облыс

Жұмыс өтілі

1)

Білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша кәсіптік қызметті жүзеге асыратын педагог ретіндегі жұмыс өтілі

1) 12 жылдан астам - 1 балл,
2) 15 жылдан астам - 2 балл,
3) 17 жылдан астам - 3 балл,
4) 20 жылдан астам - 4 балл,
5) 25 жылдан астам - 5 балл,
6) 30 жылдан астам және одан жоғары - 6 балл

1) 15 жылдан астам - 1 балл,
2) 20 жылдан астам - 2 балл,
3) 25жылдан астам - 3 балл,
4) 30 жылдан астам және одан жоғары - 5 балл

Алғыстар мен марапаттардың болуы

2)

Білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу жөніндегі кәсіптік қызметі үшін лайықталған ұйымдардың, әлеуметтік әріптестердің, қоғамдық ұйымдардың ЖАО-ның алғыс хаттары мен құрмет грамоталарының болуы

Әр марапат үшін 1 балл, бұл ретте 3 балдан артық емес

3)

Білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу жөніндегі кәсіби қызметі үшін "Білім және ғылым министрінің Алғысы" болуы

Әр алғыс үшін 1 балл

4)

Білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу жөніндегі кәсіби қызметі үшін "Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасы" болуы

Әр құрмет грамотасы үшін 3 балл

5)

"Үздік педагог" атағының иегері

5 балл, атақ беру санына қарамастан

6)

Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар табыс еткен білім беру саласындағы жетістіктері үшін сыйлықтар, наградалар; Қазақстан Республикасы таныған шет мемлекеттер табыс еткен білім беру саласындағы жетістіктері үшін мемлекеттік наградалар

Әр марапат немесе сыйлық үшін 3 балл

7)

Білім беру саласындағы жетістіктері үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасының немесе мемлекеттік сыйлығының болуы

Әр марапат немесе сыйлық үшін 5 балл

Біліктілік санатының болуы

8)

Педагог-зерттеуші
(жоғары біліктілік санаты)

2 балл

9)

Педагог-шебер
(жоғары біліктілік санаты)

4 балл

Жетістіктер

10)

Білім беруді басқару органдары, Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған (ұсынған) немесе олардың жәрдемдесуімен өткізілген педагогтерге арналған аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық конкурстар мен өзге де жарыстардың жүлдегері

аудандық деңгей: I, II, III жүлделі орындар – тиісінше 1 балл, 0,7 балл, 0,5 балл;
облыстық деңгей: I, II, III жүлделі орындар – тиісінше 1,5 балл, 1,2 балл, 1 балл),
республикалық деңгей: I, II, III жүлделі орындар – тиісінше 3 балл, 2,5 балл, 1,8 балл;
халықаралық деңгей: I, II, III жүлделі орындар – тиісінше 5 балл, 4,5 балл, 3,5 балл.

қалалық деңгей: I, II, III жүлделі орындар – тиісінше 0,7 балл, 0,5 балл, 0,4 балл;
облыстық деңгей: I, II, III жүлделі орындар – тиісінше 1,2 балл, 1 балл, 0,8 балл),
республикалық деңгей: I, II, III жүлделі орындар – тиісінше 2,5 балл, 2 балл, 1,5 балл;
халықаралық деңгей: I, II, III жүлделі орындар – тиісінше 4,5 балл, 4 балл, 3 балл.

11)

Білім алушыларды (тәрбиеленушілерді) негізгі жаттықтырушы (ментор) және (немесе) негізгі тәрбиеші ретінде даярлау және білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадаларда, конкурстарда, сайыстарда жүлделі орындарға ие болуы:
білім беруді басқару органдары ұйымдастырған (ұсынған) немесе олардың жәрдемдесуімен өткізілген
Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен конкурстардың, ғылыми жобалардың (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесіне жататын

аудандық деңгей: I, II, III жүлделі орындар – тиісінше 0,5 балл, 0,4 балл, 0,3 балл;
облыстық деңгей: I, II, III жүлделі орындар – тиісінше 1,2 балл, 1 балл, 0,8 балл),
республикалық деңгей: I, II, III жүлделі орындар – тиісінше 1,9 балл 1,5 балл, 1,3 балл;
халықаралық деңгей: I, II, III жүлделі орындар – тиісінше 2,5 балл, 2,2 балл, 2 балл.
республикалық деңгей: I, II, III жүлделі орындар-тиісінше 11 балл, 9 балл, 7 балл;
халықаралық деңгей: I, II, III жүлделі орындар-тиісінше 15 балл, 12 балл, 10 балл

қалалық деңгей: I, II, III жүлделі орындар – тиісінше 0,5 балл, 0,4 балл, 0,3 балл;
облыстық деңгей: I, II, III жүлделі орындар – тиісінше 1 балл, 0,8 балл, 0,6 балл),
республикалық деңгей: I, II, III жүлделі орындар – тиісінше 1,5 балл 1,3 балл, 1 балл;
халықаралық деңгей: I, II, III жүлделі орындар – тиісінше 2 балл, 1,8 балл, 1,5 балл.
республикалық деңгей: I, II, III жүлделі орындар-тиісінше 10 балл, 8 балл, 6 балл;
халықаралық деңгей: I, II, III жүлделі орындар-тиісінше 13 балл, 11 балл, 9 балл

12)

Балалар үйлері, отбасы үлгісіндегі балалар үйлері, жетім балалары бар жасөспірімдер үйлері тәрбиешілерінің (әлеуметтік аналардың) тәрбиеленушілерге жағдай жасау және оларды әлеуметтік қолдауды ұйымдастыру жөніндегі жұмысы:
Тәрбиешінің (әлеуметтік ананың) ұйымда тұруы
Тәрбиешінің (әлеуметтік ананың) білім беру ұйымы басшылығынан оң ұсыныс хаттардың болуы
Тәрбиешінің (әлеуметтік ананың) әлеуметтік педагогтен оң ұсыныс хаттардың болуы
Тәрбиеленушілерді соңғы екі жылда үйірмелерде, секцияларда толық жұмыспен қамту
Тәрбиеленушілерде соңғы екі жылда құқық бұзушылықтардың болмауы

1) 5 жылдан астам - 1 балл,
2) 6 жылдан астам - 2 балл,
3) 7 жылдан астам - 3 балл,
4) 8 жылдан астам - 4 балл,
5) 9 жылдан астам - 5 балл,
6) 10 жылдан астам және одан жоғары - 6 балл
2 балл
2 балл
3 балл
5 балл

Педагогикалық және ғылыми тәжірибені жинақтау, тарату, пайдалану

13)

Әдістемелік құжатты, оның ішінде әдістемелік ұсынымдарды, ОӘК және тиісті ОӘК бекіткен басқа да әдістемелік құжаттарды әзірлеу

Облыстық деңгейдегі ОӘК – әрбір әдістемелік құжат үшін 1 балл, ОӘК үшін 1,5 балл;
ОӘК республикалық деңгейде – әрбір әдістемелік құжат үшін 2 балл, ОӘК үшін 2,5 балл;
(бірлескен авторлар болған жағдайда, балдар әр бірлескен авторға бөлінеді)

14)

Біліктілікті арттыру курстарында сабақ бергенін растайтын құжат

Аудандық деңгейдегі БАК - 1 балл;
Облыстық деңгейдегі БАК - 2 балл;
Республикалық деңгейдегі БАК - 3 балл

15)

Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған журналдарда педагогика, білім беруді басқару, оқыту әдіснамасы бойынша мақалалардың болуы

Әрбір мақала үшін 1 балл, бұл ретте 3 балдан артық емес
(бірлескен авторлар болған жағдайда, балдар әр бірлескен авторға бөлінеді)

16)

Білім беру және (немесе) ғылыми мақсаттарға 1500 АЕК-тен кем емес сомаға халықаралық грант алу

Әр грант үшін 6 балл
(ұжымдық қатысу жағдайында балдар ұжымның әрбір мүшесіне бөлінеді)

17)

Білім беру және (немесе) ғылыми мақсаттарға 1000 АЕК-тен кем емес сомаға қазақстандық грант алу

Әрбір грант үшін 4 балл (ұжымдық қатысу жағдайында, балдар ұжымның әрбір мүшесіне бөлінеді)

18)

Мемлекеттік органдар ұйымдастырған (ұсынған) немесе олардың жәрдемдесуімен жүргізілген білім беру бағыттары бойынша ғылыми жобаларды іске асыру

Әрбір іске асырылған жоба үшін 1 балл
(ұжымдық қатысу жағдайында балдар ұжымның әрбір мүшесіне бөлінеді)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет