Қазақстан Республикасы білім және ғылым минситрлігі «№17 Байқоңыр жббм» кмм-сі


Жылқы етінің адам ағзасына пайдасы



бет5/6
Дата14.12.2021
өлшемі29,26 Kb.
#126301
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ғылыми жоба
ғылыми, Дастан Жадыра ФОК-300. Реферат, Дастан Жадыра ФОК-300. Реферат, Дастан Жадыра ФОК-300. Реферат, Дастан Жадыра ФОК-300. Реферат, Дастан Жадыра ФОК-300. Реферат, Дастан Жадыра ФОК-300. Реферат, Дастан Жадыра ФОК-300. Реферат, Дастан Жадыра ФОК-300. Реферат, Дастан Жадыра ФОК-300. Реферат, Дастан Жадыра ФОК-300. Реферат, Дастан Жадыра ФОК-300. Реферат, ғылыми жоба, ғылыми жоба
2.4. Жылқы етінің адам ағзасына пайдасы.

Қазақ халқы үшін ең қасиетті болып саналатын малы – жылқы екендігі белгілі. Еті мен сүті – шипа, өзі көлік, ер-батырларымызға серік жануардың итұқымын жоғалтпау елімізде мықтап қолға алынған.

Барлық түліктен де жылқы өсіру жеңіл. Жылқыны бағып-қағуда артық шығын шықпайды, еті де сүті де өте арзанға түседі. Жылқы етінің арзандығы өз алдына, қазақ халқы үшін ол аса қадірлі тағам. Ғылыми орындардың арнаулы зерттеулері бойынша, жылқының қара етінің қоректік қасиеті орта есеппен сапалы сиыр етімен тең, бірақ жылқы етінде сиырдың етінен бөлек 24-25 % көп болады. Сондықтан ол қорытуға жеңіл, сіңімі тез. Жасы толған семіз жылқы 10-12 қойдың етін береді. Қазіргі кезде жылқы етінен жасалған қазы-қарта, жал-жаяны білмейтін адам сирек, қай жерде де бұл тағамдарүлкен сұраныста болып отырғаны аян. Көп ауруларға ем болып саналатын жылқы етінің қасиетінжинастырып,назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік.

Басты қасиеті: жүрек, қан, тамыр ауруларына: суық райлы адамдар үшін, бүйрек жұмысын жақсартуға, мүшелердің қалтылдағына, буынсүйектерді жібітуге қолданылады.

Басты ем болатын аурулары және қолданылуы: Шаш қарайтуға жылқы еті жуылған суға шашты жуып тұрса, таз, теміреткінің салдарынан ағарған шашты қарайтады. Ұмытшақтыққа жылқы жүрегін қуырып жесе пайдалы болады. Бүйректі қуаттандыруға жылқы етін қақтап пісіріп, сүтпен бірге ішіп-жейді. Қан тамыр ауруларына, холестериннің артуынан болатын жүрек, қан тамыры ауруларына: жылқы етін және майын біршама ұзақ уақыт лайықты мөлшерде тұтынса, холестеринді төмендетіп, қан қысымының жоғарылауын тежейді. Қиюласпаған сүйектерді, орнына дұрыс түспеген буындарды түзетуге: қазақ оташылары жоғарыдағыдай кінәраттарды өңдау үшін көбінесе жылқы майынқолданады. Бүйе шыққанда: Уытты қайтару үшін, атты қатты терлетіп, ер-тоқымының ішпегіне сіңген терді суға жуып шығарып алып, тыныстай алмай қатты қызып, күйіп-жанып жатқан адамға даярланған судан бір шыны ішкізеді. Осылайша жалғастырып бірнеше шыны ішкізсе, дене қызуы қайтып, науқас тынышталады және аттың терісіне шүберекті шылап, жарағатартады. Халық аузында «жылан жылқының тері иісінен қорқады» дейтін сөз бар. Жылан шағудан сақтану үшін жолаушы жүріп немесе мал, егін күзетінде жүріп, далада ұйықтайтын болса, ерді жастанып, тоқымды төсеніп, айыл-тұрманды қоршапқойса жылан жоламайды.

Әзірлеу әдісі: Жылқының ерітілмеген немесе ерітілген майын мертігіп орнына түспеген жерге 5-7 күн тартады. Сылап жақса да болады. Осы арқылы ілінген шеміршек сүйек немесе буындар жібіген мөлшерлі уақыты толғанда қайта сындырып,түзеп таңады. Керек мөлшері: 9-15 грамм. Құрамында А,С дәрумендері, тұқымында: май, ұшқыш май, ет сілтісі, органикалық қышқылдары бар. Міне, бұл кеңестерді үнемі жаныңызға жиып, қажетіңізге жаратуыңызғабіздің септігіміз тиіп жатса, қуаныштымыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет