2.5. Жылқы сүтінің пайдасы.
Жылқының бір қасиеті – сүтінде. Бие сүтінен қымыз ашытады. Қазақтың ертедегі көшпелі өмірінде ауруға ем болып, сауға қуат берген осы қымыз. Бие сүтінде қант көбірек болады, оны жаңа сауған сүттің дәмін татыпбілуге болады. Қымыздың құрамына кіретін түрлі заттардың бәрі де адамның бойына жақсы сіңеді. Бие сүтінде “ С” витамині мол болады. Сондықтан оның емдік қасиеттері, әсіресе туберкулез ауруынан емдеу үшін айрықша жоғары. Сондықтан да туберкулезді қымызбен емдейтін ең алғашқы курорт 1858 жылы Самара қаласының маңында ашылған екен. Оны ұйымдастырушы В. Толстиков деген дәрігер: “қымыз асқазанды ыстап, адамның өзін әлдендіреді,оның тәнін жаңғыртады” – деп жазған екен. Халық арман еткен сол қымыз қазір де елдің қалаулы тағамы болып, көптің сүйсініп ішетін сусыны болып келеді. Бие басынан күніне орта есеппен 10-12 литр сүт сауылады; кейбір биелер 15-17 литрге дейін сүт береді. Биелерді 7-8 ай саууға болады, сонда бие басынан 1500-2000 литрге дейін сүт алынады. “Сауын саусаң бие сау, боз қырау түспей суалмас” деген мақал тегін айтылмаған. Жылқының жайылымы мен суаты сапалы болып, күтімі келіссе, бие сауудың биеге де, құлынға да зияны болмайды. Қымызды, сондай-ақ бұзаулар мен құлындар диспепсия ауруына шалдыққанда, құлындардың, балапандар мен тауықтардың ащы ішегінде қабыну белгілері байқалғанда, бұзаулар мен құлындар қан бөлетін гастроэнтеритті ауруға шалдыққанда, ірі қара малдың асқазаны әлсірегенде, торайлардың іш ауруларына, балапандарға А және В витаминдері жетіспегенде, сол сияқты іріңдегенде, күйгенде, сиырлар, биелер мен қойларда кездесетін іріңді вагинит және эндометрит ауруларына, сиырлар мен биелердің іріңді желінсау ауруына және т.б. қолдануға болады. Қазақтар жыл маусымына қарай қымызды уыз қымыз, жазғы қымыз,күзгі, қысқы қымыз деп атаған.
Солардың негізгі түрлері мыналар:
Уыз қымыз – бұл бие сүтінің уыз дәмі таралған кезде ашытылған қоюқымыз;
Сары қымыз – жаз ортасындағы, шөп әбден пісіп, буыны қатқан кездегі қымыз;
Түнемел қымыз – мол қордың үстіне сүт қышқылы арнаулы торсықтасақталып, екі тәулік сапырылған, пісуі жеткен қымыз;
Құнан қымыз – үштәулік бойы ашытылады;
Бал қымыз – бал, қант секілді тәтті қосып жуасытқан қымыз;
Дөнен қымыз – төрт тәулік ашытылады;
Бесті қымыз – бес тәулік ашытқан қымыз;
Асау қымыз – бесті қымыздан да күшті қымыз;
Жуас қымыз–баяу ашыған немесе саумал қосқан қымыз;
Қорабалы қымыз – мол қордың үстіне күн сайын сүт құя отырып,бірнеше күн жинаған қымыз.
Қорытынды
Біз, қазақтар «жылқы мінезді халықпыз» дегенді жиі айтып жатамыз. Ал жылқы – таза, кірпияз, судың тазасын ішіп, шөптің құнарлысын ғана жейтін жануар. Ең бастысы, жылқы өзіне басқаның үстемдік етуіне, тапап-талауына, аяқ асты етуіне жол бермейді. Жылқы – еркіндікті сүйетін, бостандықтың символы. Сондықтан, шын мәнінде, тек сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде де жылқы мінезді қазақ екенімізді паш ете білгенімізге не жетсін, шіркін! Ендеше, жылқы туралы көбірек біліп, көбірек ой түйіп, жылқы шаруашылығын өркендетуге өз үлесімізді қоса білейік!
Пайдаланылған әдебиеттер:
6. Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Мырзалиев Қ. Қызыл кітап. Алматы, Жалпы, 1983.
2. Қ.Бозымов «Жылқы және түйе шаруашылығы»
3. Қ.Дүйсенбаев, З.Сейітов «Төрт түлік»
4. Ә.Хасенов «Қымыз» Алматы «Қайнар» 1968
5. Интернет желісі
Достарыңызбен бөлісу: |