Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2013 жылғы 08 тамыздағы № 324 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 28 тамызда № 8676 тіркелді.
Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 28.04.2015 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 85) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 14.07.2023 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық көтермелеу жүйесі бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 28.04.2015 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Білім және ғылым қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 20 қарашадағы № 373-К бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 27 қарашада № 5008 тіркелген, "Заң газеті" газетінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 57 (1480) санында жарияланған);
2) "Білім және ғылым қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 20 қарашадағы № 373-к бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 8 шілдедегі № 153-к бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 10 шілдеде № 5718 тіркелген, "Заң газеті" газетінің 2009 жылғы 14 тамыздағы № 123 (1546) санында жарияланған).
3. Әкімшілік департаменті (Ғ.А. Оспанқұлов):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсына орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жауапты хатшы Ә.Қ. Ғалымоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің
міндетін атқарушы
|
М. Орынханов
|
|
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2013 жылғы 8 тамыздағы
№324 бұйрығымен бекітілген
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық көтермелеу жүйесі
Ескерту. Жүйе жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 29.07.2021 № 372 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық көтермелеу жүйесі (бұдан әрі – Көтермелеу жүйесі) қызметкерлердің, жұмыскерлердің және өзге де тұлғалардың (бұдан әрі – тұлғалар) қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны, шығармашылық белсенділігі, мінсіз қызметі, білім және ғылым саласын дамыту бойынша басқа да жетістіктері мен сіңірген еңбегі үшін, сондай-ақ студенттердің (бұдан әрі –студенттер) әлеуметтік бағытталған, қоғамдық-пайдалы қызметі үшін көтермелеу және ынталандыру рәсімін нақтылайды.
2. Көтермелеу жүйесі мынадай көтермелеулерден (бұдан әрі – Көтермелеу) тұрады:
1) осы Көтермелеу жүйесіне 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Білім және ғылым министрінің Алғысы";
2) осы Көтермелеу жүйесіне 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Білім және ғылым министрлігі мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкеріне Алғыс";
3) осы Көтермелеу жүйесіне 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасы";
4) осы Көтермелеу жүйесіне 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Білім және ғылым министрлігі мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкеріне Құрмет грамотасы";
5) "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқу iсiнiң үздiгi" құрмет дипломы;
6) "Орта білім беру iсiнiң үздiгi" құрмет дипломы;
7) "Қосымша білім берудің үздігі" құрмет дипломы;
8) "Техникалық және кәсiптiк білім беру iсiнiң үздiгi" құрмет дипломы;
9) "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру iсiнiң үздiгi" құрмет дипломы;
10) "Білім және ғылым министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері" құрмет дипломы;
11) "Ы.Алтынсарин" төсбелгісі;
12) "Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісі.
13) "Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісі.
3. Көтермелеумен марапаттаудың мынадай реттілігі (бұдан әрі – Реттілік) белгіленеді):
1) білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтер үшін:
"Білім және ғылым министрінің Алғысы";
"Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасы";
"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқу ісінің үздігі" немесе "Орта білім беру ісінің үздігі" құрмет дипломы немесе "Қосымша білім берудің үздігі", "Техникалық және кәсіптік білім беру ісінің үздігі" немесе Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ісінің үздігі" құрмет дипломы;
"Ы. Алтынсарин" төсбелгісі;
2) әдістемелік сүйемелдеуді немесе білім беру қызметін ұйымдастыруды жүзеге асыратын педагогтер, зейнеткерлер, еңбек ардагерлері, білім беруді дамытуға үлес қосқан өзге де адамдар үшін:
"Білім және ғылым министрінің Алғысы";
"Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасы";
"Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісі;
3) ғылыми қызметкерлер, ғылымның дамуына үлес қосқан өзге де адамдар үшін:
"Білім және ғылым министрінің Алғысы";
"Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасы";
"Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісі;
4) Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) және оның қарамағындағы ұйымдардың (білім беру ұйымдарын қоспағанда) қызметкерлері үшін:
"Білім және ғылым министрлігі мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкеріне Алғыс";
"Білім және ғылым министрлігі мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметіне Құрмет грамотасы";
"Білім және ғылым министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері" құрмет дипломы.
"Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісі,
4. Реттілікке сәйкес алдыңғы көтермелеу болмаса, онда бұл тұлға Көтермелеудің келесі түріне ұсынылмайды.
Тұлға "Білім және ғылым министрінің Алғысымен" және "Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен", "Білім және ғылым министрлігі мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкеріне Алғысымен", "Білім және ғылым министрлігі мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкеріне Құрмет грамотасымен" осы Көтермелеудің бар болуына не басқа Көтермелеудің реттілігі бойынша неғұрлым жоғары марапаттардың болуына қарамастан бірнеше рет марапатталуы мүмкін.
5. Марапаттау туралы материалдарды қарау үшін Министрліктің аппарат басшысының бұйрығымен Министрлік комиссиясы (бұдан әрі – Министрлік комиссиясы) құрылады.
2-тарау. Көтермелеу үшін материалдарды енгізу және (айыру) тәртібі
5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім беруді басқару органында оның басшысының бұйрығымен мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, қосымша білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін Көтермелеулермен марапаттауға материалдар енгізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Өңірлік комиссия) құрылады.
6. Өңірлік комиссия мүшелері тақ саннан тұрады, оның құрамына білім беруді басқару органының, педагогикалық қоғамдастықтың, әдістемелік орталықтардың (кабинеттердің) өкілдері, жергілікті өкілді органның депутаттары, білім беру саласындағы коммерциялық емес және (немесе) кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, педагогтер қатарындағы еңбек ардагерлері кіреді.
7. Облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың тиісті білім басқармасының кадр қызметі Өңірлік комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Білім беру ұйымында педагогикалық кеңес болмаған жағдайда материалдарды педагогтердің жалпы жиналысы енгізеді.
8. Өңірлік комиссия мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, қосымша білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңестері, қоғамдық бірлестіктер, білім беру саласындағы кәсіподақ ұйымдары енгізген мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, қосымша білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін тұлғаларды көтермелеумен марапаттауға арналған материалдарды қарайды.
9. Ұлттық мереке – "Тәуелсіздік күні", кәсіби мерекелер – "Білім күні", "Еңбек күні" және "Мұғалімдер күні" мерекелеріне дейін 70 күннен кешіктірмей тиісті ұйымдар (органдар) Өңірлік комиссияның жұмыс органына білім беру ұйымдары келесі материалдарды:
1) педагогикалық кеңес отырысы (білім беру ұйымы педагогтерінің жалпы жиналысының) хаттамасының қосымшасына сәйкес Көтермелеумен марапаттауға ұсынысты;
2) осы Көтермелеу жүйесіне 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі марапаттау парағын (бұдан әрі – марапаттау парағы) жібереді.
Сондай-ақ, қажет болған жағдайда Өңірлік комиссияның жұмыс органының сұрауы бойынша растайтын құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады. Өңірлік комиссияның жұмыс органы осы құжаттардың көшірмесін алып, жазбаша растайды және оларды ұсынған тұлғаларға дереу қайтарады.
Білім беруді басқару органдарында және (немесе) білім беру ұйымдарында жиырма бес жылдан астам мінсіз жұмыс істеген және "Білім және ғылым министрінің Алғысымен" марапатталуға үміткер педагогтерге қатысты педагогикалық кеңес отырысының (педагогтердің жалпы жиналысы) хаттамасымен, жұмыс өтілін растайтын құжаттармен, сондай-ақ награда парағымен қоса тиісті ұсыным енгізіледі.
10. Өңірлік комиссияның жұмыс органы 10 жұмыс күні ішінде енгізілген құжаттардың қойылған талаптарға сәйкестігіне білім беру ұйымы ұсынған енгізген құжаттардың толықтығын мен дұрыстығын тексереді, нәтижелері бойынша Өңірлік комиссияның қарауына толық және дұрыс құжаттарды ұсынған адамдардың ұсынымдарын енгізеді.
11. Өңірлік комиссияның отырысы комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды болып табылады. Комиссия отырысы Өңірлік комиссияның жұмыс органында бір жыл бойы сақталатын аудио және (немесе) бейне жазбаларда тіркеледі.
12. Өңірлік комиссия Ұлттық мереке – "Тәуелсіздік күні", кәсіби мерекелер – "Білім күні", "Мұғалімдер күні", "Ғылым қызметкерлері күні", "Еңбек күні" мерекелеріне дейін 45 жұмыс күнінен кешіктірмей Министрлікке:
1) педагогикалық кеңес отырысы (білім беру ұйымы педагогтерінің жалпы жиналысы) хаттамасының қосымшасына сәйкес тұлғаны көтермелеумен марапаттау туралы ұсынысты;
2) марапаттау парағын енгізеді.
13. Ғылыми ұйымдардың, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми кеңесі ғылымды, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін Ұлттық мереке – "Тәуелсіздік күні", кәсіби мерекелер – "Білім күні", "Мұғалімдер күні", "Ғылым қызметкерлері күні", "Еңбек күні" мерекелеріне дейін 45 жұмыс күнінен кешіктірмей Министрлікке:
1) тиісті ғылыми ұйымдардың, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының кадр қызметі растаған құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, көтермелеумен марапаттау туралы ұсынысты;
2) марапаттау парағын енгізеді.
Көтермелеу жүйесінің 43-тармағында көрсетілген адамдарға қатысты жұмыс өтілін растайтын құжаттар қоса берілген ұсыным енгізіледі.
14. Ғылыми ұйымдардың, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшылығы мен кадр қызметі Министрлікке енгізілетін құжаттардың толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.
15. Министрліктің, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың, Министрліктің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің - аумақтық органдардың басшылары мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, қосымша білім беруді, ғылымды, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін ұлттық мереке – "Тәуелсіздік күні", кәсіби мерекелер – "Білім күні", "Мұғалімдер күні", "Ғылым қызметкерлері күні", "Еңбек күні" мерекелеріне дейін 45 жұмыс күнінен кешіктірмей өзінің (жетекшілік ететін) жұмыс бағыты бойынша тұлғаға (тұлғаларға) қатысты Министрліктің кадр қызметіне:
1) басшы куәландырған растайтын құжаттарды, марапаттауға енгізілетін материалдарды қоса бере отырып, тиісті көтермелеумен марапаттау туралы ұсынысты;
2) марапаттау парағын енгізеді.
16. Министрліктің басшылығы, құрылымдық бөлімшелердің басшылары өздері Министрліктің кадр қызметіне жіберетін материалдар мен мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.
17. Министрлікте Көтермелеумен марапаттау бойынша ұсыныстарды қарау үшін мүшелері тақ саннан тұратын Комиссия құрылады.
18. Комиссия аппарат басшысынан, құрылымдық бөлімшелердің басшыларынан тұрады.
19. Министрліктің кадр қызметі Министрлік комиссиясының жұмыс органы болып табылады.
20. Министрлік комиссиясының жұмысшы органы қажетті құжаттарды дайындайды және Көтермелеумен марапаттау туралы мәселені Комиссияның қарауына шығарады.
21. Көтермелеумен марапаттау баллдарды есептеу негізінде, бұл мәселе Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмаларынан туындаған жағдайда – оны Комиссияның қарауына шығармай жүзеге асырылады.
Жұмыс органы наградтауға әрбір кандидатты көтермелеу жүйесінің 6-қосымшасына сәйкес жұмыс көрсеткіштері (бұдан әрі-көрсеткіштер) бойынша қарайды және материалдарды Комиссияның қарауына енгізеді.
22. Министрлік комиссиясы жұмысшы органы енгізген материалдарды қарау нәтижелері бойынша Көтермелеумен марапаттау туралы материалдар енгізілген сәттен бастап бір ай ішінде ашық дауыс беру арқылы шешім қабылдайды. Егер Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, шешім қабылданды деп есептеледі.
23. Министрлік комиссиясының шешімдері хаттамамен ресімделеді. Комиссия отырысы аудио - және (немесе) бейне - жазбаларға тіркеледі, олар Министрлік комиссиясының жұмыс органында бір жыл бойы сақталады. Дауыстар тең болған жағдайда, Министрлік комиссиясының төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
24. Министрлік комиссиясы хаттамамен ресімделетін мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) Көтермелеумен марапаттау туралы ұсынысты қанағаттандыру;
2) Көтермелеумен марапаттау туралы ұсыныстан бас тарту.
25. Көтермелеуді тапсыруды Министрліктің аппарат басшысы немесе оның тапсырмасы бойынша басқа да лауазымды тұлғалар салтанатты жағдайда жүргізеді және Көтермелеулерді тапсыру және марапатталушының жеке өзіне тапсырылады.
26. Әрбір марапатталған адамға төсбелгіні тапсырумен бір мезгілде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі қол қойған Көтермелеу жүйесіне 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті куәлік беріледі.
Әрбір Көтермелеудің сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – Сәйкестендіру нөмірі) болады. Сәйкестендіру нөмірі 12 цифрдан тұрады және төрт бөліктен тұрады:
1) бірінші бөлім - 2 цифрдан тұрады жәнесоңғы 2 цифры марапаттау жылын қамтиды;
2) екінші бөлім - бір цифрдан тұрады және соған байланысты тұлға марапатталған мерекені білдіреді; мерекелердің мынадай мәндері белгіленеді:
Тәуелсіздік күні - 1;
Мұғалімдер күні - 2;
Ғылым қызметкерлері күні - 3;
Еңбек күні - 4;
3) үшінші бөлік бір цифрдан тұрады және мынадай салаларды білдіреді:
мектепке дейінгі тәрбие және оқыту - 1;
бастауыш білім беру - 2;
жалпы, негізгі орта білім беру (техникалық және кәсіптік білім беруді қоспағанда) - 3;
қосымша білім беру-4;
жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар-5;
орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру - 6;
жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім - 7;
ғылым және ғылыми-техникалық қызмет – 8;
Министрліктің және оның қарамағындағы ұйымдардың қызметкерлері (білім беру ұйымдарын қоспағанда) – 9;
4) төртінші бөлік алты цифрдан тұрады және мынадай реттік нөмірді қамтиды.
"Білім және ғылым министрінің Алғысы" – 01;
"Білім және ғылым министрлігі мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкеріне Алғысы" - 02;
"Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасы" – 03;
"Білім және ғылым министрлігі мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкеріне Құрмет грамотасы" - 04;
"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқу iсiнiң үздiгi" құрмет дипломы - 05;
"Орта білім беру iсiнiң үздiгi" құрмет дипломы - 06;
"Қосымша білім берудің үздігі" құрмет дипломы - 07;
"Техникалық және кәсiптiк білім беру iсiнiң үздiгi" құрмет дипломы - 08;
"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру iсiнiң үздiгi" құрмет дипломы - 09;
"Білім және ғылым министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері" құрмет дипломы құрмет дипломы - 10;
"Ы. Алтынсарин" төсбелгісі - 11;
"Білім беру ісінің құрметті қызметкері төсбелгісі - 12;
5) бесінші бөлік алты саннан тұрады және реттік нөмірді қамтиды.
27. Көтермелеуден айыру туралы мәселені шешу үшін Министрліктің кадр қызметіне мынадай құжаттар ұсынылады:
1) айыру туралы ұсыныс;
2) мемлекеттік органдарға кір келтіретін теріс қылық жасағаны, қызметтік әдепті бұзғаны үшін қызметтен шығару туралы бұйрықтың көшірмесі немесе соттың айыптау үкімінің көшірмесі қоса беріледі.
Көтермелеуден айырылған адам Министрлік аппараты басшысының тиісті бұйрығы қабылданған күннен бастап бір ай ішінде оны мемлекеттік органға қайтарады.
Марапатталған адамдардың тізімі бұйрықтың күні мен нөмірі көрсетілген қатаң есептілік бланкілерінде Көтермелеумен марапаттау туралы бұйрық қабылданған күннен бастап 15 күн ішінде Министрліктің Интернет-ресурсында жарияланады.
Министрліктің Персоналды басқару қызметі қатаң есептілік бланкілерінде бұйрықтың күні мен нөмірі, сәйкестендіру нөмірі көрсетілген Көтермелеудің бірыңғай электрондық есебін (бұдан әрі – Бірыңғай электрондық есепке алу) жүргізеді. Министрліктің ресми Интернет-ресурсы Бірыңғай электрондық есепке ашық қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
28. Төсбелгілердің телнұсқалары, сондай-ақ оларға құжаттардың телнұсқалары ол жоғалған (жоғалған, ұрланған, бүлінген) жағдайда Министрлік комиссиясының шешімі бойынша берілуі мүмкін.
29. Көтермелеулердің және оларға құжаттардың телнұсқаларын беру туралы мәселені шешу үшін Министрліктің кадр қызметіне мынадай құжаттар ұсынылады:
1) жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
2) өтініш иесінің марапатталғанын растайтын құжаттардың көшірмелері;
3) бұрын өтініш берушіге қатысты марапаттау жөніндегі материалдарды жіберген органдардың немесе ұйымдардың анықтамасы;
30. "Ы. Алтынсарин", "Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін", "Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгілері жоғалған кезде өтінішке марапаттау туралы куәліктің түпнұсқасы (бар болса) қоса беріледі.
Марапаттау туралы куәліктің телнұсқасы "Телнұсқа" деген сөз жазылып, қолданыстағы үлгідегі бланкілерде жазылады.
3-тарау. Көтермелеулермен марапаттау негіздері
31. "Білім және ғылым министрінің Алғысымен" адамдар қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны, шығармашылық белсенділігі, мінсіз қызметі, еңбек қызметіндегі басқа да жетістіктері және білім және ғылым саласындағы өзге де еңбегі үшін наградталады.
32. Білім және ғылым министрлігі мен оның ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының қызметкерлері "Білім және ғылым министрлігі мен оның ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының қызметкерлеріне Алғысымен" қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны, шығармашылық белсенділігі, мінсіз қызметі, еңбек қызметіндегі басқа да жетістіктері және білім және ғылым саласындағы өзге де еңбегі үшін Министрліктің және оның қарамағындағы ұйымдардың (білім беру ұйымдарын қоспағанда) қызметкерлері марапатталады. Бұл ретте аталған қызметкерде соңғы алты айда еңбек, атқарушылық тәртіпті, этиканы, ақпараттық қауіпсіздік талаптарын бұзу болмауы тиіс.
33. "Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен":
1) мінсіз қызметі, қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны, шығармашылық белсенділігі, конкурстарда, олимпиадаларда, конференцияларда, байқауларда, көрмелерде және сайыстарда табысты нәтижелері, білім және ғылым саласындағы басқа да жетістіктері мен сіңірген еңбегі үшін;
2) білім беруді басқару органдарында және (немесе) білім беру ұйымдарында және (немесе) ғылыми қызметкер ретінде 3 және одан да көп жылдан астам еңбек өтілі бар;
3) "Білім және ғылым министрінің Алғысы" бар адамдар марапатталады.
34. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және оның ведомстволық бағынысты ұйымдары Құрмет грамотасымен" Министрліктің және оның қарамағындағы ұйымдардың (білім беру ұйымдарын қоспағанда) қызметкерлері:
1) қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны, шығармашылық белсенділігі, мінсіз қызметі, еңбек қызметіндегі басқа да жетістіктері және білім және ғылым саласындағы өзге де еңбегі үшін;
2) соңғы 6 айда еңбек, атқарушылық тәртіпті, этиканы, ақпараттық қауіпсіздік талаптарын бұзбайтын адамдар;
3) Министрлікте және оның қарамағындағы ұйымдарда (білім беру ұйымдарын қоспағанда) 5 және одан да көп жыл жұмыс өтілі бар));
4) "Білім және ғылым министрлігінің және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкеріне алғысы" барлар марапатталады.
35. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқу ісінің үздігі", "Орта білім беру ісінің үздігі", "Техникалық және кәсіптік білім беру ісінің үздігі", "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ісінің үздігі" құрмет дипломымен:
1) тиісті білім беру деңгейі бойынша білім беру және тәрбие процестерін ұйымдастыру мен жетілдірудегі, оқыту мен тәрбиелеудің біртұтастығын қамтамасыз етудегі, білім беру және тәрбие бағдарламаларын іске асырудағы елеулі табыстары, оқушыларды, тәрбиеленушілерді практикалық даярлау ісіндегі, олардың шығармашылық белсенділігін дамытудағы табыстары, олардың облыстық (аудандық), республикалық, халықаралық білім беру бағдарламалары мен жобаларындағы жетістіктері үшін;
2) тиісті деңгейдегі білім беру ұйымдарын мемлекеттік басқарумен байланысты білім беруді басқару органдарында және (немесе) тиісті деңгейдегі білім беру ұйымдарында жұмыс өтілі 10 жылдан астам;
3) "Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасы" бар";
4) "педагог-зерттеуші" немесе "педагог-шебер" біліктілік санаты бар адамдар марапатталады.
36. "Білім және ғылым министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері" құрмет дипломымен Министрліктің және оның қарамағындағы ұйымдардың (білім беру ұйымдарын қоспағанда) қызметкерлері:
1) қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны, шығармашылық белсенділігі, мінсіз қызметі, еңбек қызметіндегі басқа да жетістіктері және білім және ғылым саласындағы өзге де еңбегі үшін;
2) соңғы 6 айда еңбек, атқарушылық тәртіпті, этиканы, ақпараттық қауіпсіздік талаптарын бұзбайтын адамдар;
3) Министрлікте және оның қарамағындағы ұйымдарда (білім беру ұйымдарын қоспағанда) 10 және одан да көп жыл жұмыс өтілі бар;
4) "Білім және ғылым министрлігінің және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының Құрмет грамотасы" бар адамдар марапатталады.
37. "Ы. Алтынсарин" төсбелгісімен:
1) білім беру және тәрбие процестерін ұйымдастыру мен жетілдірудегі, оқыту мен тәрбиелеудің біртұтастығын қамтамасыз етудегі, білім беру және тәрбие бағдарламаларын іске асырудағы елеулі табыстары, оқушыларды, тәрбиеленушілерді практикалық даярлау ісіндегі, олардың шығармашылық белсенділігін дамытудағы табыстары, олардың облыстық (аудандық), республикалық, халықаралық білім беру бағдарламалары мен жобаларындағы жетістіктері үшін;
2) білім беруді басқару органдарында және (немесе) білім беру ұйымдарында 10 жыл және одан да көп еңбек өтілі бар тұлғалар марапатталады.
38. "Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісімен:
1) оқушылардың, тәрбиеленушілер мен студенттердің дербестігін дамытуды, оларды оқытуды дараландыруды, білім алушылардың ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық қызметіне жетекшілік етудегі табыстарды, өңірлік, республикалық, халықаралық білім беру және ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардағы жетістіктерді, білім берудің өзекті проблемалары бойынша зерттеулерді қамтамасыз ететін оқу процесіне енгізілген сабақтарды ұйымдастырудың және өткізудің, білімді бақылаудың белсенді нысандары мен әдістері және жаңа интерактивті технологиялар үшін, оқытушы кадрларды даярлауға және олардың педагогикалық және ғылыми біліктілігін арттыруға, білім беру жүйесінің мамандарын қайта даярлауға сіңірген еңбегі, оқу әдебиетін әзірлеудегі, оқу құралдары мен жабдықтарын өндірудегі жетістіктері, қаржы-шаруашылық қызметті ұйымдастырудағы, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық, эксперименттік-өндірістік базасын дамыту мен нығайтудағы табыстары үшін;
2) білім беруді басқару органдарында және (немесе) білім беру ұйымдарында және (немесе) ғылыми қызметкер ретінде он жылдан астам жұмыс өтілі бар және жоғары не бірінші біліктілік санаты бар ("педагог-зерттеуші" немесе "педагог-шебер", бірінші немесе екінші біліктілік санаты бар білім беру ұйымының басшысы) тұлғалар марапатталады.
39. "Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісімен:
1) отандық ғылым мен техниканы әлемдік жетістіктер деңгейіне шығаруға ықпал ететін іргелі және қолданбалы зерттеулер саласындағы маңызды нәтижелері, ғылымның, техника мен мәдениеттің басым бағыттары бойынша халықаралық, республикалық, өңірлік және басқа да ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асырудағы жетістіктері, жаңа техника мен технологияларды жасауға және қолданыстағыларын жетілдіруге ірі үлес қосатын өнертабыстары, үлкен практикалық маңызы бар әзірленген жаңа технологиялары, ғылым мен мәдениеттің қазіргі заманғы жетістіктері тұрғысынан ғылыми-зерттеу процесін ұйымдастыру мен жетілдірудегі елеулі жетістіктері, ғылыми кадрларды даярлау мен олардың біліктілігін арттырудағы жоғары жетістіктері, қаржы-шаруашылық қызметтің ғылыми саласын басқаруды ұйымдастырудағы, ғылымның материалдық-техникалық және эксперименттік-өндірістік базасын нығайту мен дамытудағы жоғары жетістіктері үшін;
2) 10 және одан көп жыл жұмыс өтілі бар ғылыми қызметкерлер марапатталады.
40. Бір марапаттау белгісімен немесе құрмет дипломымен қайта марапаттауға жол берілмейді.
41. Азаматтарды кезекті марапаттауға ұсыну алдыңғы мараппаттау сәтінен бастап кемінде үш жыл өткен соң жүргізіледі.
42. Төсбелгілер кеуденің оң жағына тағылады. Нысаны мен мөлшері бойынша медальдарға арналған тағандарға сәйкес келетін тағандар болған кезде төсбелгілер кеуденің сол жағына тағылады.
43. "Білім және ғылым министрінің Алғысы" көтермелеуімен білім беруді басқару органдарында және (немесе) білім беру ұйымдарында жиырма бес жылдан астам мінсіз жұмыс істеген педагогтер наградталады.
44. Көтермелеулермен марапаттау "Тәуелсіздік күніне", Кәсіби мерекелерге – "Білім күніне", "Мұғалімдер күніне", "Ғылым қызметкерлері күніне", "Еңбек күніне" орай, сондай-ақ тұлғалардың мерейтойлық күндеріне орай жүргізіледі.
45. Көтермелеу жүйесінде көзделген нақты мерекеге байланысты бір адамға марапаттауға бір ұсыныс енгізіледі.
46. Төсбелгілер "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысымен бекітілген сипаттама бойынша дайындалады.
47. Көтермелеу жүйесіне академиялық кредиттерді немесе сағаттарды есепке алуға мүмкіндік беретін студенттерге арналған кредиттер (бұдан әрі – Кредиттер) кіреді
4-тарау. Кредит беру және оны сүйемелдеудің тәртібі, шарттары
48. Кредиттер жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мүддесінде әлеуметтік бағытталған, қоғамдық пайдалы қызметті жүзеге асыратын студенттерге қызметтің мынадай түрлері бойынша беріледі:
1) инклюзивті білім беру;
2) репетиторлық (тілдер, компьютерлік сауаттылық);
3) девиантты мінез-құлықты кәмелетке толмаған балалармен жұмыс;
4) аула және спорт клубтарын ұйымдастыру;
5) балалармен, қарт адамдармен және мүгедектермен әлеуметтік жұмыс;
6) қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздік, тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау саласындағы жұмыс;
7) емдеушілерге, қарт адамдарға және мүгедектерге қызмет көрсететін мемлекеттік және жекеменшік денсаулық сақтау ұйымдарының және басқа да әлеуметтік бағыттағы ұйымдардың жұмысына қатысу;
8) волонтерлермен республикалық және қалалық іс-шараларды өткізу кезінде жергілікті жастар ресурстық орталықтарының жұмысына қатысу;
9) туризмді дамыту мақсатында экскурсиялық қызметті (мұражайларға, кітапханаларға және қаланың басқа да көрікті жерлеріне бару) ұйымдастыру кезінде туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға жұмысқа көмек көрсету;
10) халықаралық іс-шараларды (форумдар, универсиадалар, фестивальдер, спартакиадалар) ұйымдастыруға көмек көрсету;
11) жануарларға арналған панадағы жұмыс.
Әлеуметтік-бағытталған, қоғамдық пайдалы жұмыспен айналысатын студенттер 1), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 11) тармақшаларды қоспағанда оны онлайн-форматта жүзеге асыруға құқылы.
49. Студенттерге Кредиттің мынадай түрлері беріледі:
1) Көтермелеудің 48-тармағында көрсетілген қызметтің 50 сағаты үшін студенттерге білім беру ұйымы белгілеген екі академиялық кредиттің есепке алынуына және 50 000 теңге мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем алуға мүмкіндік беретін ваучер түрінде Кредит беріледі;
2) Көтермелеудің 27-тармағында көрсетілген қызметтің 50 сағаты үшін студенттерге білім беру ұйымы белгілеген бес академиялық кредиттің есепке алынуына және 50 000 теңге мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем алуға мүмкіндік беретін ваучер түрінде Кредит беріледі.
Студенттерге Көтермелеудің осы тармағында көзделген ваучер түріндегі Кредит қаржы жылы ішінде қайта берілмейді.
50. Кредитті ұйымдастыру жөніндегі оператор болып "Қаржы орталығы" акционерлік қоғамы өкілдік етеді.
51. Кредит бойынша біржолғы ақшалай төлемдерді "Қаржы орталығы" акционерлік қоғамы жүзеге асырады.
52. Студенттердің әлеуметтік бағытталған, қоғамдық пайдалы қызметіне қатысушылардың өзара іс-қимыл шарттары "Қаржы орталығы" акционерлік қоғамы әзірлейтін қосылу шартында айқындалады.
|
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым
министрлігінің салалық
көтермелеу жүйесіне
1-қосымша
|
|
Нысан
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Білім және ғылым министрінің
Алғысы
_____________________________________ жүйесін дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін
(білім беру)
______________________________________________________________________алғыс
хатпен марапатталады.
(қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
_________________________________________________ _______
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
"___" __________20 ____ жыл
|
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым
министрлігінің салалық
көтермелеу жүйесіне
2-қосымша
|
|
Нысан
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Білім және ғылым министрлігі мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкеріне
Алғысы
_____________________________________________________________________________
(Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін)
______________________________________________________________________
марапатталады.
(қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
_________________________________________________ _______
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
"___" __________20 ____ жыл
|
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым
министрлігінің салалық
көтермелеу жүйесіне
3-қосымша
|
|
Нысан
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасы
_____________________________________________________________________________
(Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін)
______________________________________________________________________ марапатталады.
(қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі _________________________________________________ _______
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
"___" __________20 ____ жыл
|
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым
министрлігінің салалық
көтермелеу жүйесіне
4-қосымша
|
|
Нысан
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Білім және ғылым министрлігі мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкеріне Құрмет грамотасы
_____________________________________________________________________________
(Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін)
______________________________________________________________________ марапатталады.
(қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі _________________________________________________ _______
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
"___" __________20 ____ жыл
|
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым
министрлігінің салалық
көтермелеу жүйесіне
5-қосымша
|
Достарыңызбен бөлісу: |