“Информатика” пәнiнiң базалық мазмұны төмендегi материалдар көлемiнде шоғырланған: ақпараттық бейнелеу, ақпараттық үрдiстер, компьютермен танысу, ақпараттық технологиялар, формальдау және модельдеу, алгоритмдеу және программалау, телекоммуникация және әлеуметтiк информатика.
11-12 сыныптарда “Информатика” пәнiн оқытудың мазмұндық желiсi қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттар бойынша қарастырылған.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша информатиканы оқыту мына бағыттар негiзiнде қарастырылған: ақпараттандыру құралдары, ақпараттық технология, телекоммуникациялық желi, әлеуметтiк информатика. Мұнда оқу материалдары информатиканың және ақпараттық технологиялардың гуманитарлық қызмет саласында қолданылу мүмкiндiктерiмен байланыстырылып қарастырылады.
Жаратылыстану-математикалық бағыттар бойынша информатиканы оқыту мына бағыттар негiзiнде қарастырылған: теориялық информатика, ақпараттандыру құралдары, ақпараттық технология, әлеуметтiк информатика. Мұнда оқу материалдары теориялық информатиканың және ақпараттық технологиялардың жаратылыстану-математикалық бағыттарда қолданылу мүмкiндiктерiмен байланыстырылып қарастырылады. Сонымен қатар, программалау тiлдерi тереңдетiлiп, оқытылады.
Информатика” оқу пәнiнiң базалық мазмұны (БМ) – оқу пәнiнiң мектепте мiндеттi түрде оқытылуы тиiс және үздiксiз бiлiм берудiң келесi сатылары мен деңгейлерiнде информатиканы оқуды жалғастыру үшiн жеткiлiктi болатын мазмұнының құрамы мен құрылымы.
«Информатика» курсының пән ретінде оқу жүктемесінің көлемі – 7-11 сыныптарда аптасына 1 сағат, оқу жылына есептегенде 34 сағат. «Информатика» курсының оқу жүктемесі негізгі басқышта (7, 8, 9 сыныптар) – оқу жылына 34 сағат, аптасына 1 сағаттан, барлығы 102 сағат; жоғары басқышта оқыту бағытына байланысты: қоғамдық-гуманитарлық бағытта – жыл бойына 34 сағат, аптасына 1 сағаттан, барлығы 68 сағат; ал жаратылыстану-математикалық бағытта жыл бойына 34 сағаттан, аптасына 1 сағаттан, барлығы 68 сағат болып бекітілген.
Достарыңызбен бөлісу: |