Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы


Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында жұмыс істейтін педагогтер үшін "Ы. Алтынсарин" төсбелгісі



бет4/6
Дата20.09.2024
өлшемі176,67 Kb.
#204783
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
324 бұйрық

6. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында жұмыс істейтін педагогтер үшін "Ы. Алтынсарин" төсбелгісі



Марапаттау көрсеткіштері

Балл

Жұмыс өтілі

1)

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында студенттерді оқыту және тәрбиелеу жөніндегі кәсіптік қызметті жүзеге асыратын педагогтің жұмыс өтілі

7 жылдан астам - 1 балл;
10 жылдан астам - 2 балл;
15 жылдан астам -3 балл;
20 жылдан астам - 4 балл;
25 жылдан астам - 5 балл;
30 жылдан астам жоғары - 6 балл.

Алғыстар мен марапаттардың болуы

2)

Студенттерді оқыту және тәрбиелеу жөніндегі кәсіптік қызметі үшін және (немесе) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының ғылыми қызметкері ретінде марапатталған ЖАО-ның, ұйымдардың, әлеуметтік әріптестердің, қоғамдық ұйымдардың алғыс хаттары мен құрмет грамоталарының болуы

Әр марапат үшін 1 балл, бұл ретте 3 балдан артық емес

3)

Студенттерді оқыту және тәрбиелеу жөніндегі кәсіби қызметі үшін және (немесе) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының ғылыми қызметкері ретінде "Білім және ғылым министрінің Алғысы" болуы

Әр алғыс үшін 1 балл

4)

Студенттерді оқыту және тәрбиелеу жөніндегі кәсіби қызметі үшін және (немесе) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының ғылыми қызметкері ретінде марапатталған "Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасының" болуы

Әр құрмет грамотасы үшін 3 балл

5)

"ЖОО үздік оқытушысы" атағының иегері

5 балл, атақ беру санына қарамастан

6)

"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру iсiнiң үздiгi" құрмет дипломының иегері

5 балл

7)

Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар тапсырған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және (немесе) ғылым саласындағы жетістіктері үшін сыйлықтың, наградалардың, Қазақстан Республикасы таныған шет мемлекеттер тапсырған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді және (немесе) ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін мемлекеттік наградалардың болуы.

Әр марапат немесе сыйлық үшін 3 балл

8)

Білім және (немесе) ғылым саласындағы жетістіктері үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасының немесе мемлекеттік сыйлығының болуы

Әр марапат немесе сыйлық үшін 5 балл

Ғылыми-педагогикалық қызмет

9)

Даярлау бағыттары бойынша оқу-әдістемелік бірлестік ұсынған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруге арналған оқулықты, оқу құралын әзірлеу

Әр оқулық үшін 5 балл, бұл ретте 10 баллдан артық емес
Әрбір оқу құралы үшін 2 балл, бұл ретте 4 балдан артық емес (бірлескен авторлар болған жағдайда, балдар бірлескен авторлар санына бөлінеді не жекелеген тараулар немесе бөлімдер жазылған жағдайда, онда жалпы жұмыстағы тараулардың немесе бөлімдердің үлес салмағы бойынша)

10)

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының Ғылыми кеңесі ұсынған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және (немесе) ғылым мәселелері бойынша монография шығару

Әрбір монография үшін 5 балл, бұл ретте 10 баллдан артық емес
(бірлескен авторлар болған жағдайда балдар бірлескен авторлар санына немесе жеке тараулар немесе бөлімдер жазылған жағдайда, осы тараулар беттерінің үлес салмағы немесе жалпы жұмыстағы бөлім бойынша бөлінеді)

11)

ЖОО-ның шетелдік және республикалық ұйымдармен шарты бойынша әзірленген ғылыми нәтижені енгізу

Әрбір енгізу үшін 5 балл
(ұжымдық қатысу жағдайында балдар қатысушылар санына бөлінеді)

12)

Өнеркәсіптік меншік объектілеріне халықаралық қорғау құжатының болуы

Әрбір қорғау құжаты үшін 10 балл
(тең авторлар жағдайында баллдар тең авторлар санына бөлінеді)

13)

ҚР патентінің, өнеркәсіптік меншік объектілеріне авторлық куәліктің болуы

Әр патент, куәлік үшін 7 балл
(бірлескен авторлар болған жағдайда балдар авторлар авторлар санына бөлінеді)

14)

Дәйексөз келтірілген ғылыми басылымдарда жарияланымның болуы

Санына қарамастан, жарияланымның болуы үшін Q1,Q2 – 7 балл, санына қарамастан жарияланымның болуы үшін Q3, Q4 – 5 балл (бірлескен авторлар болған жағдайда, балдар тең авторлар санына бөлінеді)

15)

Халықаралық дерекқорларда индекстелетін нөлдік емес импакт-факторы бар журналдарда мақалалардың болуы

Web of Science Core Collection – әр мақала үшін 5 балл, Scopus – әр мақала үшін 5 балл
(тең авторлар жағдайында баллдар тең авторлар санына бөлінеді)

16)

Хирш индексінің (цифр) болуы, оның ішінде:
жаратылыстану және техникалық ғылымдар үшін – 3 және одан жоғары;
әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар үшін – 1 және одан жоғары

3 балл
3 балл

17)

Диссертациялық кеңестерге мүшелік

Пікірлер санына қарамастан, мүшелікке 2 балл

18)

Қорғалған диссертациялық жұмыстарды басқару

Әрбір жұмысты басқару үшін 1 балл, бұл ретте 2 балдан артық емес есептеледі

19)

Білім беру және (немесе) ғылыми мақсаттарға 1500 АЕК-тен кем емес сомаға халықаралық грант алу

Әр грант үшін 6 балл
(ұжымдық қатысу жағдайында баллдар әр қатысушыға бөлінеді)

20)

Білім беру және (немесе) ғылыми мақсаттарға 1000 АЕК-тен кем емес сомаға қазақстандық грант алу

Әр грант үшін 4 балл
(ұжымдық қатысу жағдайында баллдар әр қатысушыға бөлінеді)



Республикалық ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларға жетекшілік жасау

Әр Бағдарламаны басқару үшін 2 балл
(егер бірнеше басшылар болса, онда ұпайлар басшылар санына бөлінеді)

21)

Гранттық қаржыландыру жобасына жетекшілік жасау

Әр Жобаны басқару үшін 5 балл
(егер бірнеше басшылар болса, онда ұпайлар жетекшілік санына бөлінеді)

Ғылыми (академиялық) дәрежесінің, ғылыми атағының болуы

22)

Магистр

1 балл

23)

PhD докторы және бейіні бойынша

3 балл

24)

ғылым кандидаты

3 балл

25)

ғылым докторы

4 балл

26)

Қауымдастырылған профессор (доцент)

3 балл

27)

Профессор

4 балл



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет