Қазақстан Республикасы білім және ғылым минситрлігі
«№17 Байқоңыр ЖББМ» КММ-сі
Ғылыми жоба тақырыбы:
Жылқының пайдасы
Орындаған:
Қабылдаған:
2020-2021 оқу жылы
Аннотация
Алты мың жылдық тарихы бар жылқы малынан, адамзат баласының денсаулығына тигізетін пайдасы көп екендігі жеткізілген. БАҚ-ның жарыса жазған қымызды немістер потенттеп алды деген ақпараттарын жете зерттеп, ашып айтқан. Жылқының пайдасы жайлы барлық адамзаттың білулерін мақсат еткен жобада баспасөзден, интернеттен, кітаптардан танымды материалдарды білуге мүмкіндік болды.
Мазмұны
І. Кіріспе..................................................................................................................4
– Мақсаты................................................................................................................5
– Өзектілігі..............................................................................................................5
ІІ. Негізгі бөлім.......................................................................................................6
2.1 Жылқының тарихы...........................................................................................6
2.2. Ер қанаты – ат .................................................................................................6
2.3. Жылқының қасиеті..........................................................................................7
2.4. Жылқы етінің адам ағзасына пайдасы...........................................................9
2.5. Жылқы сүтінің пайдасы.................................................................................10
ІІІ. Қорытынды......................................................................................................12
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................13
Кіріспе
Ерте заманнан бері төрт түліктің «төресі» аталған қасиетті түліктің бірі қазақ халқы үшін жылқы малының орны ерекше.
Қолға үйретіліп, адамзат баласының қажетіне жаратқан жылқы түлігі еңқасиетті, ең қадірлі малы. Өйткені ұланғайыр даланың, ұлан байтақ өлкеніңтыныс-тіршілігі, өмір салты, өнер білімі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, салтанаты,бүкіл мәдениеті жылқытүлігімен тығыз байланысып жатады.
Жылқы мінсе көлік, жесе ет, ішсе сусын. Жылқы еті де, сүті де, қаныда, терісі де дәрі. Қазақ халқы ат десе ішкен асын жерге қояды. Жылқыныңдүбіріне, күліктің күмбірінеқұлақ қойып елең етпес қазақ жоқ.Жылқы - өзінің әу бастағы қайталанбас қалпын күні бүгінге дейінжоғалтпай келе жатқан аңыздарға арқау, ертегілердің ең сүйікті кейіпкері,үзілмес желі болған сипаты бөлекше жаратылған жануар. Қазақ үшінжылқының ерекше: Тайбурыл, Шалқұйрық, Керқұла, Бозайғыр, Құлагер сияқты аттар қазақ ертегілері мен жырларының, әндерінің алтын арқауына айналған.
Ата-бабаларымыз жылқыға жүзденжүйрік, мыңнан тұлпар, он мыңнан қазанат деп батасын беріп, әділ бағасын берген. Батырларымыздың бес қаруының бірі болған елін, жерін ата-жаумен алысқандағы серігі болған,небір өткен тарихымыздан білеміз. Жылқы біздің ұлттық мәдениетіміз,тарихымыз. Жылқы түлігі туралы таным – түсінігімізді байыту, бүгінгікүннің талабы екенін білеміз, бүкіл қазақ баласының қиялын тербеп,мықтылыққа, сұлулыққа тәрбиеледі.
Жылқы қазақ даласының екінші есімі еді ғой. Осынша даланы меңгеруүшін, осынша шалғайлықты қаусыру үшін тек аттың ғана жалы мен белі,тұяғындағы желі керек болады. «Ер қанаты - ат», «Ат жалын тартып мінген»,«Ат тұяғын тай басар», «Ат жетпейтін жер жоқ» - деген секілді даланыңөзіндей шетсіз, шексіз қанатты сөздер ғасырлар бойы халық жадындасақталып келеді. Қысқасы, қазақтың екі сөзінің бірі - ат туралы болатын.Өзінің ұлттық тарихында бүкіл тұрмыс-тіршілігі тек қана атқа байланыстыжылқы малына қатынасты ел қазақтан өзге кемде-кем.
Тарихи деректер бойынша адам баласы жылқыны біздің жылсанауымызға дейінгі 3-4 мың жыл бұрын қолға үйреткен. Негізгі отаныШығыс Еуропаның далалы аймағы, Орталық Азия және Қазақстан алқабыдеп саналады. Қолға үйретілген жылқы малының арғы тегі жабайыжылқылар – Тарпаң мен Керқұлан деп есептеледі.
Халқымыз атты өсуіне қарай: құлын, тай, құнан, дөнен, бесті болыпбөледі. Ал, реңіне қарай: қылаң, қызыл, қара, боз, көк, ала, торы, құла, жирен,сұр, күрең, бурыл, шабдардеп түсін ажыратқан.
Қазақ жылқысының тұқымдары ертеден белгілі болған. Олар өсіп-өнуортасына қарай әртүрлі болып келеді. Қазақ жылқысы онша іріболмағанымен, шымырлық, еттілік, сүттілік, күш-көліктік жағынан жақсы жетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |